Абылай, Әбілмансұр (1711-1781)—аса көрнекті мемлекет қайраткері, қолбасшы, дипломат, қазақ халқының ханы. Азан шақырып қойған аты—Әбілмансұр. Сабалақ—Төле бидің қойған есімі. Жауға «Абылайлап» шапқандықтан Абылай атанған. Арғы тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы ханнан тарайды. 1771 жылы Түркістан қаласында хан болып сайланады. Ел тұтастығы үшін аянбай күрес жүргізіп, сыртқы басқыншыларға қарсы табанды түрде тойтарыс беріп отырады. Шет елдермен (ресей, Жоңғария, Қытай) дипломатиялық қарым-қатынас орнатуға тырысады. өмір жолы ат үстінде жорықтарда өткізіп, Арыс жағасында қайтыс болады. Сүйегі Түркістан қаласындағы атақты Қожа Ахмет иасауи кесенесінің ішінде Қабырхана мен Ақсарай арасындағы дәлізде жерленген.