Адайлар жайында

Адайлар жайында
Аямай білгенімді ағайыннан, Баяндап сөз желісін ыңғайынан.
Мәнісін «Сауран асу» айтып өттім, Білдіріп» сол бір заман жағдайынан. Қазағым енді маған өкпе қылмас, Аталмай біз қалдық деп сондайынан. Білсеңіз, ерді де айттым, биді де айттым, Қалдырмай сөз реті қандайынан.
Айыпқа енді мені бұйырмассың, 10 Бастасам, бір азырақ өз жайымнан. Кіш жүз үш алаштың бірі болып, Байұлы, сегіз арыс Адайымнан. Баласы Байқожаның атам Елтай, Туылған Адай едік анамыздан.
Анадан айға жетпей жетім қалдық, Тас түссе, көрмек деген талайынан. Баласын көрмей кетті Елтай бабам, Асығыс ажал келіп Құдайынан.
Моншақты, Таз-Адайды бір емізіп, 20 Сипапты жас сәбиді маңдайынан.
Таласып Тазбен бірге емшек еміп, «Таз-Адай» атаныпты сондайынан.
Болғанда сегіз ауыл, сегіз арыс, Құдайке Келімберді баласы екен.
Немере сегіз бірдей арасында
Ер Қосай ұлағатты ағасы екен. Көшкенде елін Қосай бастайды екен, Айтқанын інілері қостайды екен.
«Тәйт» десе тентектері сөзін сыйлап, 30 Құрығын қолындағы тастайды екен.

Ер Қосай ақыл айтты Құнанөріс, Ақпанына, Тобыш пен Мұңалды алып қапталына. үлкен үй—Мұңалдағы үлкен келін, Сапырып сары қымыз Мақпалына. Тәзіке, Шыбынтай мен Әлниязы, ол кезде бәрі де ортақ тапқанына. Мұңалдың кіші әйелі Тоқбикесі,
Бұрынғы шалдар айтқан әңгіме екен, Болса да азын-аулақ бар қатесі.
40 Тоқбике құрмет қылып ел ағасын, Толтырып табақ толы сыбағасын,
Жас сәби Бәйімбет пен Шоғы, Жаулы, Әдейі ертіп келіп үш баласын, иіліп тізе бүгіп, қолын жайып, Қосайдың алған екен ақ батасын.
Батасы шалдың берген қабыл болып, үш бала өсіп-өніп ауыл болып. Байқасаң, пір де өзінде, би де өзінде— Бәйімбет, Шоғы мен Жаулы болып.
50 Қашаннан қара шаңырақ—Мұңал аулы Бәйімбет, Әли менен Адайына.
Көп жанның құштарлықпен көңілі ауды, Ер Жанақ, Сармыс пенен Амантұр-ды, Қайтарған Досан батыр талай жауды. Бәйімбет, Жары, Мәтжан, Тілегені Бәсеке бітірді ғой талай дауды.
өзгеріп, ауысса да заман талай, Әдетті ұмытқан жоқ біздің Адай.
үлкен үй, қара шаңырақ Мұңал болып, 60 Келеді аға орнында әлі Қосай.
Ер Қосай әруақты атаңыздан, Ер Бекет жарылқаушы батаңыздан.
Жар болып, Жаппар Алла шапағаты, Жақсылар шығып еді-ау ортаңыздан.
Ту ұстап, Әмір Темір атқа мініп,
Шыққанда Атағазы жұртымыздан.
Аңдысқан ағайынның қыры сынып,
Көз салмай кетіп еді-ау сыртымыздан.
Сейілхан «сегіз арыс» Маңғыстауда, 70 Сескеніп жерін берді даңқымыздан.
Айтқанда ерлерімді бұрын өткен, Ерлігі аңыз болып бізге жеткен. Ішінде алты Қосай, Есек, Мерген— Бойына ерлік қасиет туа біткен.
Алысып айдалада ту тайлақпен, Жабысып жезтырнаққа жүрек еткен. Арыстан айбатындай Атағазы, Бауыздап, Құттық Сейіт қанын төккен.
Інісі иман, Намаз шаршы топта 80 Арқалап атан, нарды бәсеке еткен. Ер Шабай әруақты батырыңыз Айқасып, ол бәрімен жаулық еткен. Есембет—мерген шалың Маңғыстауда, Айтысып әйелдермен дерек еткен. өзі жоқ, соңғыларға аты қалды, Баянсыз жалған еді, дүние неткен?!
Жас балдар, шыдасаңыз, тыныш отыр, Бұл өзі кітап емес, ашып оқыр.
Айтайын аты шыққан ерлеріңді, 90 Әңгіме сол бағыттан толып отыр.
Қалмақтан Мерует сұлу—қыз әкеліп, оралды олжалаған Қармыс батыр.
Шыдамай, сексен жаста жауға шауып, Шейіт боп Қыземшекте Қармыс жатыр. Дұшпанға ар жібермей қуа тиіп, Қармыстың кегін алған Төлеп батыр. Болса да, Балуанияз жауда жазым, Адайдан құтылған жоқ Бөрі батыр.
Айқайы ата жауын сескендірген, 100 Бір төбе Сертін—қара нарым жатыр.
Маңғыстау—үш түбектің саласында, Батырлар айқас қылған орын жатыр. Бұл күнде газ-мұнайлы Маңғыстауым, Төрт түлік өріс толы, малым жатыр. Ауысып, талай заман өзгерсе де, Саураннан сырт айналған жолым жатыр. Көк Аса Бақырғаннан түскен жері, ұғланды үшбасында шалым жатыр.
Абдулла, Алдиярмен Қайырша—Бекен, 110 Хазірет, ахун, ишан толып жатыр. Жар болып, ата-баба әруағы— Тілегі біздің елдің болып жатыр. рухы ырза болсын, өлі әруақ— Айтылмай талай шалдар қалып жатыр.
Баласы Қадырқұлдың Қозыбағым, Қалмаққа қарсы шауып болды жазым. Тастамай ағасының ақ денесін, өңгеріп, алып шыққан—ер Жанағым. Дұшпанын даңқыменен сескендірген, 120 Жылқыайдар, рақ, Төкен, Құл Барағым. Қарсылас, қастасына зәрін төгіп,
Сейітті байлап алған ер лабағым. Белгілі Балуанияз, Тұрмағамбет, Көтібар, Амантұрды, Қожалағым.
Тартынбай Шорбазардың ортасында, Ханды атқан Бердәулет пен Жоламаным.
Сөз қылсам, толып жатыр батырларым, Бәрі де бөтен емес жақындарым.
Ерлерді жауға мақтап шаптырыпты, 130 Қалнияз Шалбардағы ақындарың. Құдайке, Келімберді, Құралдарың Ту ұстап, Асар сопы тұрады екен,
Шақырып, қалың Адай жақындарын. Халқының көктасына қолы жетіп, Меккеде қалған екен со шалдарың. Дүниеден солай өткен бабаларың— осыны білемісің, о, балдарым?!
Жиылып, құрал болған көп Адайым, Әлі де өткендерге ой салайын.
140 Елімде батыр да көп, ақын да көп— осындай жиналғанда еске алайын. үркіткен дабылымен қас дұшпанын, Қарақой, Қаракүшік, Қонысбайым.
Ту ұстап, өмір, Темір жүрген кезде, Қырсықсыз қылған екен ат маңдайын. Патшаға бағынбаған Досан батыр, Басында Сардартөбе тұр Мыңбайым. Бердібек, Сарғозы мен Есен, Сүгір, Қалайша, біле тұра сөз қылмайын.
150 Күресіп бәйге алмаған жерім бар ма,
Барында Әли, Балта, Түрікменбайым Ақ киік көздеп атқан құралайын.
Еске алып, шейіт кеткен ерлерімді, Көңілдің қайғы мұңын шығарайын. Билікте Байымбет пен Қалдыбайым орынды тауып айтқан сөз ыңғайын.
Белгілі Сейтімбет пен Қылыш, Құдас, Нұрберген, Айладыр мен Медетбайым.
Әтембек, Сәтей, Сағын, жарты Мәтжан, 160 Тілеген, Батанияз, Айдарбайым. Және де Досжан, Шолақ Құлшекенмен, Қаржаубай, Қалмағамбет, орынбайым. Солардың осы күнде орнын басқан
Халқымның мақтанышы—қарт ыбырайым.
Көңілінде адамдығы, ақындығы— Білмес пе көп халайық оның жайын. Және де Маңғыстауда Шоңай, Алшын, Шежіре айтып өтті сол жағдайын.
Бірақ та көп пайымдап біле алмадым, 170 Төменгі ел кешірерсің оны, ағайын. Елімде шешен де көп, билер де көп, Дегендей бәрін айтып не қылайын. Кешегі Тобанияз, Сыдықты, Білесің, айтпасам да оны, Адайым. орман, Жалау менен Дауыл, Бекен, ұмытпай Әтекеңді еске алайын. Атақты Абыл күйші, Есірменен Және де Зәкария, өскенбайым.
Есіме Есманбет сөзі түссе,
180 Дариядай толқын ұрған тасқындаймын. Кенже, Қабақ пен Шалбар, Достан, Айтылмай кімің қалды енді, Адайым?! Байлықта Мұқат, Тілен, оңайбайым, Саназар, омар, Мәтек, Қойлыбайым.
Бурабек, Сауытбек пен Матай, Шанақ, Шам, Талпақ, Әли, Тауан, өткелбайым. Халық үшін кәдеге асса, бір белгі боп, Дәріптеп, несін оның сөз қылайын.
Айтулы Абыл, Нұрым, өгізбайым, 190 Қалнияз, Қалым менен Егізбайым.
Солардың толғау сөзі еске түссе,
Тұлпардай дуды көрген тұра алмаймын. Кенже, Ақпан, Қашаған мен Қарасайым Және де Қартан, Қожай, Әмірбайым.
Әйгілі Мұрын жырау, Мағзам, Сәтей, Сәттіғұл, Шамғұн, Сүгір, ұзақбайым.
Артында ұмытылмас жыры қалды— Жас балдар жырлап бәрін қызықтайтын. Мұсаның «Едіге» мен «Қобыландысы», 200 Жұрт тыңдап, ұзақ таңда жалықпайтын.
Жар болсын, ата-баба әруағы, Көңіліме сөз оралды шарықтайтын.
Қалнияз, Қашаған ғой, менің бабам!
Алшында айтқыш еді-ау қорықпайтын. Жиналған, аға-жеңге, оңды-солды, Түсініп, тыңдасаңдар сөздің тұлын. Білдіріп ата даңқын соңғыларға, Жалғасам одан әрі жырдың соңын.
Қасында Жантөренің сырлас болған, 210 Тәзіке, Жұмағанбет, Жұмағұлым. Және де Қожатілеу, Нұрмұқаным, Кем емес қатарынан, осы шалым.
Бұрынғы батырлардың жалғасы еді, Дұшпанын көрсе қияр алмас еді. Айбынды Қара, Жалғас, Аманжаным, Айтулы Бармақ пенен Түбірғұлым. Кезінде кем болған жоқ, білсеңіздер, Белгілі Бармағамбет, Қарауылым. Бойында қайраты да, айбаты да, 220 Қатепті Дүйсен еді-ау қара нарым! Қос арыс Қызыл менен Бейсенғали Жарасады айтуыма қолда барым. ортамда орны жатыр, өздері жоқ— Пәниден бақи көшкен ағаларым. Еске алып торқалы той-жиындарда, Азырақ көңілімнен сөз арнадым.
Аралас Әлім, Табын ағайындар, Түбің бір, туысқаным талайың бар.
үш Алшын, игі қазақ бөтен емес, 230 Бәріне ортақ еді өткен шалдар. Аңыз боп аты қалды, өздері жоқ— о дүние сапарына кеткен шалдар. Аға өлсе, іні болып мұрагері, олардың орнын басқан соңғы балдар. Балдарым, үйреніңдер, жыр тыңдаңдар, Ардақтап ата жолын ұмытпаңдар. Бәрі де бұрынғы өткен бабаларың, Айтылып осы тұста сөз болғандар.
Әуелі үш қазақтан бастағанмын, 240 Айтты деп өз атасын сөз қылмаңдар. Сіздерде өзбек, қырғыз және түрікмен, Бауырлас қарақалпақ туысқандар. Тілегім жасай берің, жайнай берің, Астында ленин туы табысқандар.
Әлі де талай түрлі заман болар, Жетісіп жас ұрпақтар адам болар. ұлы отан шекарасын жауға бермес
Ағасы Бауыржандай батыр болар.
Жырлаған партия ісін, ленин жолын 250 Атасы қарт Жамбылдай ақын болар. Партия бастаушысы қызу еңбек, Кең дала шабытпенен жырға толар.
Жырға қос, өз еліңді, өз жеріңді,
Қызықты шаттық толы өміріңді. Шүкірлік ақын да көп, жыршы да көп, Жырлаған ұлы жеңіс дәуіріңді.
Бүгінде Жақсылығың есен болса, Жоқтатпас Сәттіғұл мен Сүгіріңді.
Кенже, Ақпан, Қашаған мен Нұрым болып, 260 Тарқатар талай жиын-дүбіріңді.
Байұлы Шеркешімде Жасжаным бар,
23-83
Жырымен шаттандырған көңіліңді. Жас бала Таған шықты Тәзікеден, Атқарар, халқым, сенің сеніміңді!
Қаумалап, сөз тыңдаған, аға-іні, Болса да ішінара сөздің міні.
Көбісі, көне әңгіме бағдарынан, Шамадан шалғай кетсем, сөкпе мені. өмірзақ—мұны жазған, білмесеңдер, осымен аяқталсын сөзім енді. Мен өзім ақын да емен, жыршы да емен, Әңгіме өлең қылдым естігеннен.
Шалдарды аз да болса атап өттім, 274 Ағайын, ырза болың осыменен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *