Адай шежіресі
Бастайын сөзді басынан, өлеңге құмар болып ем, Әуеліде жасымнан.
Табылар өлең, ойлансам, Кеуілдің шаттық хошынан. Ата-тектен сөз қозғап,
Нағашы жұртым—Адайдың
Ата-тегін терейін.
Қатесі болса кешірің,
10 Білгенімше, нағашым, Шежірені терейін.
Бөтен емес шығар бұл сөзім, Тегіңді өлеңменен танытқан. Медеткер бол деп тілеймін Жасаған Жаппар Алладан. Адайдың екеу баласы-ай— Келімберді, Құдайке.
Енді Келімберді атаңнан—
Мұғал, Тобыш, Балықшы 20 Ақпан, Құнанарыс, Жеменей. Туылған екен алтауы Келімберді атаңнан.
Атаға тартып ұл туып,
Қалмай келед қатардан.
Әруақты пірлер және де
Әруақты батыр көп шықты, Жауын көрсе, жасанған.
Батырлар да көп шықты Бөрік ал десе, бас алған.
30 Ақындар да көп өтті Ертелі-кеш сайраған. Мырза, сақи көп еді Пақыр, міскін жақтаған. Қайырлы байлар көп өтті, үй тіктіріп оңаша, Қонақ күтіп, жатпаған. Сыпайы мырза тағы өтті лебізі жұмсақ мақтадан.
ұлама, ишан көп өтті,
40 Мешіт салып, ортаға— Шариғат жолын сайраған.
Қайырлы Адай нағашым,
Айшылық алыс жолдарға, Сапарға шығып жол жүрсе, Азық-түлік алмаған. Қонақ келсе үйіне— Көбең қозы соймаған.
Сапырулы сары қымыз,
Сабасын, сірә, жимаған.
50 Адай халқы үлгілі— Зереңін орта құймаған. Азаматы жақсы еді Ішіне алтын сақтаған. Көргенімді айтайын, Асырып, аса мақтаман.
Ақпан деген атаңнан Қаракүшік жалғыз-ды. Қаракүшік баласы
Құты деген болады-ай.
60 өтемей мен Төлемей Құтыдан бұлар туады-ай. Таңатар менен Шуақбай Төлемейден болады-ай. Құнанарыс атаңнан Кімдер өсіп-өнеді?
Әлдеке, Жартыс, Жиенқұл,
Жүнді, Қайтпа, Қаспақбай,
Қайыпназар, Меспенен
Туған екен сегізі—
70 Құнанарыс атаңнан.
Әруақты Шабай, Аманжол— Ер ауылы Адайдың Қожаннан.
Балықшыдан туылған Қошан менен Есберді, Жүйрікпенен үшеуі.
Жұмай, Мәмбет екеуі— Туылған екен Қожаннан. иіннен Қармыс ер шыққан,
Әли мен Бәйімбет,
80 Жаулы, Шоғы—төртеуі Туылған екен Мұғалдан. Ескелді, Жары, Қосқұлақ Туған екен Жаулыдан.
Жаналы мен Төленді
Наурызекпен үшеуі— Қосқұлақтан туылған.
Бәйлепес, Бекет—екеуі Жаналыдан туыпты.
Әруақ қонып Бекетке
90 Заманында өзінің Айтқаны аумай келіпті. Кереметін Бекеттің
Заманындағы адамдар Көзіменен көріпті.
Хиуа, Бұхар қалада,
Медресе, мектепте
Бірнеше жыл оқыған,
Қабыл болып тәубасы, Ғылымы жақсы қоныпты.
100 Бітірген соң мектебін «Қолымдағы асаны Аларсың,—деп,—біреуің», ұстазы кеңес беріпті. Бітірген соң мектебін
«Қолымдағы асаны
Жерінен түскен алың,—деп,—
Білерсіңдер өздерің Қандай екен халық»—деп.
Әуелетіп аспанға
110 лақтырып жіберген, Жүгіріп шығып далаға.
«Қайда кетті аса» деп,
Асаны іздеп таба алмай, Алақ-жұлақ етісіп, Сонда қайран қалыпты. лақтырған пірдің асасы Құдіретімен Алланың ұғланды деген таудың басына, Қайнаған қалың көктасқа 120 Қадалып аса шаншылды.
Әулие Бекет қозғалмай, Айрылып сонда қалады-ай.
ұстазы мұны біледі, Патихасын береді.
—Қолыңды жай, ер Бекет,
Асаның барған жерінен
Болсын,—деп,—сенің тұрағың,— Пірі сонда Бекеттің
Патихасын беріпті.
130 —Асаны, Бекет, аларсың, Асаның тұрған жерінен Мешітіңді саларсың.
рұқсат алып пірінен Тұрыпты Бекет орнынан. оқыған жері—Хиуа Мың шақырым жер еді. ұғланды деген тауымыз Қазақстан жерінде, ұғланды тауында.
140 Мал баққан шаруа жылқышы Қадалып тұрған көктасқа,
Темірден соққан көк аса, Алайын деп асаны олай-бұлай тартады. Шылбырын байлап атының Тақымға салып көріпті.
Ала алмай тұрған асаны «Бар шығар,—деп,—иесі» Жылқышы сонда Қорықты.
150 Сонда дағы жылқышы
«Кім болар мұның есі» деп, Қарауылдап жүріпті.
Төбеден түскен адамдай Көп ұзамай арадан Атаңыз Бекет келіпті.
«Бисміллә» деп қолына Асаны Бекет алады-ай. Көрді мұны жылқышы
Тамаша, қайран қалады-ай.
160 Асаның тұрған жерінен, ұғланды таудың басынан Тастан ойып мешітті Атамыз Бекет салады-ай.
Мешітін салып, орнатып, Адай менен Табынның оқытқан талай баласын. Кереметті пір болып,
Тарыққан талай адамды Атамыз Бекет қолдаған.
170 Кәміл пір болып жалпыға, Әруағы торлады-ай! ұран болып халқына, «Пірдің соңы—Адай Бекет» деп, Атағы елге қалады-ай.
Атанияз, Доснияз, Бәйтелімен үшеуі Бекет атаңнан туыпты.
Белгілі болып халыққа, Атаның жолын қуыпты.
180 Қыдырбай мен Шырақбай— Төлендіден болыпты.
Есекей, Жолай—екеуі Шоғы атаңнан туыпты. Қырықмылтық атанған осы Шоғы болыпты. Махаббаты халыққа
«Қырықмылтық» атанған
Әлі күнге келіпті.
Жолмамбет, Бодан—екеуі 190 Атаңнан Жолай болыпты. Тілеген мен Төлеген, орамал, Шекей, Жарылғап— Жолмамбеттен туылған.
Көтеке, Сарша, Кенжебай— Боданнан бұлар болғаны-ай.
Жылқайдар, Түйеке, Едіге, Қайырбас, Қаржау—бесеуі Кенжебайдың баласы-ай.
Жалмамбеттің және де,
200 Әйелінен соңғы алған, Жеті бала болыпты, Шежіреде осылай,
Кімде-кім көзімен көріпті.
Жайықтан ораз, Бегей болған екен, Әлмамбет осы ораздан болған екен. Табынай, Зорбай, Шоңай, Бәубек, Қожа— Алмамбет атаңнан туған екен.
Есенқұл, Есембетпен бұл—екеуі Баубектен де бұл екеуі болған екен.
210 Бегіден жалғыз бала болған екен, Атағын «Қадірқұл» деп қойған екен. ұзамай Бегей жаудан өліп-қалып, Әйелін оның Шегем алған екен.
Туыпты Шегемнен жалғыз бала Атын «Жаубасар» деп қойған екен.
Сапақ, Саяқ, Тәкімек, Тікенекпен—төртеуі Есекейден болыпты.
Аман, Түгел, Көкетік,
220 Есен менен Қарабас— Жарақаптан туылған.
Айкөшек пен Ханкөшек,
Нұрбауыл мен Бөгежан, Бекбердімен бесеуі Қарабастан болыпты. Майлы, Жайлы, Жамбасар— Атаңнан Есен туыпты.
Жамбасардың баласы— Тұрлығұл болса керек-ті. 230 Қарашым—Жетірудың Тамасы екен, Асылы, Нұрқожаның баласы екен.
Себеппен елден жырақ бөлек кетіп, Адайда Келімбердіге барады екен. Сонан соң өз еліне қосыла алмай, Сіңісіп, Адайларда қалады екен. «Кім болам енді мен» деп бір күндері, Кеңесін Келімбердіге салады екен.
Сөз айтқан Келімберді сонда былай:
—Қарашым, құлағың сал, сөзге мұндай.
240 Шығарсың бізге келген сен бір дәулет, Берейін саған кеңес, шырағым-ай.
Мұғалім қара нар ғой талмайтұғын, Ереді жүгі жолда қалмайтұғын. Ашықса бір мінезі тағы бар еді, өзінің қатесін жалмайтұғын.
Берейін саған ақыл, Қарашым-ай, Қосылдың елге ел боп жарасып-ай. Тобышым қойдан жуас адам еді, Жүре берер, болып қоңсы баласындай.
250 Кеңесім осы менің берген саған, Басқамен не қыласың таласып-ай.
Тобыштың екі баласы—Жайық, Шегем Қосылып, үшеу болды Қарашпенен.
Сіңісіп, араласып кеткеннен соң, Болыпты тумасындай, болмас бөтен.
Қосылып солайынша Қараш бала, Мұндағы Адаймын деп жүре берген. Тарихтың дәлелдеуі осылайша, Түсінед бұған адам есін білген.
260 Атадан Адай, Табын кем тумаған, Ата мен бала, сірә, тең тумаған. Ақылды адамзаттың бір белгісі— Ерегесіп кісіменен сөз қумаған.
Тарихтың қалған сөздер осылайша,
Біле алмас түспей ізге, сөз қумаған. Адайдан ер Қосай мен Бекет шықты Халқына кейіндегі үлгі болған.
Табыннан Барақ пенен Асау, Шықты бұлар да заманында.
270 Құдайкенің баласы:
Тазіке, Қосай болады-ай.
Байбол, Тіней, Бәпимен, Сүйіндік, Бегіт, өтеулі— Қосайдан бұлар болады-ай.
өтебай мен Сәдігей, Қабағаймен үшеуі, Тазікеден болады-ай.
Есембет пен Есенгүл,
Жұлдыз бен Мәмбетқұл—
280 Байболдан бұлар туады-ай. Еміл, Есек, оразақ, Қоңыр, Нұрбай бесеуі— Есенқұлдан болады-ай.
Тоқпанбет пен Тоқтамыс,
Арыстан мен Балтабай,
Елқонды, Бекет, Шалбарың— Мәмбетқұлдан туады-ай.
Жұлдыздан Қадыр болады-ай,
Тоқтабай мен Қилыбай— 290 Қадірден бұлар туады-ай.
Енді Нұрқожадай атаңнан Жеті бала туылған.
Неше алуан ер шықты
Көтеріп белін буынған. Шежіре сөз осындай Келе жатқан бұрыннан.
Аттарын айтып берейін, Тыңдаушы болса, ұғынған.
Кердері екен—біреуі, 300 Әбубәкір бұлбұл осыдан. Қызыл тілге келгенде, өтпеген ешкім тұсынан. Дүние қалып келеді Не жақсының басынан. ой табылар саналы Кеуілдің шаттық хошынан.
Сөйлер сөзге келгенде Алдына жан салмаған.
ұстасқан жері меңдеген, 310 Бетіне ешкім келмеген. Мына ноғай елінде,
Ділпараштың баласы
Қазақай деген ақынмен Айтысқан екен екеуі. өзінше білгіш болғанмен, Ширегіне келе алмай,
Келмеген дұрыс есебі. Талай ақын келсе де, Жеңіліп қайтқан нешеуі.
320 Алты аталы Әлімде,
Назар, Шүрен елінен
Қожа Ахмет молдаңыз—
Әбубәкір молдаға Жеті жұмбақ жолдаған, Тоқтамай шешіп жеңген-ді.
Нұрқожаның балдарын Тегіс айтып берейін. отырған тыңдап, азамат, Көтерілсін мерейің.
330 Айтайын, тағы басқасын, Сөздің тауып жақсысын. Тоқтау бар ма жырауға Келісін сөздің ашқансын. Басыла ма шын жүйрік Еті қызып, шапқан соң. өздерің «сөйле» деген соң, Жыршың неге тоқтасын. Нұрқожаның баласын Жырауың түгел айтып тастасын.
340 рамазан, Тілеу, Кердері, Керейт, Жабалғайлы, Тамамен, Табын екен біреуі. өніп-өсіп өркендеп, Жеті рулы ел болып, Жетіру халқы ел болып. Тыңдаушылар, құлақ сал, Білгенімді сөйлейін. осы Табын халқынан,
Атақты жүйрік емеспін 350 озып жүрген жалпыдан.
Айтайын сөзді Табыннан,
Мен бір жүйрік шабылған, Тыңдаушылар бар шығар, Жыраудың сөзін сағынған. Туылған екен үш бала
Атамыз біздің Табыннан. Аттарын айтып кетейін:
Ағым, Тоғым, Бозымай, Айтайын сөзді созып-ай.
360 Жалықпай тыңда, халайық, Жыраудың айтқан сөзін-ай. Айтайын ата-тегіңді, Көтерілсін кеулің-ай.
Бірінші, Табын Ағымнан—
Алты бала туылған. Біртіндеп айтып берейін, Шежіре сөзі осылай.
Көргенімді айтайын, Не қылайын қосып-ай.
370 Айдар, Данда, Таушан-ай, Қара Мөңке, Текемен, Және біреуі Қожантай. Айтайын білген жерімнен, Шежіре сөзі осылай.
Қысқартып айтып кетейін,
Бұлар бәрі бірігіп,
«Тартулы Табын» атанған, Таңбасы «көсеу» білсеңіз— осыменен тұрсын-ай.
380 Екінші, Табын Тоғымнан— Жаманкерей бай туған. Тыңдасаңыз, әлеумет, Жалықпайын айтудан. Бәйбішеден туғаны, Екі бала болғаны:
Амандәулет, Ақдәулет, Келейін қалмай соңынан. Екінші алған әйелден—
Жылқышы бала туылған.
390 Сәдірбек пен Дауылтай— Ақдәулеттен туылған. Туылған екен бес бала Амандәулет атаңнан, өніп-өсіп өркендеп, Келеді қалмай қатардан. Абыз бенен Жиенбет,
Қожамберді, Бүргемен, Әшебек болып атанған.
Екі бала тағы да
400 Жылқышыдан туылған.
Байғазы мен Сәтік деп,
Аттары жақсы қойылған. Байғазыдан төрт бала:
Ебес пенен Сармантақ, Кедейқұл менен Малғара. Сәтіктен де төрт бала— Маясар, Қаспақ, Екібай, Төртіншісі Жаулыбай— «Сегіз арыс» осылар.
410 Бұларға келіп бірігіп, Туатай да қосылған.
Таңбасы «тарақ» білсеңіз, Бұлар Тарақты Табын атанған. Тағы сөзді бастайын, үшінші бала Бозымнан. Шежіреден табылған, Сөзімді тыңдап, қарашы, Бұларға кімнің таласы-ай.
Тыңдаушы дұрыс болмаса, 420 Кетеді сөздің мазасы-ай.
Туылған екен үш бала Бозым деген атаңнан:
Асан менен Тоқсық, Қайыр қожа. Тыңда, халқым, сөзімді, Мақтамаймын өзімді.
Шежіреде сөздер көп, Айтылып жатыр нешеуі. Бір Алла өзі білмесе, Дүниеге келген адамның 430 Білінбес анық есебі. Көзімен көрген ешкім жоқ, Халықтың білгір көсемі.
Бастайын сөзді Асаннан,
22-83
Белгілі елім қашаннан.
Неше шайқы, пір өтті,
Не арыстан ер өтті,
Қиқу салған дұшпанға Ерлер өтті жасанған.
Батырлар да көп өтті
440 Жауын көрсе қасарған. Асан—біздің атамыз, Екі әйел алыпты. Бірінші алған әйелден Екі бала болыпты:
Әжімбет пен Аталық, Жолымбет тағы болыпты.
Күскентайдан тағы да Екі бала болған-ай, Кеуліңе болсын орнықты.
450 Елкелді мен Қожасейіт Атын жақсы қойыпты.
Қожасейіттен туылған, Нүрке менен Төлей-ді өніп-өсіп атадан, Тұқым жайып көбейді.
Есіткендер сөзімді Менікін бөтен демейді. Нүрке деген атаңнан Төрт бала тағы дөрейді.
460 Аты Сартай, Сазан-ды,
Сазан палау етем деп,
Жабылып талап қазанды. Ендігі қалған екеуі— Тәуше менен Көкше еді. Енді Төлейден туған Бөлек-ті, Бөлектен туған үш бала: өтей, Мерген, Жанқара. осылардың ішінен Ер Барақтың жолдасы 470 Бармақ батыр шықты деректі.
Елгелдіден туылған Асан менен Сөкей-ді, Бұтақ жайып көбейді.
Енді Кішкентайдан туылған
Әлібай мен Толыбай, Бұтақтатып бұларды Айтайын, халқым, тағыда-ай. Толыбайдан туыпты Мұрат пенен өтеміс, Сағырменен үшеуі,
480 Айтылған сөз осылай, Жазылған екен есебі. Бұларды жазған кім десең, өкімұлы Тәждәулет— өтіп кеткен кешегі. Мұрат деген атамыз үш некелі болыпты.
Бірінші алған әйелден: Ақбай менен Сарыбай.
Ақбайдан туған кім десең,
490 Алшынбай менен Жиенбай—
Екі бала болыпты. Екінші алған әйелден Тоқамерген туыпты.
Тоқамерген баласы: Мүсіреп пенен Боқан-ды. үшінші алған әйелден: үйсінбай менен Қамбар-ай, Шежіре сөзі осылай, Құлағың сал, шалдар-ай, 500 үйренем деген балдар-ай.
Ескертіп, айтып кетейін,
Айтылмай қалған кім бар-ай?!
Боқаннан Тоқа туыпты, Тоқадан туған Мыңжасар. Мыңжасардан үш бала— Баспай менен Қарашбай, Қасбай тағы туыпты.
Баспайдан туған кім десең,
Білдірейін, білмесең,
510 Құлымбет пен Жолымбет.
Білмесең ата-тегіңді, осы арадан танып өт. Қараш бай деген атаңыз Екі әйел алыпты.
Әуелгі алған әйелден: Құлтай, Жолай, Қошнияз, Екінші алған әйелден: Қадірқожа, Нұрқожа.
Барлығын қосып айтқанда 520 Бес баласы болыпты. өркендеп өсіп, көбейіп, Қысқартып айтып келгенде, Бір қауым халық болыпты.
өтеміс деген кім десең,
Нанбайсың ғой, әлеумет, Дәлелін айтып бермесем. отырады екен сырт беріп, Жан қарамай адамға.
өйтіп айтқан жақпайды,
530 Қанша айтқанмен жаманға. Болмаса да теріс мінезі— Сол себепті атанып, өтеміс аты қойылып, «Желке» болып келеді. Желкеден туған Көлбай-ды, Сөйлер сөзім ыңғайлы.
Есіткендер сөзімді
Аяқасты қылмайды.
Қолбайдың екі баласы-ай, 540 ырысымбет пен Төлес-ті. Екі жақсы бас қосса, ойласып істер кеңесті. Екі жаман бас қосса, Салады екен төбелесті. ырысымбеттен туылған Қойлыбай, Теке, Мамағың өніп-өсіп өркендеп, оңғарған Алла талабын. Бір Алласы жар болып,
550 Құтты қылған қадамын. осы Желке халқынан ұлама, ишан көп шыққан. Қадірлі болған халқына, Қадірлі ерлер көп болған. Бір туса да атадан Ақыл, ой тең болмаған. Жаман болса жақының
Дұшпанға қолдан ар кетер, Сенімен бірге болмаған.
560 Сағыр деген бұл адам Желкенің бұл да інісі.
Себеппенен айрылып,
Қоңырға барып қосылып, Бөлектенген жүрісі.
Шежіреде осылай Әңгіменің дұрысы.
Білсеңіздер айтыңдар, Бола қойса егерде Әңгімемнің бұрысы.
570 Төрт жалпақ тіл болғанда, Бір бөлімі осы екен Әңгіменің желісі.
Тағы да айтып өтейін, Әлібайдың балдарын. Талапты болсаң, азамат, Сөз жүйесін аңғарғын. Әлімбет пенен Келімбет— Бәйбішеден туыпты.
Екінші мынау әйелден 580 Тоқымбет бала болыпты.
Әлімбеттей атаңыз Екі әйел алғаны, Бақытты болып балдары. Бірінші бәйбішеден олжасы, Сөкей-ді. Екінші әйелден
Айтқұл, Дәулет болыпты.
Тұқымынан бұлардың Бесарық деген бір бала 590 Дүниеге келіпті. Сексен деген атамыз
Сұлтан деген баласын Хиуа деген қалаға
Медресеге беріпті.
Бірнеше жыл оқыған Бақытты болған жан екен, Ғылымы жақсы қоныпты. Зердесінен қайнар ашылып, Білімге бай болыпты.
600 Жақсы көріп ұстазы:
—ұстайсың,—депті,—ғылым нұсқаны.
Қожияз деген кісі екен: —Бақытты бол, балам, деп, рұқсат бердім саған, деп, Еліңе аман бар, деді,
Мешітіңді сал,—деді.
Көлденең таудың үстіне,
Ащыбұлақ жерінен,
Сұлтан ақын сонан соң,
610 Мешіт салынып болған соң, Адай менен Табынның оқытқан екен баласын. Халық үшін туған кісі екен, Көрген адам нанасың.
Баласын елдің оқытып,
Білім берген талайға,
Шығарды шәкірт данасын. Жолым ақын, Бексұлтан— Қосайдар қарттың баласы.
620 Сағын ақын және де Нұрбаулы, Әбу Танаумен— оқыған екен Адайдан. Дін шариғат жолымен Айырған ақ пен қарасын. Не қыламын бұрмалап, Сөйлейін сөздің сарасын. Ажал құрық салған күн Бәрің қалмай, барасың.
Талай кезіп жырладым, 630 Мен халқымның арасын.
Алуан-алуан жүйріктің Көрдім байқап шамасын.
Сұлтан ақынға оқыған— Жантай ұлы ақын, от ақын.
Азайып жүргенге ұқсайды Бірге оқыған қатарың. Дәулетбай, Абыт екеуі— Демесіннің баласы.
иманғали—үшеуі,
640 Дүниеге келген адамның Біліне ме есебі.
Сөзім пұлға жарасса, Ер жігітті кемітпес Дұшпанның сыртта өсегі.
Төрт жалпақ тіл болғанда,
Бес арық оқшы болғанда,
Екеуі бір жалпақ тіл саналған, Бұған бар ма таласың.
Ал енді Келімбет атамыз,
650 Екі әйел алғанда,
Бірінші алған әйелден Құлман мен Қошқар болады. Қошқардың екеу баласы-ай— Мәмбет пенен Бораншы. Атамыз Құлман және де Екі әйел алған-ай.
Бірінші алған әйелден Жантеке менен Малай-ды.
Екінші алған әйелден
660 Сөкей менен Жаңбыршы, Жауар атам болыпты. өнген-өскен өркендеп Құлман атам балдары.
Заманында өзінің
Билерім өтті кемеңгер, Бетіне ешкім келмеген, ұстасқан жерін меңдеген, Екі талай болғанда Дұшпанға теңдік бермеген.
670 Малайдағы атам Төлеміс— Ердәулет батыр жиені.
Жауар атамнан Тәждәулет— Құлашын кеңінен сермеген, Намысын қолдан бермеген.
Сол адамдар тұсында Елдің аузы бір болған.
Айта берсем, азамат,
Ата-текті танытқан,
Кіммен кімнің туысы 680 Шежіре өлең жыр болған. Төрт жалпақ тіл болғанда, Біздер—оның Құлманы, Басына бақыт қонғаны. Қызмет етсе халқына, Ақынның болмас арманы.
Сөкейден Бигел туған-ай, Бигел—біздің бабамыз, Екі әйел алған-ай.
үлкенінен туылған:
690 Бесімбай, Шақа, Құланбай. Екінші алған әйелден: орман менен Арқабай, Мен—Бигелдің Шақасы, Қабыл болған батасы. ордабай мен орынбай, Ең кенжесі—Марашық. ордабайдан туылған: Алакөз қажы, Тауданбай, Ауыл болған аудандай.
700 ордабай атам кенжесі Боранбай «Бояу мырза» атанған. Боранбай ұлы Қылыш-ты.
Мен Қылыш ұлы Қартбай-ды, 704 Халыққа сөзін сатпайды.