Жабайы аңдардың, құстардың атаулары кісі аты ретінде қойылып отырған. Еркіндікте, бостандықта жүретін, қарулы әрі жүйрік саналған. Жабайы хайуандардың аттарын бала күшті, қарулы болсын және солардай еркін өмір сүрсін деп қойған. Мысалы: Арыстан, Бүркіт, Жолбарыс, Қарақат т.б. Ата-бабамыздың негізгі кәсібі мал шаруашылығы болғандықтан да төрт түлік малға байланысты кісі есімдері жиі кездеседі. Түйеге, қойға, немесе жылқыға бай болсын деген мақсатпен төрт түлік малға байланысты балаға ат қойған. Мысалы: Қойшыбай, Жылқыбек, Нартай, Малбағар, Жылқыайдар, Ақбота, Жанбота, Түйебай, Бурабай т.б.