Баланы мектепке психологиялық даярлаудың теориялық мәселелері.
Дәріс жоспары:
1. Мектеп жасына дейінгі баланы мектепке даярлаудың психологиялық мәселелері
2. Мектепке психологиялық даярлаудың педагогикалық – психологиялық ерекшеліктері
3. Мектеп жасына дейінгі бала психикпсының дамуына мектеп алды дағдарысының ықпалы
4. Мектеп жасына дейінгі баланы мектепке даярлаудың бағыттар мен оқуға бейімдеу жолдары
1.Мектеп жасына дейінгі баланы мектепке даярлаудың психологиялық мәселелері. Қазақстан Республикасы Презинденті Н.Ә.Назарбаев «жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа жолдауында елімізде алдыңғы онжылдықта атқарылар істер мен оқыту мәселесіне тоқталуы осысала қызметкерлерінің өз ісіне деген жауапкершілігін арттыра түспек.
Қоғам мүддесіне лайықты жан – жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан парасатты адамзат тәрбиелеп өсіру жанұяның, балабақшаның тіпті барша халықтың міндеті. Қоғам алға қойған бұл мінеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі өзгерту көзделуде.
Балабақша білім беру жүйесінің бірінші сатысы ретінде балаларды мектепке даярлауда маңызды қызмет атқарады.Бала мектепке қаншалықты саплы және уақытылы дайындалса, соғұрлым оның келешекте білім алуы нәтижелі болады.
«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» білім беру жүйесіне үлкен жаңалық жәнетсалмақты жауапкершілік әкелді. Онда «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту – баланың жасын және өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, оның толыққанды қалыптасуы үшін дамыту ортасын құратын үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейін» құру талабы алдымызда тұр.
Баланың мектепке оқуға психолоиялық даярлығы балалар психологиясы ғылымы мен білім беру жүйесі саласындағы өзекті мәселелердің бірі.
Жалпы білім беретін мектептердің 1 – сыныбына қабылданған балалар, мектептік оқу жүйесінде айтарлықтай қиындықтарға ұшырайды. Олардың сәтсіздіктерінің басты себебі – мектептік оқуға даяр еместігінде.
Оқуға берерде баланың тек биологияялық жасына немесе дене дамуының көрсеткіштеріне сүйенбей, мектепке психологиялық даярлығының өлшемін жасап шығаруға болмайтын тәжірибе көрсетіп отыр.
Кез келген ғылыми зерттеу жұмысы тарихи дамуы жолынан өтеді. Балаларды мкетепке даярлау процесі іс жүзінде Ресейде 1970 – жылдардан басталса, батыс еуропа елдерінде 1950 – жылдардың өзінде – ақ өмірге келді.
Баты Еуропада баланың мектептегі оқуға психологиялық даярлығының диагностикасы тәжірибелік әрекет ретінде қалыптасты. Мәселен, 1920 жылдардың басында Германияда мектепке барар баланы сынақтан өткізетін екі орталық жұмыс істеді: Лейпцинг қаласындағы Винклер зертханасы мен Мюнхендегі гуд және Пеннингтер орталықтары. Бұл тексерулердің міндеті – мұғалімнің, баланың ақыл – ой қабілеті туралы мүмкіндігінше тез, әрі батыл түрде мәлімет алуына көмектесу болатын.
2.Баланы мектепке психологиялық даярлаудың педагогикалық – психологиялық ерекшеліктері. Қоғамның даму әлеуеті білім деңгейі мен білімділік көлемімен өлшенеді. Әлеуметтік ортадағы адамзат баласының білімділігінің негізін қалайтын қасиетті орын – мектеп. Ғылымның әрбір саласынан хабар беретін мектеп оқуы жүйелілігімен, бірізділігімен ерекшеленеді. Жалпы білім беретін мектептің алғашқы сатысы бастауыш білім болса, сол бастауыш білімнің де, өз кезегінде сүйенер кезегі бар. Ол – білім беру жүйесінің бастапқы буыны мектепке дейінгі тәрбие. Сәбилерге алғашқы мәдени – гигиеналы дағдыларды үйретуден бастап, саналы тәртіп, салиқалы ой қорытындысын жасауға дейін көтеретін бұл тәрбие ошақтары болашақ оқушыны мектептегі оқу ісіне даярлаудағы маңызы зор екендігі еш талас тудырмайды.
1984ж. К.Д.Ушинский мен Л.С.Выготский зерттеулері негізінде, А.Н.Леонтьевтің басшылығымен баланың мектептегі оқуға даярлығының псиологиялық мазмұны мәселесіне арналған зерттеулер тобы жүргізіле бастайды. Мектепке даярлық мәселесін мектеп талабынан бөліп қарастыра отырып, А.Н.Леонтьев, мектепте оқытудың баланың есіне, қабылдауына жіне тілінің дамуына, яғни психикасының даму деңгейіне талап қоятындығын атап көрсетті. Осы тақырып негізінде бала психикасын тануға арналған зерттеулер жарық көре бастайды: Истомина З.М. – ырықты ес процесінің дамуы;
Запорожец А.В. – ерікті қозғалыс процесінің дамуы;
Мануйленко З.Б – ырықты мінез – құлық дамуы;
Осы зерттеулер негізінде жатқан теориялық ой, яғни – психикалық әрекеттің ырықты процестері үнемі әрекет ретінде қалыптасатындығы — баланың психикалық дамуын зерттеуде түбірлі мәнге айналды.
960 – жылдардың басына дейінгі кезеңде мектептік оқуға даярлық мәселесі педагогикалық талап тұрғысынан ажыратылып, психология ғылымының зерттеу нысаны ретінде қарастыру сипатына ие болы.Осы мерзімде жүргізілген зерттеулер нәтижесінде « мектепке психологиялық даярлық » ұғымы қалыптасты. Мектепке психологиялық даярлық мазмұны болып, әлі толық ашылмаған жаңа құрылымдар белгіленді.
1954ж. Чех ғалымдары А.Керн мен Я.Йирасек «мектепке психологиялық даярлық диагностикасы туралы ізденістер жүргізіп, зерттеу қорытындысы ретінде әйгілі Керн – Йирасек тестін ұсынды. Олардың пікірінше, мектепке түскен бала оқушыға тән кейбір белгілерді игеруі қажет:
1.ақыл – ой кемелі
2.көңіл-күй кемелі
3.әлеуметтік қатынастар
А.Керн мен Я.Йирасек ақыл – ой кемеліне баланың заттардың жеке бөліктерін қабылдай алуын, ерікті зейінін, салыстыра ойлай алу қабілетін, көңіл-күй кемеліне баланың көңіл-күйінің тұрақтылығын, оқыс реакцияның түгелдей жойылуын жатқызады.
3. Мектеп жасына дейінгі бала психикасының дамуына мектеп алды дағдарысының ықпалы. Мектепке оқуға қабылданар баланы мектептік болмысқа ендіру, толыққанды оқу әрекетін қалыптастыру – өтпелі кезеңге тән психикалық дамудың барлық жиынтықтарымен тығыз байланысты.
Жас дағдарысына «Психологиялық сөздікте» мынандай анықтама беріледі «бір жас кезеңінен екінші жас кезеңіне өтудің шартты атауы. Ал егер осы ауысулар міндетті, әр заңдылық болса, теріс қылықтар — баланың өмір сүру жағдайының өзгеруіне байланысты туындайтын қиындықтардың нәтижесі».
Л.С.Выготскийдің пайымдауынша, психикалық дамудың жалпы заңдарын түсіну кілтін өтпелі кезеңдерді, яғни даму дағдарыстарын зерттеу береді. Даму дағдарыстарын зерттеу туралы Л.С.Выготскийдің тезистері жарты ғасыр бұрынғы өзектілігін жойған жоқ. Психикалық даму туралы белгілі бір жас кезеңіне сипаттама берілгенде, барлық зерттеушілер Л.С.Выготскийдің «дағдарыс» теориясына сүйенеді, содан мысалдар келтіреді. Ал, осы мәселесіне жаңаша қарау, оны дамудың қазіргі кезеңіне сәйкес жаңа қырынан ашу, немесе Л.С.Выготский теориясына терең талдау жасаған зерттеулер байқалмайды.
А.Н.Леонтьев бойынша, жаңа әрекеттің қалыптасу жаңа мотивтердің пайда болуымен байланысты, яғни мотивтің мақсатқа бағытталуымен сипатталады; іс – қимыл мазмұны біртіндеп байи түседі де, іс – әрекет шеңберіне көше түседі. Дағдарыс бір кезеңнен екінші кезеңге өтудегі, жетекші әрекеттің бір түрінен екінші түріне ауысардағы дамудың аса қажетті белгісі емес; егер баланың психикалық дамуы тәрбие арқылы меңгермелі сипатта болатын болса дағдарыстың өтпеуі де мүмкін.
Дағдарыс – психологиялық ақиқат құбылыс ретінде емес, бұрыс тәрбие нәтижесі ретінде қарастырылатын болды.
Бұл көзқарасқа қарсы, Д.Б.Эльконин зерттеуінде, дағдарыс жүйеден екінші жүйеге ауысуы ретінде сипатталады. Дамудың сатысында адам іс – әрекетінің белгілі бір жағы қарқынды түрде өседі (оған сәйкес қабілеті де артады), ал екінші жағы біртіндеп қала бастайды. Осы қалу (кешігу) белгілі бір шекке жеткенде, жетекші әрекеттің өзгерісі басталады, нәтижесінде, даму дағдарысқа ұшырайды. Д.Б.Эльконин дағдарыс жастары психикасымен байланысты арнайы сұрақтардың жасалу қажеттілігін атап көрсетті.
Бірақ дағдарыс кезеңнің өту тетігінашқан жоқ. Л.С.Выготскийдің 7 жас дағдарысы туралы зерттеуін талдай отырып, Д.Б.Эльконин дербестікке ұмтылу – бала мен ересек арасындағы жаңа қатынастар жүйесінің қажетті алғышырты деп болжады.
4.Мектеп жасына дейінгі баланы мектепке даярлаудың бағыттар мен оқуға бейімдеу жолдары. Балалардың мектептегі оқуға дайындығын қалыптастыруда жүргізілетін іс – әрекет, тек түзету жұмыстары арқылы ғана үлкен орын алмай сонымен қатар, басқа да танымдық әдістерінің дамуы арқылы, мысалы, зейіннің қасиеттерінде, ес пен қабылдауда, сөйлеу мен ойлауда және т.б процестерде үлкен орын алуы тиіс. Балалардың мектептегі оқуға дайындығын қалыптастыру сабақтардың, білімнің тиімділігін олардың дамуы деңгейі мен зейіннің жоғары дамығанына әсіресе ырықты зейіннің рөлі ерекше жоғары болады. Балалардың санасын бақылау үшін, оқу әрекетіндегі зейіннің анықтау объектісіне туралау, есте сақтау, ойлау мен сөйлеуде алдарына мақсат қойылады.
Қиял белгілі бір затқа тәуелді болып қалмай, ішкі әрекетке айналып ол өз қиялын сөздік шығармашылықта көрсете бастайды. Мысалы: санамақтар, мазақтамалар, өлеңдер және сурет салу, мүсіндеу кездерінде. Міне осы жас ерекшеліктерін ескере отырып, баланы мектепке дайындаудағы негізгі қағидаларды жасауға болады. Баланың мектепке дайындау кезінде ең алдымен баланың мектепке деген қызығушылығын туғызып, содан кейін ғана дамытушылық жұмыстар жүргізу керек.
Негізгі жұмыстар:
1.Баланың қажеттіліктерінен туындайтын психикалық үрдістерді жаңарту;
2.Балаға субъективті қарым – қатнас жасау;
3.Баланың жақын арадағы даму аймағын ескере отырып жеке қарым – қатнас жасау;
4.Баланың қызығушылығын тудыратын, олпрды жандандыратындай сабақтардың көпшілігін ойын түрде жүргізу;
5.Балалар мен қарым – қатнас достық түрде мейірімділік тұрғыда жүргізіліп, жанға ауыр сөздерді баланың іс – әрекетіне қолданбау;
6. Баланың немесе бүкіл топтың жұмысына эмоциялық жағымды баға беріп отыру, әрбір жеңіс балаға қабілетін дамыту тек қана сандық 2, 3, 4, 5 баға бермей істелген жұмысының жақсы және жаман жаңалықтарына талдау.
Қорыта келгенде, мақсатты психологиялық тұрғыдан баланы мектепке дайындау мектеп бағдарламасын орындауда баланың күш жігері толықтай жететіндігін айғақтайды. Осындай педагогикалық – психологиялық демеу көрсетудің нәтижесінде бала бойында мектепке бейімделу тез өтіп, нашар оқушылардың саны азайып, оқуға деген қызығушылықтары жоғарғы деңгейге көтеріледі.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасындағы» мектепке дейінгі тәрбие мәселесіне тоқталыңыз.
2. «ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарына арналған Мемлекеттік бағдарламасы» мен ҚР Білім туралы Заңының (2007 ж.) талаптарына сәйкес, мектепалды даярлық сыныптарының жұмыстарының қайта жандандырылу уралы айтып өтіңіз.
3. Баланы мектепке психологиялық даярлаудың бағыттарын талдаңыз.
4. Мектептегі оқуға дайындық
5. 7-жастағы дағдарыстың көрінуі.
Әдебиеттер:
1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / — 2012.
2. Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / — 2011
3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / — 2014
4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / — 2014