Нұрманбетұлы Қырқынбай (т. ө.жбелгісіз.)
Ел үшін аянба-
Ерлігіңе сын,
Жұрт үшін аянбаЖігіттігіңе сын! Б.Момышұлы
Қырқынбай батыр Шалданбайдың туған інісі, шежіре бойынша ол Байтананың үлкен ұлы Құдайбердінің шөбересі, Арыстанның үшінші ұлы Нұрманбеттен тарайды. Қырқымбай батыр туралы естеліктерде ол көзсіз батыр болған деседі. Ол жауға шапқанда «Қырқымбай» деп ұрандайды екен, оның себебі, оның туған жері Аса өзенінің бойындағы Қыршынды деген жер екен.
Садыбай — Байтана батыр мен оның батыр ұрпақтары туралы Керімбай болыстың жыршысы болған Кәрібай Есенқұлұлының дастанында біршама деректер келтіріледі. Кәрібай кезінде шайқы, шежіреші және бірқатар дастандары мен өлеңдері болғанын көнекөз қариялар айтып отырады. Дастанды оның немересі Сағатай Оңғарбайұлы сақтап қалса керек. Онда Қырқынбай батыр туралы былай жырланады:
Қырқынбай, батыр Қырқынбай, Ұраның сенің — Қыршынбай.
Ауылда жігіт жата ма,
Тигенде жаулар ыршынбай?!
Келгенде жасы алпысқа
Бөленді батыр алғысқа Ат тапса, киер тон таппай,
Боп жүрген бұрын қол қысқа.
Қалмақты басып тақымға
Сүйрете тартты қоқымға
Паршалап оны тастады
Ат қойды қайта қосынға,
Жөнелді қашып қалмақтар,
Демеймін енді қол қаптар Қырқынбай батыр ерлігін, Безбен жоқ тартып салмақтар.
Дастанда жырлаған мәліметтерге қарағанда Қырқынбай алпыс жасында да аттан түспегенін, және жекпе — жекке шығып қалмақты тақымға басып сүйреткені туралы айтылған. Осы дастандағы айтылған Байтананың ең үлкен ұлы Құдайбердінің Арыстаннан тараған ұрпақтары шетінен батыр болғанын көреміз. «Садыбайлап!» ұрандаған оның батыр ұрпақтары Бораншы, Шалданбай, Қырқынбайлар кезінде ойрат қалмақтарына қарсы күресте ерен ерліктерімен көзге түскен, ел аузында әлі күнге аңыз болып айтылып келе жатқан айтулы батырлар болған.
Қырқынбайдан — Кеншім, Оразбек, Сырғақ есімді үш ұрпақ тарайды. Бүгінде Шалданбай мен Қырқынбай ұрпақтары Жуалы ауданының Қайрат, Дихан, Б.Момышұлы елдімекендерінде сол сияқты Талас ауданында, Тараз қаласында, Асада тұрады.