Әдеп
Бір жұрттың бас әкімі екінші бір байға жолығысып сөйлесіп тұрғанда, қасынан бір жарлы кісі өтіп бара жатып иіліп, бас ұрып сәлем берді дейді. Оған қарсы әлгі үлкен әкім төре онан да төменірек бас ұрып сәлем алды. Қасындағы бай:
– Тақсыр, осынша жұрттың үстінен қараған әкімсіз, осы бір бейшараға неге сонша бас ұрасыз? – деп айтты дейді. Сонда әкім:
– Ешбір ғылымбілім үйренбеген кісі сонша иіліп, әдептілігін көрсеткенде, менің оған әдепсіз болып көрінгенім лайықсыз болған болар еді, – депті.
(Ы. Алтынсарин)