Омар батыр
1946 жылы о дүниелік мүшелінде Манасбайұлы Омар деген аксақал бақилыққа озды. Көнекоз шежіре қарттар ол кісіні Шет өңірін жайлаған Бесатаның соңғы батыры дейді.
Ел аузында Омар батыр жөнінде əңгімелер жеткілікті. Оны айтушылардың барлығы бірдей бұл əңгімені Батырдың өз аузынан естідік деп айтады.
Енді сол əңгімелердің біразын хикаялайық.
Омардың «бала батыр» атағы балалық мүшелінен бастап шыға бастайды. Осы мүшелінде ел ішіндегі барымта-сырымтаға қатысып, жау түсірген күндері көп болыпты. Содан бір күні ел
іргесі жанынан атақты Ағыбай батыр өтіп бара жатады. Оны естіген жас бала белдеудегі Ақбұау атына міне салып, батырдан озып барып тоқтапты. Содан мінген атын арқалап Акжолтай батырдың өзіне жаяу салыпты. Жақындаған кезінде мойнындағы атын түсіріп, шылбырын тізелеп, сəлем беріпті. Сонда атақты батыр:
-Бабаңның ұрынарға қара таппай жүретін бір боғы бар деп естуші едім, сол сен емеспісің?- депті.
Ағыбай батыр Баба» деп Омардың түп бабасы Балта батырды айтып отыр. Бабаң заманында Абылайды хан көтергенде ақ киіздің бір ұшын көтерген алты батырдың бірі болыпты.
Бала бата беріп кетіңіз деп батырдың шылбырына оратылыпты.
Сонда батыр:
-Сен əуелі менің сарқытымды іш, батаны сонан кейін берейін,- депті.
Сөйтіп Айыртау, Сапыны мекендеп жатқан Бөлек Керней аулындағы Манасбай ақсақалдың аулында ерулеп жатады. Кешкілік батырдың өзі таңдап жүріп іріңдей екі ісекті ұстатыпты. Ісектің еті сүйегінен ажырағанша қазанды оттан алмапты. Батырды көреміз деп келген Кəрсен-Керней жігіттерінде қисап болмапты. «Бір тамашаны» көрем деушілердің көптігі соншама, ел сегіз қанат үйге сыймаған соң киіз үйдің іргесін түріпті.
Батыр екі астау алдырыпты. Бір астауға ажыраған етті, екіншісіне саяқ сүйекті салдырыпты. Ет салынған астауды Омарға ұсынып, қу сүйегін өзі алыпты. Омар алдындағы етін тауысқан кезде батыр да астауын босатыпты.
Батыр енді екінші қазанды алдырыпты. Босаған астаудың біріне ет, біріне тағы да қу сүйек салдырыпты. Енді етін өзі алып, сүйегін баланың алдына қойыпты. Батыр алдын-дағы астауын тауысқан кезде бала да астауын босатыпты. Қалың ел ду ете қалыпты. Іс мұнымен бітпейді. Батыр енді отта тұрған екі қазанды ортаға алдырады. Екі сапты аяқты һəм келтіреді. Кезектесіп отырып бірінші қазандағы сорпаны тауысады, кезектесіп отырып екіншісін тауысады.
Осыдан кейін екеуі де төсекке қисайыпты. Таң атқанша қорытылып жатқан сүйектің күтір-күтір даусы ауыл сыртына естіліп тұрыпты.
Ертесінде батыр мен бала мойындарын ғана асырып суы тастай суық құдықта күн тас төбеге көтерілгенше тұрды дейді. Сонда кесек-кесек май түсіпті. Жинап алғаңда бір қазан май болды дейді.
Жаңадан дастарқан жайылып жиналғанда батыр батасын беріпті:
-Мынау сақау қырғызда ердің кегі, еркектің намысы кетті. Ондай күн енді қайтып туа қоймас. Айыр-шиыр бір қалпақтанбыз ғой. Аралас-құраластығымыз үзілмес. Менде бір қыжыл қалды. Сақаулардың бір балуанының мені тізерлетіп кеткені бар. Соны бір қайтарса сен қайтарады деп отырмын. Менің ақ жолымды берсін, əумин!- деп батасын беріпті.
Онымен қоймай «батырға атын арқалап жүру жарамайды деп аулына шақырып, атын ауыстырыпты.
Сол жылы Бодық батырдың асы беріліп, үш жүздің басы қосылыпты. Асқа қырғыздың атақты Шəбдені де келіпті. Бұл ас үлкен жанжалмен аяқталған дейді. Оған себепші болған осы Омар батыр көрінеді.
Балуандар белдесуінде Шəбденнің шідерлеп əкелген бұқа мойын Мойнақ деген балуаны қазақтарды шыдатпапты. Заманында Ағыбай батырдың да балуандыққа түскені белгілі. Сол Ағыбайдың өзімен текетірес түсіп жүрген Бодық батырдың Шал деген аталасы балағын түріпті. Сөйтіп тұрғанда ағасы Шал балуанды тік көтеріп топқа түсіріп, ортаға атылып Омар шығыпты, Мұндай шалт қимылды ешкім де күтпесе керек.
Ел бұл қалай болды деп естерін жиғанша Омар Мойнақты қапсыра құшақтаған күйі орнынан жұлып алып, «Ағыбай! Ағыбай!»-лап Шал ағасының атыпты. Мұнымен тый-ылмай үйелеп жатқан Мойнақтың ыштанын ашып, түкіріпті. Керней руының ұраны-Жарылғап. Омар осы рудан. Түсініспеушілік осы жерден басталады. Омар аруақ шақыр-ғаніда əрі салғанда Қарқабатты, бері салғанда Жарылғапты ауызға алуы керек еді. Мұнан басқа осы елден ұранға шыққан Машай, Керней батырлар һəм бар. Омардың «Ағыбай-лап» ұрандауын бір ғана Керней атасы емес, осы өңірді жайлайтын Бесата баласы түгел намыс көреді. Оның үстіне Шəбден де шалқасынан түседі. Омар «Ағыбайлап ұрандап намысымызға тиді» дейді. «Дамбал шешкен еркекті көріп едік, ыштан шешкен еркекті көргеніміз осы» деп кергіп қана қоймай, Омарды табан астында жазалауды талап етеді. Бұл кезде Омар Ағыбай батырдан мінген Ақкөбік атына мініп алып «Бодықтап!» шауып жүріпті. Ел Бодық батырдың аруағын сыйлап, Омар жазадан азат қалады.
Омардың інісі Оспан да осал болмаған. Ол да жалғыз жорта беретін батырлар қатарынан екен. Бірде елдің ұранға шақырып жүрген бəйге аты қолды болады. Оны Оспан батыр қуа шығады. Ақыры індетіп жүріп Кіші жүз тамалардан із шығарады. Аттың қоруы мықты екен. Алайда қашанда аңдушы алады ғой. Бір сəті келгенде киіз үйді төңкеріп тастап, атты ала қашады. Қашқынның ізі білініп қалып қуғыншылар қоса шығады. Ел шетіне жете бере қуғыншылар Оспанды қуып жетеді. Жан алысыпберіскен ұрыста батыр опат болады. Қуғыншылар мəйітті ездерімен бірге алып кетуге аруақ аттай алмай абды-райды. Кеңесіп отырып батырдың сүйегін ата-жұртында қалдыруды шешеді. Ағасы Омар тауып алса іс насырға шабады деп мəйітті саумалап көтеріп Доңғалдың басына шығарып, бетін жасырады.
Бұл кезде Омар батыр ауылда екен. Түсінде аруақтар аян береді. Алтыбақанның бір басында бауыры да, екінші басында елу қызыл нар тұр екен дейді. Елу нар төмен басқан-да бауыры жоқ болып кетеді. Осыдан барып Доңғалдың басындағы Оспанның денесін тауып алады. Бауырының бетін жабар жаппастан Ақсөңке атына мініп, қосарына Ақжелеңін алып тамалардың соңына түседі. Жарау аттар жер апшысын қуырады. Омар батыр оларды айналып өтіп, бара Кіші жүздің келелеріне тиеді. Бетін Арқаға салып елу келені жаяғыз өзі қуады.
Орта жолда қуғыншылармен бетпе-бет келеді. Омардың жалғыз өзін көріп құныкерлер айран-асыр болады. Əр келенің өз бурасы болатыны түсінікті. Олар өз иелерін ғана мойындайды. Өзге сырт адамдарды шайнап тастайды, не таптап өтеді. Сол буралардың бірде-біреуі көрінбейді. Құныкерлер осыған таң болады.
Ел солайынша ошарылып тұрғанда батыр қолды болған бəйге атын жетелеп кете барады.
Құныкер тамалар елдеріне барса бастарының мылжа-мылжасы шыққан елу бурасы əр жерде жайрап жатыр дейді.
Қайтып келгсн соң еру жасап, құныкерлер елінен қызыл елу нарын қуып əкеледі. Інісі Оспанның кегі мен құнын батыр осылай қайтарған екен.
Əдебиеттер:
Дүйсенбаев, Б. Омар батыр: Тарихи тұлғалар / Б.Дүйсенбаев, Т.Майбас// Орт.Қазақстан.- 2004.- 3 маусым.-7 б.