Сеңкібай Оразғұлұлы

Сеңкібай Оразғұлұлы
(1709-1786)

Сеңкібай батыр 1709 жылы қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында туып, 1786 жылы Шет ауданының Қызылту жайлауында сексеннен асқан жасында қайтыс болған. Руы- қарашор.
Қалың ел Арғын тайпасының ХVІІ жəне ХVІІІ ғасырларда «Ақтабан шұбырынды, Алакөл сұламаға» дейін Сыр бойында көшіп –қонып жүргені тарихи ақиқат. Сол
Арғыннан тараған Қаракесек руына жататын Қожас батыр
Əнет бабаның адалдығы, əділеттілігі үшін жақсы көретін өте
бір сыйласымды замандасы болған. Осы тұстағы құба қалмақ шабуылы кезінде Қожас елін қорғауда ерен ерліктер көрсетіп, ерекше көзге түседі. Оның жаудан тайсалмас батылдығына, қайсарлығына риза болған Тобықты руының əрі иісі қазақ халқының қадірменді биі, ақылгөй Əнет баба өзінің кіші қызы Тоқта сұлуды Қожас батырға қосады.
Қожастың сол Тоқта сұлу əйелінен Құлбас, Бектас eciмді перзенттер дүниеге келеді. Бектас та жасынан өжет болып, ел намысын корғауға ат салысады. Халық арасында Жаксы қара атанған Қожас батырдың ұpпaғы Бектастан: Мойнақ, Бөргөз, Opaзғұл eciді балалар тyғaн. Мойнак жасынан ел арасындағы даушарларды шешуге араласып, би атанады. Ал Бөргөз жас күннен қару ұстап, қалмақтарға карсы талай рет шайқастарға қатысады.
Қара шаңырақ иесі Оразғұл ел ішінде адамгершілігі, қайырымдылығы мол, парасатты дəулет иeci болған. Оразғұлды халык қадірлеп Ожаң деп атап кеткен, Қазіргi ұрпағы да Ожан, балалары делінеді. Ол — ұзак жасаған адам; Оразғұл жасы ұлғайып қaлғaн кезде үйленген үшінші əйелі—қарақалпақ қызы.
Оның бəйібшесінен — Сеңкібай, Aқкici, Желтау, Найза, Акжол,Балта, Қылыш, Жолдыбай eciмді ceгiз ұл туған. Coлардың ең үлкені, төл басы—Сенкібай. Екінші əйелі Сырымбикеден— Шой, Койсары, Тайсары, үшінші əйелінен—Сасықбай, Далбату деп аталатын Қара ұрпақтары тарайды. Ал көп ұлдың 6ipi Тайсары болса ел арасында Атам аулы атанған. Өйткені, Opaзғұл осы Тайсарының қолында кайтыс 6oлған. Ол қазіргi Қарқаралы ауданынын, «Бейбітшілік» совхозынын, жеріндегі «Оразғұл басы» деп аталатын кең, өлкеде тас бейітте жерленген. Ел аузындағы аңызға қарағанда мұнда оның мəіті аманат ретінде қойылған. Ожанның мүрдесі Түркістандағы Қожа Ахмет Иассуидің мазарына жеткізілуі тиіс болған. Бірақ, сол тұста жонғарлардың үсті-үстіне жасаған шақпыншылығы салдарынан елбасына туған аума-төкпе ауыр заман сол өсиетті жүзеге асыруға мүмкіндік бермеген…
1726 жылы Бөгенбай батыр 10 мың қолмен Алакөл шайқасына бара жатқанда жолшыбай Қарқаралының Жарлы өзенінің бойына тоқтап, əскерін демалдырып, жүздіктерге, мыңдықтарға, бөліп, əртүрлі ұрыс тəсілдерінен жаттығулар жасатады. Ол сол маңда «Қожас батырдың ауылы жайлап отыр» дегенді ecтіп, əкесінің жақын досына сəлем берейін жəне одан бата алайын деп арнайы іздеп барады. Бұл тұста Қожас сек-сеннен асса да əлі тың, ширақ екен. Атағы жер жарған арыстандай айбарлы Бөгенбай батырдың əдейі сəлем бергелі келгеніне көңілі таси риза болып, оны үлкен қошаметпен қарсы алады. Қожас дəулеті мол баласы Opaзғұлға бірнеше арнайы үй тiктіріп, Бөгенбай батырға ерекше сый көрсетеді. Əcipece Ожаңның үлкен баласы Сеңкібай қонақты күтуде асқан ілтипат жасайды.
Бөгенбай жас Сенкібайдың көрсет-кен құрметіне шексіз риза болады.
Қожас осы жолы Бөгенбай батырға шөбересі Сеңкібайдан зор үміт күтетінін айтады. Сеңкібай қарт атасы Қожас батырдың тəрбиесінде болып, жас күжнен садақ тартып, найза сілтеуді, жекпе-жекке шығуды машықтанады. Ат құлағында ойнап өседі. Ержүрек, орақ тілді ол тіпті он бес жасында ауыл арасындағы, ағайын ішіндегі реніш пен қуаныштарға ортақ болып, даулы мəселелерге өз пікірін білдіре бастаған екен. Сеңкібайдың əділдігі, ақыл парасатының тұлғаланып келе жатқандығы ерте сезіледі. Бөгенбай батыр жорыққа аттанарда:—Қаракесекте қара көп қой, Қожас батырдың, ұрпағы бүдан былай «Жақсы қара» деп аталсын деген бата береді. Бұл кезде ел билігіне етене араласып жүрген Мойнақ би Бөгенбайға оң сапар тілей отырып: — Осы жорыққа Сеңкібай да сіздің қасыңызға еріп, əскерлеріңізбен бірге аттансам екен деп тіленіп отыр. Қасыңызға ертіп, қолтығыңызға алуды өтінеміз, — дейді.
Бөгенбай батыр Сеңкібайдың тұр-тұлғасына, жүріс-тұрысына, сабырлы да салиқалылығына, батыл қимыл əрекетіне оны көргеннен бері көңілі əбден толғанын жасырмай, «Жарайды, өз жанымда болсын» деп келісім береді. Бұл кезде Бөгенбай батыр 45 жаста болса, Сеңкібай 17 жасқа жаңа толған екен.
Ол бір жойқын бəсеңдемеген, шапқыншылық толастамаған кез еді. 1723 жылғы жоңғарлар соқысынан кейін есін жия сала қазақ батырлары қайтадан атқа қонып, қолына найза алуына тура келді. Өйткені, жау жан түршігерлік айуандық əрекеттерді одан əрі өршіте түскен болатын. Жоңғарлар қолға түскен еркектердің басын кесіп, əйелдерді шашынан матап, малша қосақтап айдап əкетумен болады.
1728 жылы Сарыарқаға еніп кеткен жоңғарларға қазақ қолы бірнеше соққылар беріп, олардың бетін қайтарады.
Нұра даласында жоңғарларға қарсы бір соғыста 20 жасар Сеңкібай Қонтажының немересі Əмірсананың басқаруындағы 10 мыңдықтың қолбасшысы Ноян Қоренге қарсы жекпе-жекке шығады. Жас батыр Сеңкібай астындағы Көкдауыл тұлпарын ойнақтатып, майдан даласына қасқая, бет түзейді. Ноян Қорен онымен жас шамасы қатарлас, бірақ ірі денелі, қара нардай жуан, білектей ұзын айдарлы, қабығынан қар жауған сұсты екен. Ол: «Ал, қазақ батыры, арманда кетерсің, алғашқы кезекті саған бердім» деп айғай салады. Көкдауылын ойқастата шауып, етің қызд-ау деген шақта сол қолында найзасын, оң қолында Қожас атасының жеті бүктемелі ақ семсерін ұстаған Сеңкібай құйындай ызғытып, жауға қарай ұмтылады. Қалмақ батыры аса қауіпсінбей, оны менсініңкіремей жайбырақаттау тұрады.
Сеңкібай атын жұлдыздай ағызған бетінде сол қолындағы емен сапты найзаны Ноян Қоренге шаншуға ұмсына беріп, ақ семсермен жаудың мойын тұсынан сілтеп үлгереді. Тегеуірінді күшпен сілтенген ақ семсер жау батырының дөңбектей басын шауып өтіп, оның басы жерге домалап түседі. Қан шапшыған ауыр дене ат үстінен гүрс қулайды. Жеңіске жігерленген қазақ қолы «Ақжолдап!» ұрандап, жауға қарсы өршелене көтеріледі.
Бөгенбай, Малайсары, Олжабай батырлар Əмірсана əскерінің тас-талқанын шығарып, оңтүстік шығысқа қарай ығыстыра қуады. Осы шайқастан кейін Сеңкібайдың есімі елге кеңінен тарай бастайды…

Əдебиеттер:

Артықбаев Ж.О., Жакин М.С. Шет өңiрiнiң тарихы.- Қарағанды: ҚарМУ, 1998.- 275 бет.
Қашқынов Ж. Абылайдың жауға шапқан қос батыры // Азия Транзит.- Қарағанды, 2001.- N11.-21-24 б.
Қашқынов Ж. Сеңкібай мен Жидебай баһадүрлер //Орт.Қазақстан.-1994.- 8 қазан.
Мəкенбайұлы Қ. Сеңкібай батыр Оразғұлұлы ел қорғаны болған //Қарқаралы.- 1992.- N7-8.- 2-11 б.
Мəкенбайұлы Қ. Сеңкібай батыр //Мысты өңір.-Жезқазған, 2006.-20 қаңтар.-8 б.
Омарбекұлы М. Даңқты бабаға ескерткiш-белгi қойылды: мəдени мұра//
Орт.Қазақстан.- 2005.- 15 қазан.-14 б.
Омарбекұлы М. Қарқаралыда даңқты бабаға ескерткiш-белгi қойылды//
Қарқаралы.- 2005.- 8 қазан.-3 б.
Төреқұл Н. Даланың дара ділмарлары. – Алматы: ЖШС «Қазақстан» баспа үйі, 2001, — 592 бет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *