Қаңылы;Қожақ батыр (т.ө.ж белгісіз)

Қаңылы  Қожақ батыр (т.ө.ж белгісіз)

 

Ең ұлы жақсылықтар мен жеңістер, атамекенге  деген сүйіспеншіліктің арқасында жасалады.

 

  Ж.Руссо

 

Қожақ батыр туралы материалдар тіпті жоқтың қасы, бір — екі тарихи кітапта аты аталғаны болмаса оның ерлігі және қай жылы туылып, қай кезде қайтыс болғандығы туралы мәліметтер жоқ. Қожақ батыр туралы білетініміз аз. Алайда, біз Қожақ батыр туралы шағын материалды Әбдуәли Қайдардың «Қаңлы» тарихи шежіре кітабынан кездестірдік. Онда былай жазылған:

«Қожақ батыр — XVII ғасырда өмір сүрген қаңлы батырларының бірі. Ел жадында сақталған естеліктерде: Есім ханның ұлы – Жәңгір хан кезінде қазақ даласына қалмақтар қаптай бастайды. Оған қарсы ұйымдасқан Қарасай батыр бастаған қалың қолдың құрамындағы батырлардың бірі — қаңлы Қожақ батыр да болады. Тағы бір аңызда, жоңғар қолын Қошқарата өңіріндегі Арқарлыдан Аңырақайға дейін қуған жорықта ерлік көрсеткен Қожақ батыр Алтынемел тауының етегінде қайтыс болған» (Ә.Қайдар Қаңлы «Дайк-Пресс» 2004 3756) Оның ұрпақтарының аузында:

«Сұрасаң арғы атамды –  Қожақ батыр,    

Ішінде   ақ   шатырдың   ұйықтап   жатыр…»   —   деп басталатын дастаны бар екендігі айтылады.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *