Антонимдер

Антонимдер.

Тілдегі мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздерді антонимдер дейміз.
Мысалы: жақсы-жаман, ескі-жаңа, бар-жоқ.
Сөздердің барлығына бірдей антоним сөз табыла бермейді. Мысалы: дәптер, қалам, бала сөздерінің антонимдері жоқ. Антоним болатын сөздер көбіне сапалық белгіні білдіретін сын есімдер мен қимыл-әрекетті анықтайтын етістіктерден болады.
Антонимдес сөздер бір сөз табына қатысты. Мысалы: өтірік-шын( зат есім),
жоғары-төмен(үстеу), ақ-қара(сын есім).
Антоним және жұрнақ арқылы немесе негізгі сөз және көмекші сөз тіркесі арқылы жасалған болымды-болымсыздық мағынаны теңестіруге болмайды.
Тілде бір-бірімен жұптасып, үнемі қандай мәнде қолданылса да, антонимдес жұп құрайтын сөздер болады.Мысалы: дұрыс-бұрыс, үлкен-кіші, пайда-зиян т.б. Сонымен бірге бір сөз әр мағынасында әр түрлі сөздермен антонимдес болуы мүмкін. Мысалы: ашық-жабық. Бұл қатардағы ашық
сөзі жасырын, тұйық сөздерімен де (ашық дауыс-жасырын дауыс, ашық адам-тұйық адам) антоним бола алады.
Антонимдер –ойды әсірелеп, бейнелеп, сөзге зат, құбылыс, сапа, белгі, қимылды білдіретін сөзді қарама-қарсы жарастыра, қатар қою арқылы дәл, нақты ашудың құралы. Көркем әдебиетте, әсіресе поэзияда, халықтың мақал-мәтелдерінде көп кездеседі.Мысалы : Үлкенге-ізет, кішіге-құрмет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *