Сөз таптары. Зат есім. Көмекші есімдер.
Тілдегі сөздің мағына жағынан, атқартын қызмет жағынан түрлігі. Ғылымда сөз атауының үш үлкен топқа бөлуі: 1) атауыш сөздер; 2) көмекші сөздер; 3) одағай сөздер. Атауыш сөздердің негізгі белгілері (мағынасы, түрлену мүмкіндігі, сөйлемдегі қызметі, дербестігі). Көмекші сөздердің грамматикалық дамудың нәтижесінде қазіргі қалыпқа жеткен, лексикалық мағынасынан айырылғаны, грамматикалық мағынаға көшкені, соның арқасында дербес сөзге тіркесіп, оған үстеме мағына қосатын нұсқа қызметінде қолданлуы, дербес сөздер сияқты сөйлемде өзінше қызмет атқармауы. Көмекші сөздердің өзара ерекшелігі соған байланысты бірнеше түрге бөлінуі, көмекші сөздердің түрлері. Одағай сөздердің адамның көңіл-күйін, түрлі сезімін білдіретіндігі. Одағай сөздердің ақиқат өмірдегі зат, құбылыс, оның түрлі белгілерін, қимыл-әрекет білдірмейтіні, сондықтан да оның сөйлемедгі ойды білдіретін сөздердің қатарында қолданылмай, сөйлемнен оқшау қолданылатыны.
Бұл үлкен үш сөздер тобының іштей ерекшелікке толықтылығы және әрқайсысының лексика-грамматикалық сипатының да сан алуандығы. Тілдегі сөздердің лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне қарай ғылымда олардың сөз таптарына бөлінетіндігі. Сөздерді сөз таптарына бөлу олардың ұқсастығы мен ерекшеліктерін білдіретін белгілері негізінде жасалатыны. Қазақ тілінде А.Ысқақов анықтаған сөздерді топтастыру принциптері: лексикалық (семантикалық), грамматикалық(морфологиялық, синтаксистік) деп үш белгі ретінде аталатыны. Бұл үш принциптің ішкі мазмұны.
Сөз таптарының бәрі бірдей бұл үш белгіге сай келе бермейтіні. Олардың ішінде грамматикалық категориялары жоқ, түрленбейтін сөз тапары болатыны. Одағай түрленбейді, сөйлемде синатксистік қызмет атқармайды, үстеу мен еліктеу сөздер түрленбейді, бірақ сөйлем мүшесі қызметін атқарады. Қазақ тілінде негізгі сөз таптары: Зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, еліктеу сөздер, шылау, одағай.
Зат есімнің өте ірі, негізгі сөз таптарына жататын, ол тілдегі сөздердің қомақты тобын қамтумен бірге, грамматикалық құрылысы жағынан да, синтаксистік қызметі жағынан да өте күрделі сөз табы екені. Зат есім өмірдегі адамды қоршаған заттардың, заттық ұғымдардың, түрлі құбылыстардың, уақиғалардың атын білдіретін сөз табы екендігі. Зат есімнің мағыналық сипаты. Зат есімнің мағыналық жағынан сыр-сипатының молдығв. Деректі, дерексіз мағныалы зат есімдер, олардың арнайы көрсеткіш арқылы жасалатын қалыптасқан тұрақты үлгісі жоқтығы. Бұл мағыналардың сөздің лексикалық мағынасымен бірге берілетін мағына екені. Бірақ зат есім жасаушы кейбір жұрнақтардың көбіне дерексіз мағыналы зат есім жасайтындардың бары.
Зат есімнің жалпы, жалқы мағынасы. Ол мағынаның лексикалық мағынаға қатысы. Жалпы мағыналы зат есімдер, оның өзіндік ерекшелігі. Зат есімнің жалқы мағынасы, оның ішкі топтары, олардың өзіндік ерекшеліктері.
Қазақ тілінде зат есімдерді кім? не? сұрақтарына жауап беруіне байланысты үлкен екі топқа бөлінуі. Кім? сұрағына жауап беретін зат есімдердің ішкі мағыналық топтары. Не? сұрағына жауап беретін зат есімдердің ішкі мағыналық екі табы: 1) жанды заттардың атаулары; 2) жансыз заттардың атаулары.
Зат есім атаулының лексикалық мағынада, дербес сөз ретінде қолданылатын негізгі тобымен бірге, осындай дербес сөздерге тіркесіп қолданылатын сөз табы бары. Мұндай сөздерге көмекші сөздер жататын. Көмекші сөздердің мағынасы, оның жалпылығы, толық мағыналы сөздерге тіркесе қолданылып, оған мағына үстеуші тілдік нұсқалардың қызметін атқаруы. Тілдегі белгілі қосымшалардың көмекші есімдерді дербес сөзбен тіркесетін қызметті атқаратыны, оның тұрақтылығы. Қосымшалардың көмекші есімнің дербес сөзге тіркесе қолданылу қызметінің тұрақтылығына, әбден қалыптасқанына байланыстылығы.
Көмекші есімдердің ішкі мағыналық құрамы оның тіркесетін дербес сөздің мағынасына байланыстылығы. (үйдің іші). Көмекші есімдердің мағынасының зат есімге қатысы, зат есім мағынасына байланыстылығы. Көмекші есімдердің түрлену қабілеті, ол арқылы шылаулардан ерекшеленетіні. Көмекші есімдердің зат есімдерше түрленуі, зат есім категорияларының қосымшалармен түрленуі. Көмекші есімдердің түп төркіні туралы ғалымдардың пікірі. Көмекші есімдердің қолданыста кейде дербес сөзсіз жеке тұруының кездесетіні, оның себебі: 1) үстіне кигені; 2) сыртта тұр; 3) үсті-үстіне келіп жатыр; 4) сырттағы адам. Бұлардың өзіндік ерекшеліктері, көмекші есімге жататыны, көмекші есімге жатпайтындары, себебі.