Мектеп жасына дейінгі балалардың ерік және сезімінің ерекшеліктері
Дәріс жоспар:
1.Мектеп жасына дейінгі балалардың сезімінің дамуы
2.Мектеп жасына дейінгі балада еріктің дамуы
3.Мектеп жасына дейінгі балалардың ерік әрекетіндегі кемшіліктер және оны қайта тәбиелеужоспары.
1.Мектеп жасына дейінгі балалардың сезімінің дамуы. Мектепке дейінгі шақтағы балалар өмірінде сезім барлық психологиялық таным үрдістерінен сипаты жағында жоғары болады, оған реңк және мәнерлік береді. Кішкентай балалар өздерінің толғаныстарын меңгеруді әлі білмейді. Ол үнемі дерлік өзін тартып әкеткен сезімдеп шырмауында қалып тырады. Үлкендермен салыстырғанда баллаларда сезімнің сыртқы бейнесі неғұрлым қызу, тікелей әрі еріксіз сипатта болады. Баланың сезімі жылдам әрі айқын көрінеді де, тез
сөнеді.
Қызу шарттық артынша-ақ жылаумен алмасады. Бала толғаныстарының ең күшті басты көзі – баланың басқа адамдармен, үлкендермен, балалармен өзара қарым-қатынастары. Төңірегіндегі адамдар балаларға еркелете қараса, оған назар аударса, бала эмоциялық рахаттылықты сенімділікті, қамқорлықты сезінеді. Әдетте мұндай балаларда сергектік шат көңіл-күй басым болады. Эмоциялық рахаттылық баланың жеке басының әдеттігінше дамуына жағымды қасиеттерінің басқа адамдарға тілектестік қарым-қатынастарының төселуіне себепші болады. Үлкен адамдардың балаларға қатысты мінез- құлқы балада түрлі сезімдр – қуаныш, реніш шаттық тағы басқа сезімдер тудырады. Бала бір жағынан еркелетуге , мақтауға, екінші жағынан өзіне жасалған реніш пен көрсетілген әділетсіздікке қатты толғанады.
Мектеп жасына дейінгі балаларда жақын адамдарына алдымен ата-аналарына аға інілерін, апа-қарындастарына деген махаббат, мейірімділік сезім болады. Оларға көбіне қамқорлық аяушылық білдіреді. Өзге адамға деген сүйіспеншішілік пен мейірімділік баланың көзқарасы бойынша оларды ренжітушілерге қарсы тұратын қаһармен және ызамен байланысты. Бала түсінбестіктен жақсы көрген адамның орнына өзін қояды, осы адамның басынан кешірген қайғыға немесе әділетсіздікке өз басынан түскен ауыртпашылықтай толғанады. Ертедегі жағымды кейіпкерлерге бала ерекше аяушылық білдіреді, бірақ өлке ұшыраған жауыздарды да аяйды. Бала көбінесе жағымсыз кейіпкерлерін одан қорғауға тырысады. Ертегіні тыңдаған кездегі балада пайда болатын сезімдер оны жалаң тыңдаушыдан оқығаның белсенді қатысушысына айналдырады. Бала сезімнің ішінде қатты қорқыныш, толғаныс ерекше орын алады. Қорқыныштың тууы көбінесе, үлкендердің теріс тәрбиесімен қиынсыз мінез-құлықтарына байланысты.
Мектепке дейінгі балалық шақта бала сезімінің сыртқы белгілері де айтарлықтай өзгереді. Бірінші, бала біртіндеп белгілі бір дәрежеге дейін қызу,батыл сезімдерді көрсетуді тежей білуге үйренеді. 5-6 жасар бала көз жасын тыя біледі, қорыққандығын білдірмейді. Екіншіден, көз тастау, күлімсіреу, ымдау, ишарат, кейін қозғалыс, дауыс ырғағының көмегі арқылы толғаныстың жұрт арасында қабылданған аса нәзік нышандарын бейнелеу үшін сезімдер тілін меңгереді.
2.Мектеп жасына дейінгі балада еріктің дамуы. Баланың ерік әрекеті саналы талап-тілектерінің нәтижесінде шешімге келіп, оны орындаумен сабақтасып, дамиды. 2 жастан асқаннан кейін тәрбиенің және ойынның ықпалымен баланың тәжірибиесі арта түседі, қиядай бастайды, ойлау қабілеті көріне бастайды. Өзінің талап — тілектерін түсінуге жарап қалады. Бірақ талап-тілектері еді де болса саналы бола қоймайды, тек эмоциялық сипатта ғана жүзеге асады. Эмоцияны ықпалы мен орындалатын әрекет қарапайым ерік әрекетіне жатады. Үлкендер балаға “Барып кел, алып кел, үйдің сурeтін сал” деген сияқты тапсырмалар береді. Бала үлкендердің айтқанын орындай жүріп, әр түрлі әрекеттерге жаттығады. Баланың еліктеген қылықтарының өзі қажыр мен қайраттылығын дамытады. Осылай бала әрекетінде эмоциялық белсенділік орын алады. Оларды эмоциялық сезім билеп, еркі тұрақсыз болып, іс – әрекет үстінде шешімін өзгертіп отырады. Алайда өзгерген мақсат күшті сезім туғызса, өз бойына лайық қажыр. Қайрат. Табандылық көрсетеді.
Бала өзін-өзі басқара алмайтындықтан үлкендер дұрыс жолға салып, бағыт беріп отыру қажет.Баланың ерік әрекетін тәрбиелелеу жас кезеңнен басталды.Тілі шығып жүре бастағаннан кейін әр нәрсені өзі орындауға тырысады.
Мектепке дейінгі кезеңде рөлдік, қимылды, спорттық, құрылыс құрастыру ойындары арқылы баланың ерік-сапаларын қалыптастыруға болады. Ұжымдық өмір – ұжымдық еңбек ерік әрекетін дамытуға итермелейтін себепші құрал болып табылады.
3.Мектеп жасына дейінгі балалардың ерік әрекетіндегі кемшіліктер және оны қайта тәрбиелеу жолдары. Баланың ерік, қайратын тәрбиелеуде бірыңғай дұрыс жоспарланған жарасымда іс-шараларды қолдану олардың мінез-құлқындағы кемшіліктерді жою жолдары болып табылады. Ерік кемшіліктерінің ішіндегі балаларда көп кездесетіні-қыңырлық. Қыңырлық ешқандай себепсіз өз дегенін істегісі келетіндіктен болады. Профессор Н.Д.Левитов қыңырлықтың психологиялық ерекшеліктерін байқататын мынандай белгілерін атап өтеді 1) қалай да өзінің айтқаның істегісі келушілік, 2)баланың жаңа пікірді ұға алмайтын ойының тарлығы, 3)басқа адамға талап қойғыш, өзінің айтқан талап-тілектерін мойындататындығы. Денсаулығы нашар, организмі әлсіз бала шаршағыш, ашуланшақ келеді. Мұндай бала кейде құр босқа ашуланып, тез қылықтар жасайды. Мысалы, қыңырлық ешқандай тыйым көрмеген еркеліктен туады, ол өзімшіл болады, ұжымнан шет қалады, дербестігі жойылып, өз бетімен еңбек ете алмайды.
Осыдан келіп қыңырлық, өзімшілік туады. Мұндай қыңырлықты жою үшін отбасындағы тәрбие бағытын түзеу керек. Қыңырлық кейде ересек адамның балаға орынсыз ұрып-соғып жәбірлеудің нәтижесі. Сондай-ақ тәрбиеленушілердің қатаң талап қоюынан үгіттеу көп болып, бір сөзді болмай орынсыз мақтай беруінен де туындайды.Осы себептер жойылса, қыңырлық та жойылады. Сонымен бала тілегін қайтармай құры мәпелей беру іс-әрекетті дұрыс ұйымдастырып отырмаушылық қыңырлықтың болуының негізгі себебі. Еркелікті тудыратын негізгі себептер қыңырлықтың болуының себебімен бірдей болғандықтан, еркелікпен күресу де қыңырлық сияқты. Қыңырлық пен еркелікті байқаған жерде тәрбиеші мынандай шаралар қолдану керек: ерке балаға көңіл бөліп, арыздарына құлақ сала бермей, қатаң талап қоя білу керек. Егер еркелік денсаулығына байланысты болса, маман-дәрігерлерден кеңес алу керек. Еркелікті жою үшін үйде де бақшада баланың айтқанын істеуді қою керек, жылады екен деп айтқанын істей беруге болмайды.
Мектеп жасына дейінгі балаларда қырсығу да жиі кездеседі. Бір нәрсені олай істеме деп айтсаң, ерегесіп түседі. Ашуланып, қарсылық көрсететіндері де болады. Мұндай қылықты көбінесе, жүйке жүйесі қозғыш балалар көрсетеді. Ол табиғатынан осындай қасарыспа емес, жүйке жүйесінің қозғыштығына байланысты. Жалқаулық та ерік жігерінің аздығын көрсетеді. Баланың белсенделік пен еңбек сүйгіштік қасиетінің болмауы, жалқаулықты жою үшін сол әдеттен шығудың жолдарын іздестіру керек. Жалқаулықтың басты себебі баланың ойынға айналып кетуі. Жауапкершілігінің жоқтығы және мақсатсыз әрекет етуге байланысты.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Қыңырлықтын пайда болу себептері.
2. Қыңырлық пен еркелікті байқаған жерде тәрбиеші қандай шаралар қолдануы тиіс.
3.Еркелікті жоюдың жолдары.
4. Баланың бойына ізгілік қасиеттерді қалыптастырудың жолдарын.
5. Профессор Н.Д.Левитов бойынша қыңырлықтың психологиялық ерекшеліктерін байқататын белгілерін атаңыз.
Әдебиеттер:
1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / — 2012.
2. Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / — 2011
3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / — 2014
4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / — 2014