ӘДЕПТІЛІК – халқымыздың ұлт- тық психологиясының өзегі, иман- дылық пен адамгершіліктің басты белгісі, оның ғасырлар бойы қалып- тасқан қоғамдық санасының прак- тикалық көрінісі, барлық кісілік қа- сиеттердің жиынтығы. Әрине, «Тауы- на қарай аңы, заманына қарай за- ңы», «Әр елдің салты басқа, иті қа- ра қасқа» дегендей, әдептіліктің әр елде тарихи, әлеуметтік өзіндік ерек- шеліктері де болғандығы белгілі. Ал, қазақ халқының әдеп сақтау дәстүрі ешбір тапты, ұлтты, нәсіл мен жы- ныс айырмашылықтарын алаламай- ды. Онда релятивизм, абсолютизм, антитеза дегендер кездеспейді. Әдеп сақтау отбасында, ауыл-аймақ, ел- жұртта қалыптасқан мінез-құлық нор- маларын бұзбауға міндеттейді. Мұны бұзған адамға қауымдастық атынан сол ұжымның өкілі өз пікірін айтуға, тіпті тыйым салуға да ерікті, өйткені әдеп сақтау – әлеуметтік дәстүр. Әдеп сақтаудың экологиялық астары да бар.
Әдепті адам табиғаттың досы, оны қызғыштай қорғай да біледі. Таби- ғаттың әсемдігі мен сұлулығына, әде- мілігіне әрбір адам зиян келтірмеуге тиіс. Мәселен, суды ластау, талды ке- су, қайнардың көзін ашпау, жолдағы тасты алып тастамау, көкті жұлу, ақ- қуды ату, құдыққа түкіру – барып тұрған әдепсіздік. Әдеп сақтау – мі- нез-құлық пен қарым-қатынастың қалыптасқан, халықтың өзіндік мі- нез-құлық кодексі.
Осы ереже бұзылса, халықтық дәс- түр де бұзылады, ұлттық намысқа нұқсан келеді. Әдеп сақтау – халық- тық рәсімге, жол-жоралғыға, тәртіп- ке, құлдық етіп, еріксіз бағыну емес, бұл ата дәстүрді құрметтеу, қастерлеу, дәл айтқанда адамгершілік борышты өтеу. «Әдептілік – әдемілік» дейді халық. Әдептілік – ізеттілік, кіші- пейілділік, көпшілдік деген сөз. Отба- сындағы әдептілікті де әлеуметтік қарым-қатынастың негізі ретінде, әр адам қатаң қадағалап, бұзуға жол бермей, оны қалыптасқан ереже деп түсінуі қажет. Талап қою, әдептіліктің орындалуын талап ету – бүкіл қазақ жұртының, оның мың-мыңдаған әу- леттерінің қастерлі міндеті.