Марсымұлы Сатыбай батыр (1578-1603)

Марсымұлы Сатыбай батыр (1578-1603)

 

                                                    Қан жусандай егілсе, 

                                                                             Аққан судай төгілсе,

                                                                           Бетегелі сары белдің бойында

                                                          Соғысып өлген өкінбес.

                

                                                                                       Доспанбет жырау

 

Садыбай Марсымұлы 1578 жылы Мыңбұлақаймағында дүниеге келген. Оның өмір сүрген кезеңі Есім хан ел билеген уақытқа тұстас келеді. Халық аузындағы Садыбай батыр Есім ханның бас батырларының бірі болған.

Жоңғарлармен соғысқа қол жинап аттанып бара жатқанда ол жиырма бес жастағы жігіт екен. Анасы:

—  Кейінірек аттансаңшы, келіннің айы — күні жақын қалған жоқ па?! -деп шырылдапты. Сонда Сатыбай батыр:

—  Апатай, анталап жау қаптап келе жатқанда келініңіздің етегін желпіп отырмақпын ба? — деп Садыбай атқа қонған екен, жары сыңсылап келіп үзеңгісін ұстағанда:

-Жаман неме тапсаң, сүйінші сұратарсың — деп сарыала туын желбіретіп Мыңбұлақтан аттанып кеткен екен деп жазады Садыбай Байтана кітабында.

Осынау қиын — қыстау кезеңде ел тұтқасы еңсегей бойлы Ер Есім ханның колында еді. Сол Есім ханның қарулы күштерінің сапына — қайыңнан шоқпар байлаған, еменнен найза сайлаған, көк тәңірді пір тұтып, туған жерін, өскен елін қорғау үшін сары ала ту алып, тұлпар мініп — 17 жасында қосылған екен Садыбай бабамыз. Елім деп еңіреген сол ерлердің бірі — Садыбай батыр есімі ел есінен сан ғасырлар етсе де өшпеген.

Байтана руының шежіресі бойынша: Шымырдан – Бекболат, Темір, Шынқожа таратылады. Шынқожадан – Қобыланды, Марсм, Бозқозы, Бозан туады. Марсымнан – Қырғызалы, Қонақбай, Сатыбай өрбиді. Сатыбайдан – Байтана туылады. Байтанадан – Арыстанбай, Қоянбай, Соқыркемпір, Есқара, Тілеп атты бес бала тарайды. 

XX ғасырдың бас кезінде Есенқұлтегі Кәрібай деген жырау Марсымұлы Сатыбай туралы былай толғайды:

                               Белгілі ғой тарихқа бай даламыз,                                Сырлассақ, қызғалдақтай жайқаламыз,                                Тараған Шынқожадан Байтанамыз.                                Ата жау болып бізбен қалың жоңғар,                                Боялған қызыл қанға талай жандар.

 

                               Балапан болып сонда басыменен,

                               Тұрымтай ажырасқан досыменен.                                Далаға тастап зәулім ақ ордасын,

                               Ел-жұрты жүрген салтаң қосыменен.                                Сол кезде қазақ бар ма сақтанбаған,

                               Жоңғарға қарсы шығып аттанбаған.                                Сол тұста батыр баба Сатыбай да,

                               Басына ұйықтап жастық жастанбаған.

                               Шіріді ащы термен тебінгісі,                                Асынбас босқа қылыш тегін кісі.

                               Өткізген бар өмірін жорықпенен,

                               Қорғаған туған елін зорлықпенен,                                Айқасқан талай рет жаумен жалғыз,                                 Сүрмейді батыр өмір қорлықпенен.

 

Жаудың легі бұл кезде Қаратаудың Маймақ асуына кіре бастаған кезі екен. Алғашқы күнгі соғыста жоңғарлар қырғын тауып, кейін шегініпті. Оған белгісіз бір ақынның мынандай бір өлеңі куә болады:

.

                                      ..Сатыбайдай ер шыққан                                       Марсым деген атадан.                                      Білтелі мылтық қолға алып,                                      Атады екен тасадан.

                                     Жау болып тиген жоңғарды,

                                     Маймақтан тосып қырыпты.

                                     Боз атқа мініп шығыпты,

                                     Қолына ұстап сырықты

                                     Беті сұсты Садыбай

                                     Қайтпайды екен жауынан.                                      Тас құлатып қырыпты,                                      Маймақтың биік тауынан.

Сатыбай батыр жауды қырғаннан Жетісу жеріне дейін барған. 1610 — 1613 жылдары ол мәнжурлермен соғысады. Сол кезде жұбайы ұл тауып қайнысы Қырғызәліні батырдан сүйінші сұрауға жібереді. Батыр жаудан түскен жылқыдан мол сүйінші беріп інісін кері қайтарыпты. Сонда інісі: сәбидің есімін кім қоямыз? — дегенде Садыбай:

—  Әзірше менің балтыр орайтын байтабам мен мына сары — ала туыма орап баға беріңдер, елге оралған соң есімін өзім қоямын! — депті.

Сатыбай батыр сол соғыста Талдықорған облысы, Ақсу ауданы, Қаракемір деген тау етегінде 25 жасында кайтыс болыпты. Жәдігер ұлы Байтананы көре алмай кеткен.

Есім хан жауды жеңіп оралған соң өз жарлығымен Сатыбайдың басына күмбез орнаттырады, сонан соң ас беріледі. Есім ханның өзі батырға осындай құрмет жасауы Сатыбайдың жай ғана батыр емес Алаштың шейіт болған батырларының ішіндегі қастерлісі екендігін көрсетеді.

Жиынға келген Есім хан мен батырдың серіктері, күллі үйсін мен қаңлының бетке ұстар бектері «сәбиге ат қойып енші берейік» деседі. Тілі жаңа шығып келе жатқан сәби «атың кім?» дегенде:

—  Байтабамын, — деген екен былдырап.

—  Келін балалар Байтөбе атап кетіпті, солай бола берсін дегендерге Қобландыұлы Сүгір мерген:

—  Сатыбайдың  өзі болмаса да көзі,  сауытының байтанасы емес  пе жәдігер! — деп баланың есімін Байтана қойған екен. (Байтана деген батырлар сауытының кеудесіне тағатын күмістен не қоладан құйылатын тана)

Сатыбай батырдың қай шайқаста қалай мерт болғандығы туралы ешқандай тарихи дерек жоқ, алайда Кәрібай ақынның дастанындағы мәліметке сүйеніп: батырдың Көксерке атты арғымағы болғандығы, жаумен шайқасып жүріп атымен бірге орға құлап кетеді. Сатыбай ор ішінде де талай жоңғарды жер жастандырады. Шайқасып жүріп өзі де мерт болады. Ол дастанда төмендегідей баяндалады:

 

                         Жығылды Көксеркесі оның орға,                          Шығарды аға, іні оны зорға.

                         Шыға алмай қалды батыр ор ішінде,                          Түсті ғой байқаусызда өзі торға.

                         Жоңғармен ор ішінде кескілесті,

                         Өлікті таптап, қып-қызыл қанды кешті…

 

                          Сатыбай жоңғарлардан болды қаза,                           Өлімге билеушісі кескен жаза.

                          Қонақбай, Қырғызәлі сан күйзеліп,                           Сол кезде жалпақ Шымыр тартқан аза…

 

Сатыбай батыр туралы бір деректі Мұхаметжан Әлімбеков деген зейнеткер — журналист 1991 жылы Талдықорған облысы Арасан — Қапал курортында демалғанда Қарашоқы қорымынан «Шымыр, Садыбай» деген арабша жазуы бар құлыптасты көргенін айтады.

Қазіргі кезде Садыбай батырдың ұрпағы мың — жарым түтіннен асады, оның көбісі Жуалы ауданында тұрады.

 

Сатыбайұлы Байтана батыр (1602-1664)

 

Біздіке азаттық үшін айқас,

Жаудыке қара жүзділік шайқас.

Алла біздің жағымызда,

Әруақ аузымызда,

Алла ақтың жағы,

Жаудың ақсын қаны. Елімнің тиылсын енді мұң мен зары.

 

Төле би

 

Қазақ даласында қасіреттің қара бұлты үйіріліп, жоңғар қалмақтары Қаратауға қара бұлттай төнген кезде еліне тіреу, қорған бола білген батырлардың бірі Байтана батыр.

Садыбайдың асына қатысқан Есім хан Марсым биден енші бөлгізіп, беліндегі белдігі мен алтын сапты қылышын кішкентай Байтанаға сыйға тартқандығы туралы көнекез қариялардан жеткен естелік әңгіме бар.

Байтана жоңғар басқыншыларына қарсы соғысқа жастайынан араласады. Ол Салқам Жәңгір ханның 600 сарбазының қатарында жоңғар қонтайшысы Батурдың 50 мың шеріктеріне қарсы Орбұлақ шайқасына қатысып өз үлесін қосқандығы туралы да тарихи деректер бар.

Жетісудың едәуір бөлігі мен Алатау қырғыздарының 10 мыңдай адамын жоңғарлардың тұтқынға алғанын естіген Жәңгір хан болмашы қолмен (600 адаммен) Батур қонтайшыға қарсы аттанады. Бұл оқиға туралы тарихи деректерде былай делінген: «Жәңгір өз тобының бір бөлігіне жоңғарлар тау асудан асып келгенше, екі таудың арасындағы тар жырада ор қазып, бекініс жасауға бұйырады. Ал, өзі екінші бөлігімен таудың екінші бетіне жасырынады. Қонтайшы ор қазып алып, ерлікпен қорғанып жатқандарға қарсы шабуыл жасады. Осы кезде Жәңгір жаудың ту сыртынан лап береді. Сөйтіп, жоңғарларды қатты жеңіліске ұшыратқаны сонша, олар жақтан 10 мыңдай адам өледі. Ұрыс бітуге жақындағанда 20 мыңдай әскерімен Самарқан билеушісі атақты Жалаңтөс батыр Жәңгірге көмекке келеді. Батур қонтайшы кейін шегінуге мәжбүр болады. Әскер басшылық ісін Жәңгір тұсында жалғастырып, қалмақтың 50 мың қолына қарсы тұрған соғысының бір қаһарманы Байтана батыр болған. (Қазақ Совет

энциклопедиясы, 4-ші том, 201-ші бет)

Қазыбек бек Тауасарұлының 1776 жылы жазылған «Түп тұқияннан өзіме шейін» атты кітабында: «1640 жылдан қазақты Жәңгір хан сұрай бастады. Өйткені Есім хан науқас болды» дей келе оның елуден асып кеткені жазылады. Бір жылдай қалмақ арасында тұтқында болып, олардың жай — күйін білген, сырын мол түйген Жәңгірден олар қатты қорқады. 1643 жылы Алтын ханның ұлы Омбы — ойраттың білікті нояндарымен қазаққа қайта лап қояды.

Бұл жеңісті алғаш тарихи айналымға түсірген тарихшы И.Я.Златкин «История Джунгарского ханства» атты кітабында (Мәскеу, 1983жыл) толық баяндайды. Бұл соғыстарға Байтана батыр да белсене қатысты. Ол әкесі Садыбайдың кегін алуға ерте аттанды, осы соғыста бұғанасы қатып, отыз жасқа келген кезі еді. Шапырашты Ер Қарасай осы соғыста қонтайшы Батурдың оң қолын шауып түсіреді. Ол содан келесі жылы өледі.

Есенқұлұлы Кәрібай жырау, шежірешінің дастанында Байтана батырдың ерлігі былай жырланады:

                                  …Кім білмес біздің баба Байтананы,                                   Оранған батыр дейді байтабаны.                                   Қызғыштай елі — жұртын қорғап жүрсе,                                   Жүрегі оның сонда жай табады.                                   Байтана жекпе — жекке бірде шығып,                                   Найзасын жау өтіне алған сұғып.

                                  Қайтарды талай рет әке кегін,

                                 Сескенген жан емес ол жаудан бұғып.

Ата жолын қуған Байтана батыр Салқам Жәңгір қайтыс болған соң қазақ қолын одан ары қарай бастап шүршіт – мәнжүрлерді Алтайдан асырып Амурға дейін тықсырып қуған деп айтылады. Соғыстың біткендігі туралы жаумен шарт жасасқандығы туралы тарихи деректі жазушы Қалихан Ысқақовтың 1993 жылы «Егемен Қазақстан» газетінде Тынды станциясына таяу Байтанова қаласы батыр қолбасшының зиратына байланысты атағанын жазған.

Шежіреші қарттардың айтуына қарағанда Байтана батыр қырық жасында үйленіп артында алты ұл қалдырған. Алпыс жасында жауға аттанып соданқайтыпелгеоралмаған.(БұлдеректерСадыбай Байтана шежіресінен алынды)

Кәрібай жырау өз дастанында Байтана мен оның батыр ұрпақтарының да шетінен батыр болғандығы туралы:

 

                              Бұл күнде кім білмейді Байтананы,                               Шын жүрек жарысқанда байқалады.                               Шалданбай, Қыршынбай мен Бораншыны,                               Дастан ғып талай ақын айта алады.                               Алты ұлды Байтанаға құдай берді,

                              Бір туған Тәңірберді, Құдайберді,

                              Дүйсенбі, Әсілбек пен Рысқұлға

                              Әуелден батырлықты Құдай берді… деп жырлайды.

Еліміз егемендік алғаннан соң бұрынғы өткен батырлардың есімдері қайта жаңғыра бастады. Отанымыздың тәуелсіздігі үшін шейіт болған сол ерлердің ұрпақтары батыр бабаларының тарихын түгендеуге көп еңбек сіңірді.

«Сатыбай» ұранды Байтана ұрпақтары жоңғарға қарсы шапқан батырлар көптеп саналады. 1729 жылғы Аңырақай шайқасынан бұрын да кейін де өмір сүрген. Олар: Бораншы, Шалданбай, Қырқымбай, Сатылған, Есқара, Сегізбай, Әзберді, Шоқан, Қожақ т.б батырлар. 1770 — 1864 жылдары басқыншы қоқан хандары мен қырғыздың соңғы манаптарымен соғыста ерлік жасаған Кәшке мен Қыдыр батырлар бізге тарихтан белгілі. Бір тайпа елге есімдері ұран болған Садыбайдың, Байтананың 1,5 мыңнан астам ұрпақтары бүгінде Жамбыл, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Қырғызстан, Өзбекстан жерлерінде де тұрып жатыр.

1993 жылы қазанның 23 күні ұрпақтары Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылының шығыс жағынан кіре берісінде, мешіттің жанынан батыр бабалары Садыбай — Байтанаға арнап еңселі етіп ескерткіш орнатты.

Біз, пайдаланған тарихи, әдеби кітаптарда батырдың атын «Садыбай» емес, «Сатыбай» деген атауды көп кездестірдік, сондықтан біз де оны «Сатыбай» деп алдық.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *