Барғана батыр

Барғана батыр
(1682-1772)

Руы Тоқа, Бесімнен туған. Барғана батыр шамамен 1682 жылдары туып, тоқсан жастан аса өмір сүріп қайтыс болған. Жезқазған облысы «Сарыарқа» газетінің 1996 жылғы 12 қыркүйегінде Айтқожа Əбдіраманұлының «Ферғананы билеген Барғана əмір» мақаласы басылған. Онда «Қуандық Барғана-Орта Азия тарихынан орын алған көрнекті мемлекет қайраткері. Ол-Əмір-Темір əулетінен соң Ферғана өлкесін билеген қазақтың бірінен саналады. Қуандық Барғана жөніндегі толық мəліметте оның қазақтың Арғын тайпасынан екені айтылады. XVII ғасырда өмір сүрген парсы тарихшысы Юсуф Сарай өзінің «Фергананама» (Қоқан əміршілерінің тарихы) кітабында Қуандық Барғана (Барқанай) өміріне аз ғана тоқталған. Онда Барғананың шын аты Ыбырайым екендігі, оның Ферғана əмірі болған соң Барғанай атанғандығын айтқан. Оның көрсеткен шежіресінде Ыбырайымның тегі-Арғын-Қарпық-Мейрам-Қотан-Аджол-Қуандық-ТоқаБескем-Мəнжі-Хайдар-Шерубай-Қандыбай-Ыбрайым (Барғана) деп жазылған. Осы шежіреге қарап-ақ Барғананың қазақ екендігіне еш күмəн жоқ. Сонда Барғана сонау Ферғанаға қалай барған? Бүған жауапты тағы да Юсуф Сарай кітапшасынан табамыз. Қазақтың Ташкентті билеген хандарының бірі Тұрсын хан азғана уақыт Ферғананы билеген. Сол кезде қазақ қыпшақ хандығының астанасы-Ташкент болған екен. Ол Ферғанаға барып қоныстанады. Тұрсын хан өлген соң орнына болған інісі Есім хан
Персиямен достық қатынас орнатып, Ферғананы оларға қайтарады. Ал Хахим төренің «Таурих Шахруки» кітабы мен Кенесарының сенімді серіктерінің бірі Сайдақ қожа сұлтанның «Жүзге жатпайтын қазақ тайпалары» атты кітапшасында қазақ Тоқаларының көне Қарлұқтың Тоқар тайпасынан шыққаны айтылады. Юсуф Сарай Қытай тарихшысы Жунь-Луньге сүйене отырып, Қарлұқ-Тоқардың күнбиі (қағаны) Хуан Дуанның ұзақ уақыт Алтайда тұрып бүкіл шығыс қарлұқтарды билегеніне тоқтала келіп, ол өлген соң інісі Суан Дуань хан болғанын айтқан. Сол кезде ағасымен сиыспаған Хуан Дуаньның жалғыз қызы Энамха ханша Тоқалардың біраз бөлігін өзімен бірге батысқа алып кеткеніндігіне тоқталған. Сондай-ақ Юсуф Сарай Хуан Дуаньды-Қуандық, Суан Дуаньды-Сүйіндік, Қар-лұқты-Қарпық, Тоқарды-Тоқа, Энамханы-Енемеке деп дəлелдейді.
Осындай деректері Қуандық Барғананың ұрпағы-Ташкенттің Шыназ ауылында тұратын Əлімжан аканың өз аузынан 1979 жылы естіген едім… Əлімжан акаБарғананың Қушақ атты баласынан тараған ұрпақ. Əлімжанның жазған деректерінде Барғана Персия шахы Айиуб Ш-нің атқосшылығынан Ферғана уəлаятының əміріне дейін көтерілген көрінеді.
Бірде аңға шыққалы жатқанында Айиуб шахтың атының мойнына оқ жылан оралып тұрғанын көрген Барғана, жедел жылдамдықпен оқ жыланды айырмен түйреп өлтіреді. Бұған риза болған шах оны атқосшылықтан өзінің жеке күзетіне ауыстырады. Барғана онда жүріп Құндыз, Бадақшан уалаяттарының əмірлерінің тапсырмасымен шахты өлтірмекші болып келген жансызды үстап алып, шахқа апарып мойындатып, қылышпен бірден шауып өлтіреді… Шах оны өзінің өкіл баласы етіп жариялайды. Сол кезде Барғана 19 жаста екен. Барғана бұдан соң шахтың жеке күзетін басқарады. Шах оны туысы Саманидтер /Хорасан қожалары/ əулетінің беделді адамы Сарайбан уəзірі Панхас Халандардың қызы Гүлшеһра ханшаға үйлендіреді. Сонан соң оны Марғаллан аймағына мың басы дəрежесін беріп, əкім етеді. Арада бес жыл өткен соң Айиуб шахтың өкімімен Ферғана уалаятының əмірі болып тағайындалады. Ол кезде уалаят орталығы Андижан қаласы еді. Барғана өзінің атымен қазіргі Ферғана қаласын салдырады да, уалиат орталығын сонда көшіреді. Ол басқарып тұрған кезде, шашырап жүрген түркі тайпаларын Ферғана уалаятына жинаған. Ал Ферғана атауының пайда болуы Ескендір Зұлхарнайын (Александр Македонский) заманынан басталады. Ферғана атауы парсы тілінен аударғанда, таулы аймақ деген мағынаны білдіреді екен.
Ферғана атауы Барғана атынан шыққан жоқ. Керісінше Ыбырайым-сол аймақтың əмірі болғандықтан Барғана аталған. Барғана Ферғананы бас-аяғы он бес жыл басқарады. Айиуб шах өлген соң, орнына Надир шах бүкіл Персияның билеушісі болып жарияланады. Ол Барғанамен ертеден өш болатын. Ақырында жергілікті тəжіктерді Барғанаға қарсы көтеріліске шығарады. Оны əйелімен бірге бауыздап өлтіреді. 1684 жылы 42 жасында өлген. Оның Гүлчеһра ханымнан Қушақ, Шушақ атты ұлы мен Нұрбике атты қыз болған. Тоқалы Рашидадан Мизамбай деген ұлы жəне Гүлбике деген қыз туған. Күңі Дарухадан некесіз Рафхат деген ұлы болған. Барғананың балалары, күйеу баласы Шақұрақ бидің көмегімен аман қалады. Кенже ұлы Шушақ үшті-күйлі жоғалып кетеді.
Арада ширек ғасыр өткен соң, Барғананың үлкен қызы Нұрбикенің күйеуі Шақұрық би 1706 жылдары Қоқан қаласында жеке Қыпшақ хандығын құрып, Ферғананы Персиядан бөліп əкетеді. Шақұрық би өзбектің Қыпшақ тайпасынан болатын. Юсуф Сарайдың дерегі бойынша Тоқалар өзбек, қырғыз, башқұрт, қарақалпақ, ноғай халықтары мен қазақтың Арғын, Садыр Найман, Адай, Жалайыр, Қоңырат руларының құрамында бар көрінеді. Оның себебін V ғасырда Қарлұқ бірлестігінің ыдырауына байланысты дейді деп жазған дерегіне жүгінсек, біздің Тоқа батыр Барғанамыз Ферғананы билеген Барғанадан басқа болып шығатын сияқты.
Батыр Барғананың Тотия деген бəйбішесінен Қансамай (Самай), Құлқара, Өтемырза, Ақүрпік, тоқалынан Шушақ туған. Бөгенбай, Аралбай, Барғана айырылмас дос болған. Аралбайға Бөгенбай батырдың қарындасын алып беретін Барғана батыр екен. Барғананың күші ерекше болса керек. Шөке атқанда садағының оғын жеті кетпеннен өткізуші еді дейді. (Шөке-түйенің жабуы, соның арасына кетпен темірді қойып, нысана атады. Шөкесінен түсірді деген содан қалған)
Барғана, бөгенбай, Аралбай батырлардың қалмақтармен соғыста атағы ерекше шыққан кез 1726 жылмен 1730 жылдардың арасындағы шайқастарда. 1729 ж. Балқаш көлінің оңтүстік шығысында Итішпестің Алакөлінің жағасындағы қалмақтармен қырғын соғыс болған. Төлебидің түйесін бағып жүрген Сабалақ деген құлын Бөгенбайдың ертіп алатын, жекпе-жекте Сабалақ «Абылайлап» аруақ шақырып, Шырыштың басын қағатын майдан осы кездегі шайқастардың бірі.

Əдебиеттер:

Жұмаділдин А. Жаңаарқа: Дерекнама .-Алматы: Кенже-Пресс-Медиа, 2003.- 521 бет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *