Номенклатурасы және изомериясы
Номенклатура. Этилен қатарындағы көмірсутектердің жүйелік атауы өзіне сәйкес қаныққан көмірсутек атауындағы – ан жұрнағын – ен (немесе кейде – илен) жұрнағына алмастыру арқылы жасалады. Мысалы: этан – этен, пропан – пропен, бутан – бутен және т.б.
Рациональды атау бойынша этилен көмірсутектерің этилен туындысы ретінде қарастырады. Онда жоғарыдағы қосылыс : триметилэтилпропилэтилен деп аталады.
Қанықпаған көмірсутектер радикалдарын жүйелік атау бойынша түбірге – енил жұрнағы жалғанады: этенил СН2 = СН — , пропенил СН2 = СН – СН2 — . Бірақ бұл радикалдар үшін көбіне эмперикал атау қолданылады: винил және аллил.
Изомерия. Алендерге екі түрлі құрылымдық изомерия тән: а) қаныққан көмірсутектер тәрізді көміртегі қанқасының изомериясы б) көміртегі тізбегіндегі қос байланыстың орнына байланысты изомерия. Мысалы, бутиленнің С4Н8 үш изомері бар:
СН2 = СН – СН2 – СН3 СН3 – СН = СН – СН3 СН2 = С – СН3
׀
СН3
бутен – 1 бутен-2 2-метилпропен-1
Бутен-2 молекуласындағы қос байланыспен жалғасқан көміртегі атомдары еркін айнала алмайды. Сондықтан бір конфигурациядағы молекула екінші конфигурациялы молекулаға энергия жұмсамай айнала алмайды. Бұл – кеңістіктік изомерияның бір түрі – геометриляық изомерия. Егер изомердегі орынбасушы топтар (СН3) қос байланыстың бір жағында орналасса, онда ол цис- изомер болады, ал әр түрлі жағында орналасса, онда транс-изомер болады:
цис-изомер (балқу темп. -138,90С транс-изомер (балқу темп. -138,90С
қайнау темп. – 3,70С) қайнау темп.–0,90С)