ӘБУ  НАСЫР  ӘЛ-ФАРАБИ

ӘБУ  НАСЫР  ӘЛ-ФАРАБИ (870-950) – қазақ жерінен шыққан, зама- нында Шығыс Аристотелі, Екінші ұс- таз атанған әмбебап ғалым. Ол өмір сүрген заман Шығыс әлемінде ғылым мен білімнің дәуірлеп тұрған кезі еді. Ұлы ғұламаның балалық, жігіттік шақ- тары өткен қазақ даласы да сол кез- де мәдени орталықтардың бірі бол- ды. Тарих шежіресі бізге ІХ-Х ға- сырлар арасында Отырар қаласы (бұрынғы Фараб) Таяу және Орта Шы- ғысқа баратын үлкен сауда жолы бол- ғандықтан, ол, сондай-ақ, өнер-білім- нің, мәдениет пен әдебиеттің өркендеп өскен, көптеген ғұлама ғалымдар шы- ғарған белгілі ел болғандығы жайлы сыр шертеді. Әрине, осындай құнар- лы ортаның Фарабидің аты әлемге жайылған ғалым болуына себі тиген- дігіне күмәндануға болмайды.

Әл-Фарабидің әлеуметтік көзқарасы- ның, қоғамдық ой-санасының, фи- лософиялық пікірлерінің қалыпта- суына ерекше әсер еткендердің іші- нен Аристотель мен Платоннан басқа Араб философиясының негізін салушы әл-Киндиді айырықша атап өтуге тиіс- піз. Фараби еңбектерінің көпшілігі Аристотель мен Платонның филосо- фиялық мұраларын оқып, үйренуге, оларға түсініктеме жазуға, олардың қайшылықтарын табуға, сондай-ақ, әл- Киндидің философиялық көзқарас- тарын одан әрмен қарай жалғасты- рып, дамытуға бағытталған. Фараби, әсіресе, гректің ұлы ойшылы Аристо- тельдің философиялық мұраларына ерекше көңіл бөледі. Фарабидің біраз еңбегі ұлы ұстазының философиялық мұраларын оқып үйренуге, оны зерт- теп түсіндіруге арналғаны да осыдан болса керек. Алайда, әл-Фараби тек өзінен бұрын өмір сүрген философ- тардың мұраларын зерттеп, оларға жай түсініктеме берумен ғана қанағатта- нып шектелмей, психология саласын- да Аристотельден әлдеқайда ілгері кетеді. Мәселен, Аристотель «Жан ту- ралы» бір ғана трактат жазса, Фараби бұл ғылым жайлы жеті еңбек жазған. Фараби Аристотельдің пантеистік пікірлерін қайта қарастырып, мұның негізінде натуралистік пантеизм деп аталатын ілім жүйесін ұсынады. Зерт- теушілердің (А.Закуев, С.Григорян, А.Машанов, А.Көбесов, М.Хайруллаев т.б.) айтуынша ұлы ғұлама өзінің фи- лософиялық пайымдауларын негізі- нен идеалистік сарында өрбіткен Фа- раби материяның өзі форианы сақтау- шы, сол арқылы заттар алуан түрлі сипаттама алады дейді. Бүкіл әлемді қозғалысқа келтіруші «алғашқы қоз- ғаушы» құдай жөніндегі Аристотельге тән концепция әл-Фараби көзқара- сында да белгілі орын алды.

Философия, психология ғылымдары үшін танымдық мәні зор, іргелі мәсе- ленің бірі – жан мен тән проблемасы. Осы мәселенің шешіліміне қарай ға- лымдар сонау ескі заманнан бермен қарай қарама-қарсы екі топқа бөлініп келеді. Мәселен, идеалистер жанды, рухты алғаш пайда болған, ол тәннен бөлек мәңгі бақи өмір сүре береді десе, материалистер дүниенің алғашқы- лығын, жанның тәнмен байланысты- лығын, тән өмір сүруін тоқтатса, жан да бітетіндігін дәйекті деректермен дәлелдеп түсіндіреді.

Әл-Фараби осы мәселеде дәйекті пі- кір айта алмай, материализм мен идеа- лизмнің арасында ауытқып жүрді, дін мен мистика түгелдей тұмшаланған сол кездегі шығыс әлемінде жан ту- ралы салиқалы тұжырымға келу оңай да емес еді. Фараби өзінің «Мәселе- лердің түпкі төркіні» дейтін тракта- тында Платонның «Жан тәннен бұ- рын пайда болған, бұл екеуі бір-бі- рімен байланысты емес» дейтін қате тұжырымын сынға алды. Сөз боп отырған мәселеге орай Фараби бы- лай дейді: жан мен тән бірлікте өмір сүреді, Платонның жан тәннен бұрын пайда болған деуі қате түсінік, жантәннің тірлік қасиеті, адамда қатары- нан екі жан болмайды. Жанның ойда- ғыдай дамып, қалыптасуы үшін тән саулығы қажет. Тән саулығы жоқ жер- де жан саулығы да жоқ. Міне, жан мен тән жөніндегі Фараби түсінігінің негізгі желісі осындай еді. Бірақ осы мәселеге байланысты айтылған Фара- би пікірлерінде қайшылықтар да кез- деседі. Ол «тәннен бұрын жан пайда болған» дейтін Платонның қате тұжы- рымына қарсы шыға отыра, өзі де жан- ның мәңгі бақи өлмей, өмір сүретінді- гін мойындайды. Дене қызметі тоқта- лып, тәнде жан мәңгілікке жасай бе- реді, ол қайтып оралмайды, жаңадан өзгеріске де түспейді. Денеден кеткен рух басқа адамдардың жандарымен қосылып, бүкіл әлемдік жан дүниесін құрайды. Әсіресе, көңілі, рухы таза, адал адамдардың жаны мәңгі өмір сүреді де, залым зымияндардың жаны бірден шіріп, қурап бітеді, – дейді ғұлама.

Ұлы ойшылдың жан мен тән жайлы айтылған пікірлерінің осылайша екі ұштылығы оның философиялық көз- қарастарындағы кейбір қайшылық- тармен ұштасып жататындығы бай- қалады. Әйтсе де, оның жан мен тән мәселесі жөніндегі пікірлері ғылым үшін үлкен жаңалық еді. Фараби Пла- тонға қарсы шығу арқылы бейнелеу теориясының ілкі материалистік сіле- мін салып, психологиялық құбылыс- тардың тәнмен байланыстылығын көрсетіп, адамның жан дүниесі сырт- қы ортаның сәулесі екендігіне жұрт- тың көзін жеткізді. Өсімдіктерде де жан болады деген кейбір виталистік пікір- леріне қарамастан, бүкіл Шығыс әле- мінде психиканың пайда болу, даму жолдарында ғылыми тұрғыдан алған түсіндірген, жан туралы ғылымның терминдерін мұсылман елдерінің та- рихында тұңғыш жүйеге салған да осы ұлы бабамыз Фараби еді.

Ғылым мен техника қазіргідей кең өріс ала қоймаған сол кездегі Шығыс әлемінде ұлы ойшылдың осындай батыл ғылыми пікірлері сол кездің өзінде-ақ дін иелерін қатты қобалжыт- ты, олар Фарабиді құдайдан, діннен безген адам деп, оған лағынет оғын жаудырды.

А). Әл-Фараби еңбектеріндегі жалпы психология мәселелері. Ол адамның жан дүниесін (психикалық құбылыста- рын) тәннің құрылысына орайлас түсіндіруге тырысты. Тәннің де, жан- ның да иесі – жүрек, бұған мидың да қатысы бар, бірақ тәннің басқа мүше- лері сияқты ми да жүрекке бағыныш- ты. Жүрек тіршілік тірегі, қан айналы- сы мен қимыл қозғалысының орта- лығы. Жүрек пен байланыспайтын мү- ше жоқ, ми да жүректен қорек алып, сонан кейін ғана адамның жан дүние- сін басқарады. Жан туралы ілімде Фараби ұстазы Аристотельдің ықпа- лында болды. Ұлы грек ойшылы өзі- нің «Жан туралы» атты еңбегінде өсім- діктерде, жануарларда, адамдарда үш түрлі жан болады десе, Фараби осы пікірді қуаттай келіп, адам жанының өзін үшке бөлді. Ол психикалық құ- былыстарды жан қуаттары деп атады. Жан қуаттарын ол алдымен организмді қозғалдыратын және оған бір нәрсені танып білгізетін қуат деп екіге бөлді. Қозғалдыратын қуат бүкіл тірі орга- низмге ортақ. Ал танып-білу қуаты жануарлар мен адамдарға ғана тән, бұлар сыртқы дүниені түйсіне, сезіне алуға қабілетті. Өсімдіктерде мұндай қабілет жоқ. Сондықтан да, олар бұл топқа кірмейді. Адамда ең алдымен қоректендіру қуаты пайда болады. Бұл адамдардың тәні яғни өсіп өнуге не- гіз болатын дене бітімі. Адамның та- нып білу қуаты да екіге бөлінеді.

Оның біріншісі – сыртқы жан қуаты немесе оның түйсіктену қуаты деп аталады. Мұндай қабілет сыртқы дүние заттарының сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен туады. Сыртқы жан қуатының бес түрі бар. Олар – көру, есту, дәм, иіс, тері түйсіктері. Екіншісі – ішкі жан қуаты делінеді. Бұларға еске түсіру, талпыну қа- білеттері жатады. Адамды жануар- лардан ерекше бөліп тұрған қуат – оның ақыл-парасаты, яғни ойлай, сөй- лей алу қабілеті. Фараби «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы туралы трактат» дейтін еңбегінде жан құбы- лысының түрлі көріністеріне жекелеп сипаттама береді. Мәселен, ол адам өмірінде қиялдың қандай рөл атқа- ратыны жөнінде былай дейді: «Қиял адамға аса қажет жан қуаты. Ол екі түрлі міндет атқарады. Қиял арқылы сыртқы дүние заттарының бейнелері өңделіп, сұрыпталады, бір бейне екін- шісіне қосылып, одан жаңа бейне жасалады. Екіншіден, ол ойлауға ма- териал береді, түйсікпен қосыла адам ойлауының терең, жан-жақты, орамды болуына жәрдем етеді. Адамда түс көру неден болады деген сұраққа да Фараби тыңғылықты жауап берген. Түс көру – адамның ояу кезіндегі шын- дықта көрген, білген, естіген нәрсе- лерінің мидағы бейнесі. Ұйқы кезінде мұндай бейнелер адам ырқынан тыс жүріп жатады, бұл қиялдың енжар көріністері. Фарабидің түс көру тура- лы тұжырымдарының қазіргі ғылыми психологияның айтқандарымен тамаша үндесіп жатқанына қайран қа- луға болады.

Фараби адамның тану процесі екі кезеңнен тұрады дейді. Оның бірінші- сі – сезімдік кезең. Бұған түйсік, қа- былдау, ес процестері жатады. Түйсік – дүниетанудың алғашқы көзі, бірінші баспалдағы. Адамның есі мен елесінің сапалы, әрі нәтижелі болуы оның дұ- рыс түйсіктене алуына байланысты. Ойлау дүниені әр қырынан тануға, мәселені тереңнен түсінуге мүмкіндік береді. Ойлау адам танымының екінші басқышы, танымның жоғары сатысы. Ойлау сөйлеумен тығыз байланысты, ол жалпы адамзатқа тән құбылыс, ал тіл әр ұлттың, әрбір халықтың өзін- дік өрнегі. Жаттағаннан түсінген ар- тығырақ. Түсіну әр нәрсенің тегін ашып, жалпы ережелер мен канондар жө- нінде талдау жасауға мүмкіндік бе- реді. Ғұламаның түсінігінше адамның эмоция, сезім процестері жан қуаты- ның дербес көрінісі болып саналмай- ды бұлар психиканың қалған түрлері- не әр береді, оларды қозғалысқа итер- мелейді. Талпыну, әсерлену қуаты адамның мәнерлі қозғалыстарынан жақсы байқалады. Мәселен, адам ұял- ғанда қызарса, қорыққан кезде сұп- сұр болып, түсі қашады.

Жан қуаттары туралы теориясында Фараби адамның ерік-жігер, қажыр- қайратын жеке процесс ретінде қа- растырмайды. Бұларды этика ғылы- мына орайлас пікірлерінде жол-жө- некей сөз етеді. Жақсы қоғам, ізгі адам- дар, олардың күшті қажыр-қайраты мен ерік-жігері – рухани қасиеттерді қалыптастырудың негізгі факторлары қылық пен іс-әрекетінің саналылығы, тоқтамға келушілік, батырлық пен ерлік, рухани жағынан жетілу т.б.ерік-жігердің жақсы сапалары бол- са, мейрімсіздік, қорқақтық, дүние- қоңыздық, нәпсіқұмарлық т.б. адамның ұнамсыз қасиеттері болып табылады. Фараби таным мәселесінің түп қазы- ғына келгенде дуалистік көзқараста болды. Мәселен, ол танымның бірін- ші басқышы – түйсіктерді материа- листерше түсіндіргенімен, ойлауға келгенде жаңсақ түсінікке жол бере- ді. Ол ойлау материядан тыс тұрған ерекше рухани күштің әсерінен туып отырады деп тұжырымдады. Ал, Фа- рабидің түйсік, қабылдау, қиял про- цестерін сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының денедегі (жүйкеде- гі), мидағы түрлі бейнелер деуі ғылы- ми тұрғыдан өте байсалды түсінік еді. Мәселен, көз айна тәріздес нәрсе, ол сыртқы дүниенің сәулесі түсіп оты- ратын алғашқы саңлау. Көру түйсігі көзге зат әсер еткенде ғана пайда бо- лады. Егер көзден зат кетсе, онда түй- сік тумайды, құлақ ауадағы тербе- лістер әсер еткенде ғана естиді. Сезім мүшелерінің қай-қайсысы да адамды сыртқы дүниемен байланысқа түсіре- тін аспап. Көру түйсігі көзден шық- қан шырақтың нәтижесі, көзге зат әсер етпей-ақ түйсік пайда болады дейтін Платон пікірімен Фараби келіспейді. Қараңғыда зат та, оның бояуы да анық көрінбейді, көзге сырттан күшті әсер келіп түскенде ғана адамда түйсік пай- да болады, дейді Фараби. Ұлы ғұла- ма жан қуатының басты-басты түрле- ріне сипаттама бере келіп, психоло- гияның бұдан басқа да проблемалары жөнінде сөз қозғайды.

Мәселен, ол психиканың қалайша да- мып жетілгендігі жайлы мәселеге де ерекше мән берген. Психика айрық- ша сапада тұрған қасиет. Жануарлар мен адамдардың тән құрылысының өзгешелігіне қарай олардың жан қуаттары да өзгеше болады. Материал- дық элементтердің қосылысынан (ыс- тық, суық, дымқыл, құрғақ) жануар- лар психикасы түзілген. Осы элемент- тердің ең жоғарғы қосындысынан ба- рып адам психикасы пайда болған. Адам жаны дүниенің теңдесі жоқ туын- дысы. Оның жануарлардан негізгі айырмашылығы ақыл-парасатпен сөйлей алу қабілеті, өнермен айна- лысуы, еңбек ете алуы. Бұл айтылған- дарсыз адамның тәні де, жаны да ой- дағыдай дамымайды.

Оның бала психикасының қалайша дамып, жетілгендігі жөнінде де қыз- ғылықты пікірлері көп. Баланың жасы өскен сайын оның ақылы да, яғни тәнімен бірге жаны да өсіп отырады. Мұның бәрі оның тіршілік қажетінен туындайды. Мәселен, балада ең алды- мен өсіп-өну қуаты пайда болады. Бұл оның дене бітімінің қалыптасуында үлкен рөл атқарады. Алдымен, тән түйсігі, кейіннен барып дәм, иіс айы- ратын түйсіктері, заттың түрін, түсін, пішінін түйсіне алу қабілеті пайда болды. Адам психикасы негізінен өмір барысында, оқу – тәрбие үстінде қа- лыптасады. Бұл жерде оның өз бетін- ше әрекеттенуі, өзіндік белсенділік қасиеттері де оның өмірден алатын тәжірибесінен туындайды. Адам дү- ниеге ақылды, не ақылсыз, зұлым, не ақ ниетті болып келмейді. Бала ой- лау, сөйлеу қабілетіне туыстан бола- тын икемділікпен ғана дүниеге келе- ді. Оның осы пікірлері де қазіргі ғы- лыми психология түйіндеген тұжы- рымдармен ғажап үндеседі.

Фарабидің адамның әртүрлі дара өз- гешеліктері туралы айтқан пікірлері де көңіл қоярлықтай. Жеке ерекше- ліктер адамның дербес өмір сүру тә- жірибесінен, оның дене бітімінен, өзіндік белсенділігінен туындайды, яғни адам бір-бірінен тәні жөнінен өзгеше болса, жаны жөнінен де сондай өзгеше болады, жан қуаты біреуде мол, біреуде кем келеді, бұл жағдай оның темпераментіне де байланысты, тәнді жетілдіруге болатыны сияқты жанды да жетілдіре беруге болады. Фараби еңбектерінде психология ғылымы- ның бұдан басқа мәселелері де жан- жақты сөз болады.

Ә). Әл-Фарабидің қоғамдық психо- логия жайлы түйіндері. Оның ұғы- мынша әлеуметтік топтардың ең үлке- ні адамзат қоғамы, халықтар бір-бі- рінен үш ерекшелігімен ажыратыла- ды дейді. Бұл айтқандарға әрбір ха- лықтың табиғи әдет-ғұрпы мен салт- санасы, мінез бітістері мен тіл ерекше- ліктері жатады. Фараби түрлі тайпа- лар мен халықтардың психологиялық ерекшеліктерін көп жағдайда геогра- фиялық ортаға қарай түсіндіреді. Әри- не, мұның қазіргі ғылым тұрғысынан дәйексіз түсінік екені белгілі. Осы жерде біз Фарабидің түрлі қоғамдық топтар туралы айтқан пікірлерімен беттесіп отырмыз. Фараби айтып отыр- ған адамзат қоғамы, халықтар мен тайпалар бәрі де әлеуметтік психо- логияда үлкен топтар немесе макро орта делінеді.

«Ізгі қала тұрғындарының көзқара- сы туралы трактат» деген еңбегінде Фараби осындай топтардың әрқай- сысына жеке-жеке сипаттама беріп, бұларды әлеуметтік психологияның негізгі категориялары ретінде ұсы- нып, ғылыми талдау бере отыра, Фа- раби сол қоғамдағы жекелеген топтардың әлеуметтік жағдайын, атап айтқанда, олардың нендей кәсіппен айналысатындығын, тұрмыс-салтын, кейде оларға тиісті қоғамдық байлық- тардың адамдарға тиетін үлесін көр- сетпекші болады. Сөйтіп, Фараби әр алуан топтың өкілдері туралы сөз қоз- ғап, әлеуметтік психологияның ірге- лі мәселелерін күн тәртібіне бірінші қойған ғалым болды. Біздің ойымыз- ша Фарабидің «қала» ұғымын түрлі әлеуметтік топтарды даралап сипат- тауға қолдануы тектен тек болмаса керек.

Тарихи деректерге жүгінсек, орта ға- сырда қала тұрғындары тікелей айна- лысқан кәсібіне, көбінесе, қоғамнан алатын әлеуметтік орнына қарай бір жерге шоғырланып, бір топ екінші топтан бөлек тұрған. Мұндағы топтар- дың өздеріне тән ортақ моральдық- психологиялық қасиет – ерекшелік- тері де болған. Қала тұрғындарын түр- лі топқа бөлген кезде мұның себебін ғұлама материалдық жағдайлардан іздегісі келеді. Фараби материалдық қажеттерді өтеу үшін адамдарға ең алдымен материалдық игіліктерді өн- діру қажет екенін, осы жерде адамдар арасында пайда болатын қоғамдық, әлеуметтік қатынастардың қандай прин- ципке негізделуі керектігін айқын тү- сіне алмады. Фарабидің ұғымында ізгі қала басшылары, топ жетекшіле- рі туралы мәселені де қоғамдық пси- хология қарастырады. Қаланың әр- түрлі топтағы өкілдері рет-ретімен са- тылап орналасып және өзіне қызмет ететіндерге әмірін жүргізіп тұратын болады. Төменгі басқышқа орналасқан жоқ-жітік адамдар, қоғамдағы ең тө- менгі адамдар болып есептелінеді. Әртүрлі әлеуметтік топтарға бөлінген қала тұрғындарының моральдық- психологиялық ерекшеліктері де түр- ліше сипат алады.

Қала басшыларының кішісі үлкені- не, яғни екінші басқыштағы бастық бірінші басқыштағыға сөзсіз бағынуы, үлкен бастық қай жағынан да айтқа- нын екі еткізбейтін, абсолюттік бас- тық болып есептелінеді. Оны үстінен ешкім басқармайды, оған ешкім ша- ғым да жасамайды. Оның білімі де телегей теңіздей, ақыл-парасатына да, ерік-жігеріне де ешкім тең келе ал- майды. Тек осындай қасиеттері бар басшы ғана халықты соңына ертіп, бұқараның мұң-мұқтажын, талап- тілегін өтей алады. Фарабидің түсіні- гінше, қала басшысы да мұғалім сияқ- ты жұрттың әрі ұстазы, әрі тәрбиеші- сі. Егер мұғалім балаларды тәрбиеле- се, қала бастығы ондағы тұрғындар- ды ізгі қасиеттерге баулиды. Олай болса, мұның екеуі де «сегіз қырлы, бір сырлы», жұртқа қай жағынан да болса үлгілі болғаны абзал.. Олар бас- қалардан қай жағынан да көш ілгері тұратын кісілер. Осыған орай ізгі қа- ланың бастығында мына сипаттар, атап айтқанда: дене мүшелері мінсіз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін… өзі түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрсе- лердің бәрін жадында жақсы сақтай- тын… алғыр да аңғарымпаз ақыл ие- сі… өткір сөз иесі және ойына түй- геннің бәрін айдай анық айтып бере алатын… өнер білімге құштар… тағам- ға, ішімдік ішуге, сыр-сұхбат құруға келгенде қанағатшыл, жаны асқақ жә- не ар-намысын ардақтайтын жараты- лысынан игі істерге ынтазар… әділеттік пен әділеттерді сүйіп, әділетсіздік пен озбырлықты жек көретін… жақындарына да, жат адамдарына да әділ, пасықтық атаулыға мүлде рақымсыз… қорқыныш пен жасқану дегенді біл- мейтін батыл, ержүрек бойында туа біткен он екі қажетті ұштастырған адам ғана ұстаз, халықтың басшысы бола алады. Осылайша Фараби ізгі қаланы басқаратын әрі білімді, әрі ақылды, әрі әділ билеушінің негізгі он екі түрлі жақсы қасиеттері болуы ке- рек екендігін айтады. Әрине, мұндай қасиеттердің бәрі бір адамның басы- нан табыла бермейтін болғандықтан, ол

«ізгі қаланы» бірнеше басшы бірлесіп, коллегиялық жолмен басқарғаны жөн деген қағиданы ұсынады.

Ұлы ойшыл әртүрлі қаланың адамда- ры бір-біріне қалайша көмектесеті- нін, олардың бақытқа қандай жол- дармен жететіндігін де айтқысы ке- леді. Әр топтағы адамдар бақытқа түрлі жолмен жетеді. Егер ізгі қала адамдары тату-тәтті өмір сүрумен, ғы- лым-білімді дамытып, көркею жо- лымен бақытқа жететін болса, надан қаланың адамдары бақытқа жұртты алдап-арбап, неше түрлі сұмдық іс- тер жасап, жететін болады. Адамдар бақытты болу үшін біріне-бірі көмек- тесіп отыру мақсатымен бірлескен қала ізгі қала болады. Халқы бақытқа жету үшін өзара көмектесіп отырған қоғам да ізгі қоғам болады. Бақытқа жету жолында біріне-бірі көмектесіп тұратын халық ізгі халық болады. Сол сияқты халықтардың бәрі бақытқа ұмтылып, біріне-бірі көмектесіп отыр- са, бүкіл жер жүзі ізгі болар еді, – деп тұжырымдайды ұлы ұстаз.

Ізгі қала адамдары бір-бірімен тең өмір сүреді, біреуден біреу артық бо- луды көздемейді, қала басшысы тұр- ғындардың қалауымен сайланады,адамдар өз еркімен некелеседі, дүние- ге келу, өсіп-жетілу, тәрбиелену бәрі де табиғи жағдайда, өз үйлесімімен жүріп жатады. Мұнда ойшылдардың, шешендердің, ақындардың, ғалым- дардың т.б. зиялылардың кемелденіп жан-жақты шарықтауына барлық жағ- дай жасалған. Әрине, Фараби кол- лективтік қала туралы айтқанда мұн- дағы түрлі әлеуметтік топтардың психологиясындағы антагонистік жақ- тарды ашып көрсете алмағаны бел- гілі. Фараби түсінігінде ізгі қала тұр- ғындары пайдаланатын игіліктер: ғы- лым негіздерін меңгеру, әділдікке ұм- тылу, әртүрлі әлеуметтік топтардың бір-бірімен тату-тәтті өмір сүруі т.б. Фараби осы қала тұрғындарының өзін бірнеше топқа бөледі. Соның бірі – қоғамдағы әлеуметтік жағдайы бір- шама ұқсас адамдар. Бұл категория- дағылардың өзін ол әрмен қарай үш топқа бөледі: бірінші топтағы адам- дар – бір-біріне дос; екіншілері – бір-біріне қас; үшіншілері – бір-бі- ріне бейтарап қарайтын адамдар. Дос- тықтың екі түрі болады. Оның бірі – адал дос та, екіншісі – айнымалы, ал- дамшы дос.

Адал досқа үнемі зор ілтипатпен қа- рап, одан айырылып қалмау жағын көздеген дұрыс, екі жағы да бір-біріне жақсылық ойлап, ылайым да өзара қамқорлық жасалынуы тиіс. Жақсы достың сенімін ақтаған абзал. Осын- дай достар ащы-тұщыны бірдей та- тысып, нені болса да бірдей көретін болады. Фараби нағыз шынайы дос- тықты дәріптеп, жұртты осындай адамдардан үлгі алуға шақырады. Достықтың екінші бір түрі – алдам- шылыққа негізделеді. Жалған дос- қа адам өзінің құпиясын, мінез-құлқындағы кемшіліктерін айта берудің қажеті жоқ. Осындай жалған достар- ды адал жолға түсіру үшін қажымай- талмай жұмыс жүргізген абзал. Бір- біріне жау адамдардың да екі түрі бо- лады. Бірі – өшпенділігі мол, жаулы- ғы басынан асқан адамдар да, екінші- сі – көре алмаушылықтан жауыға- тындар. Фараби бұлардың біріншісі- нен ерекше сақ болып жүрудің қа- жеттігін айтады, олардың ой-пікірін үнемі қадағалап, біліп жүруді еске салады. Тіпті, осындай адамдардың арам ниетін біліп қана қоймай, тиісті жерінде аяусыз әшкерлеу қажет дейді. Бейтарап адамдардың жолдастық, достық жөніндегі ұғымдары мардым- сыз болады. Бұлардың өшпенділік- пен жұмысы жоқ, кейде пайдалы ақыл- кеңес беретіндері де кездеседі. Бірақ олардың айтқан пікіріне сын көзбен қараған дұрыс. Бейтарап адамдардың адалдығына көз жеткенше оларға дос адамдай беріліп кетуге болмайды. Жақ- сы ой-тілектегілер араз адамдарды татуластыруға, олардың арасында қарым-қатынасты қайта орнатуға жәрдемін тигізеді. Сондықтан, бұларға көңіл бөліп, іс-әрекетіне қолдау жа- саған жөн. Ақымақ адамдарды да асқан төзімділікпен тәрбиелеп, байып- тылықпен қарым-қатынас жасаған абзал. Бұлардың іс-әрекетіне қарсы тұрып, теріс қылықтарын үнемі бет- ке айтып, жаман қылығына көзін жеткізген дұрыс. Мақтаншақтарды тиісті тәрбиенің арқасында тезге са- лып, олардың артық сезімдерін те- жеп, қарапайым жан етуге мүмкіндік мол, дейді Фараби.

Ізгі қала тұрғындарының енді бір тобы – әлеуметтік жағдайлары төмен сатыда тұрған адамдар. Бұлар да бірнеше топқа бөлінеді. Мұның бірін- шісіне кедей-кепшіктер жатады. Фа- рабидің ұғымынша, бұлар ерекше қамқорлықты қажет ететін адамдар. Мұндайлардың мұң-мұқтажын қана- ғаттандыруды үнемі естен шығармау керек. Егер адам кедейлігін айтып босқа мүләйімситін болса да, бірден жазғырмай аздап көмектесу қажет, яғ- ни оның тауын шақпаған дұрыс. Ал, шын мағынасындағы жарлы адамға ерекше көмек жасау қажет. Фараби осындай топ өкілдерінің біріне мед- ресе шәкірттерін жатқызады. Кейбір шәкірттер, – дейді ол, – білім алуды өздерінің қара басының қамы үшін пайдаланғысы келеді. Бұл өте жаман әдет. Мұндай шәкірттердің ісін сын көзбен қарап, теріс мінездерін алды- мен өздеріне түзеттіру жағын ойла- ған жөн. Ал, мінезі әуелден түзу шә- кірттерге білім ешбір қиындықсыз қо- нады. Осыларды оқытып, тәрбиелеу- ге ешуақытта да жалықпау керек. Ұстазының жәрдем беріп, көмектесе- тіні де осындай шәкірттер, – дейді ұлы ғұлама.

Ізгі қала тұрғындарының үшінші то- бына әлеуметтік жағдайы барша жұрт- тан жоғары тұратындар жатады. Бұл категорияға кіретіндер – қала басты- ғы, оның әртүрлі жәрдемшілері мен серіктері. Фарабидің айтуынша, бұ- лардың да жақсы қылығын мадақтап, әділдігін жұртқа айтып отыру керек. Ал қала бастығының кемшілігін тікелей айтпай, жанамалап, үлгі-өнеге түрін- де, мақал-мәтелдер арқылы салысты- ра, яғни астарлы әсем сөздермен ғана сырласып отырулары тиіс. Осылайша өмір сүрген адам ғана өзіне де, өзінің қаласына да қиянат етпей, ар-ожданы таза адам болады. Фараби қоғамдық (әлеуметтік) психология саласында өз заманы үшін сындарлы пікір айтқан ұлы ойшыл. Оның осы мәселеге орай- лас көптеген пікірлері қазіргі әлеу- меттік психологияның кейбір ғылы- ми қағидаларымен үндесіп жатқан- дығы былай тұрсын, бұлары, тіпті, өзінің оригинальдығымен, күн тәрті- біне алғаш қойылуымен жұрт наза- рына бірден түседі. Біздің ойымыз- ша, Фараби осы мәселе жөнінен де бүкіл Шығыс әлемінде алғаш ой тас- тап, өзін биіктен көрсете білген, өре- сі жоғары әмбебап ғұлама.

В). Фарабидің ән мен музыка жайлы толғаныстары. Оның осы төңіректегі ой-тұжырымдарын сөз еткенде біз ал- дымен оның музыка саласында тұ- жырымдаған басты принциптерін қа- растыруымыз керек. Әбу Насыр әл- Фарабиден бұрын музыка теориясы жөнінде біршама ғылыми пікір айт- қан Пифагор мектебінің өкілдері еді. Фараби болса өзінен бұрынғы музы- ка теоретиктерінің айтқандарын те- рең зерттеп, олардың кем-кетік, ша- лағай жерлерін ғылыми сарапқа са- лып түсіндіреді.

Фараби музыканы математиканың ірі- ірі жеті тарауының бірі деп санайды, ол оны екі тұрғыдан қарастырады. Мұның біріншісі – практикалық музы- ка да, екіншісі – теориялық музыка. Ғұлама, сөйтіп, музыканы ғылымның белді бір саласына жатқызады да, оны басқа ғылымдармен (математика, пси- хология, этика, философия т.б.) қосар- ластыра қарайды. Ұлы ғалымның музыка саласындағы еңбектері жайлы

«Философиялық трактаттардың» ал- ғы сөзінде былай делінген: Ибн Сина- ның даңқы, ең алдымен, «Медицина каноны»  арқылы  шыққан  болса, әл-Фараби «Үлкен музыка кітабының» авторы ретінде әйгілі. Бұл – эстетика, психология, акустика, математика, ас- пан өнері проблемаларын қамтитын, жинақты шығарма. Осы трактат жа- йындағы кіріспе пікірлерден ізденіс- зерттеудің тыңнан жүргізілгені, со- қыр сенім атаулыдан аулақ, айқын творчестволық программаның алға қо- йылғаны көрінеді… Ол музыка прин- циптерін және соған қатысы бар мә- селелерді зерттеумен тынбайды. Ол өзіміз қолданып жүрген музыкалық аспаптарды үйреніп алғанға дейін зерттеуін жүргізе береді. Сөйтіп осы аспаптардың көмегімен принциптер- дің қалай жүзеге асырылатынын көр- сетеді.

Фараби еңбектерінде музыканың адамның эстетикалық сезімдеріне қа- лайша әсер ететіндігі, оның әртүрлі жағымды, жағымсыз көңіл күйлерін қалайша туғызатындағы, адамның эс- тетикалық талғамы, яғни әсемдік пен көріксіздікті бағалай алуы, бір сөзбен айтқанда, оның талғамдарды қалыптастыруға қалайша әсер ете- тіндігі сөз болады. Бұларда, сондай- ақ эстетикалық сезімдердің дүние- дегі әсемдік пен күйкі заттарды қа- былдаудағы атқаратын рөлі, музыка- ның адам организмін бірқалыпты күйге келтіруі жайлы әңгіме бола- ды. Фараби жақсы музыкалық шы- ғармалардың адамгершілік қасиет- терді қалыптастырудағы маңызына тоқтала келіп, эстетикалық талғам мен этикалық ұғымның тығыз байланыс- та екендігіне ерекше назар аударады. Ұлы ойшыл музыканың адамға беретін әсерінің сырларын дәлелдей келіп, мұның адам өміріндегі алатын ғылы- ми зор маңызын былайша түсіндіре-

ді: «Бұл ғылым (музыка, ән) өзінің байсалдылығынан айырылған адам- ды түзеуге, қызба адамды бірқалып- ты ұстауға құдіреті әбден жетеді». Бізге эстетикалық сезімдердің әртүр- лі жағымды, жағымсыз эмоциялар- дың жиынтығы екендігі, онда махаб- бат пен жек көрушілік, қуаныш пен қайғы, тағы осындай адамның толып жатқан көңіл күйлерінің тоқайласып жататындығы белгілі. Музыка трак- таттарының бірінде Фараби былай дейді: музыканың негізгі мақсаты адамның эстетикалық қажетін қана- ғаттандыру. Бұл поэзияға да ортақ қасиет, өйткені поэтикалық тіл мен музыка тілі бір-біріне етене қабысқан кезде ғана музыканың әсерлілігі арта түседі. Адамзатқа тән ерекше бір жақсы қасиет – өзін қоршаған дүние- нің әсемдік сырларына үңілу, содан рухани нәр алу, өзінің нәзік сезімін образдар арқылы паш ету; «Музыка- ның ұлы кітабы» деген еңбегінде Фа- раби дауыс өнеріне үлкен мән беріп, оны жоғары бағалайды. Ән өнері адам жанының нәзік сезімін бейнелейтін тамаша құралдардың бірі. Оны адам- зат тарихынан бөліп қарау мүмкін емес, өйткені, ол – адамдармен бірге өсіп, біте қайнап келе жатқан айны- мас жан серігі, өмір өткелінің сырла- рын дауыс арқылы бейнелейтін жан- ды тарих. Ежелгі дүниенің ұлы ойшы- лы Аристотель өзінің «Саясат» дейтін еңбегінде музыканың ізгі моральдық принциптерді қалыптастырудағы зор маңызы туралы айта келіп оны тәнді ширатып, шыңдайтын гимнастика- мен салыстырады, мұның адам ден- саулығына пайдасы мол екендігін ай- тады. Тән ауырғанда көңілдің күрт түсуі табиғи құбылыс. Сондай кездерде сазды әуеннің әсерімен көңіл сер- гиді де адам жаны жай тауып, өзінің ауру халін ұмыта бастайтын болады. Фараби да осы пікірге қосылады. Му- зыка бізді қиындыққа шыңдауға, ауыр еңбекке төзуге көмек етеді. Сон- дықтан да, кемеңгер ойшыл шаршап- шалдығуды ұмыту үшін, көңілді жұ- бату үшін ән салу қажет деп тапқан. Фараби ұғымында ән және оған қа- тысты аспаптар сезім, қиялды оята- тын, сананы нұрландыратын болуы керек. Музыкалық нағыз өнер мело- дияларды (әуендерді) барынша тар- тымды етіп орындауда көрінеді. Фа- рабидің пікірінше, ән салудың түр- лері де сан алуан. Мәселен, мұнда ро- мансты, жоқтауды, мұңды лирикалық шығарманы (элегияны) шақыруға керекті қабілеттен төгілмелі өлеңді термелеп (тақпақтап) айту немесе бас- қа өлең түріне бейім дарындылық әр түрлі болады.

«Музыканың ұлы кітабында» ол му- зыкалық форманың үш түрі бар еке- нін еске салады. Оның біріншісі адам- да жай ғана рақат сезімін тудырады. Екінші түрі – құмарлықты, іңкәрлікті қоздырады. Музыканың үшінші түрі қиялды оятып, санада небір ғажайып бейнелердің тоғысуына жағдай жа- сайды. Осы үш жайтқа бірдей ие болған музыка ғана кемеліне келген музыка болады. Ол бізге өлеңдей әсер етеді, поэзияға ұқсас міндет атқара- ды. Егер музыканы өлеңге лайықта- са, оның әсері де, ондағы сөздер де мәнерлене түседі. Мұндай жағдай тек адамның даусы тудыратын музыкада болады. Адам, тіпті, жануар да әдет- те аса қуаныш сезіміне бөленгенде, не ауыр қайғыға ұшырағанда сазды дауыстар шығарады. Адамның дауысы көңіл күйінің басқа да жағ- дайларына байланысты болады. Ол қайғыны, мейірімділікті, ашуды біл- діре алады. Музыкалық әуендер адам- дардың жұмыс істеу кезінде, демалыс сағаттарында, әр түрлі формада қиы- сып келуі тиіс. Мәселен, жағымды сезім оятатын музыка демалыс үшін қолданылады, ол бізді жақсы тынық- тырады, оның жұмыстан шаршаған- дықты ұмыттырып, өзіне баурап әке- тетін қасиеті де болады.

Ұлы ғұламаның музыкалық қабілет (дарын) жөніндегі пікірлері де көңіл аударарлықтай. Адамның мелодия тудыра алу қабілеті ойлау әрекетіне қарағанда ең негізгі қабілет болып саналады. Теориялық музыка өнері ақыл, ой-санамен тығыз байланысты, тек осындай жағдайда ғана музыка ті- лін жақсы түсінуге болады. Ғылым- дардың қай саласы да табиғи түрде кездесетіндігін, кейде бұлар өнердің, іс-әрекеттің барысында туатынын ай- та келіп, айырықша дарынды адам- дарда жоғарыда айтылған музыка- ның үш түрін бірден шығарарлық мүм- кіндігі байқалады дейді ғалым. «Му- зыканың ұлы кітабында» Фараби: музыкалық қабілет адамның туыстан, табиғатынан берілген дарыны, бұл қабілет оның музыка шығармаларын жасауына, оларды жанға жайлы етіп тудыруына жағдай жасайды, мелодия- ны санасына толық сәулелендіріп жат- пай-ақ, суырып салатындай дарыны бар музыканттар да болады, дегенді ескертеді. Мәселен, мұндай дарыны бар музыкант қатарына Фараби медине- лік Мабаданды жатқызады. Кейбір му- зыканттардың елестету, қиялдау қабі- леті аса күшті болады. Олар музыка- ны дыбыс сезіміне сүйенбей, яғни есту мүшесінің жәрдемінсіз-ақ көңіл- де, жадында шығара алады. Музыка- ны қабылдауда адамның барлық түй- сіктерінің маңызы зор. Фараби ұғы- мында мұндай түйсіктер табиғи және табиғи емес болып екіге бөлінеді. Табиғи жағдайда түйсік жанға рақат таптырады. Табиғи емес жағдайда түй- сік көңілдің құмарлығын онша қан- дыра алмайды.

Жалпы өнер, ғылым атаулының бә- рі – зор дарын, арнаулы қабілет, өл- шеусіз еңбек сіңірудің жемісі. әл- Фараби адамның музыкалық қабі- летінің дамып, қалыптасуына тума қасиеттермен қатар тіршілікте біртін- деп қалыптасатын образдарға бай қиялдың ақыл-парасатпен қосақта- лып келуіне ерекше мән береді. Оның ойынша, дарын-ақыл-парасат пен қиялдың ойдағыдай қиылысқан жиын- тығы. Нағыз өнер үшін бұлар шын- дықпен жанаса келіп, ақиқат елес ту- дыруы қажет.

Фарабидің музыка туралы айтқан- дарынан мына төмендегідей кейбір педагогикалық қорытындылар да туындайды. Мәселен, музыка өнерінің әр түрлі бөліктерін оқудың, үйрену- дің арқасында ұғынуға болады. Шә- кірт алдымен үйретушінің әсерлі ме- лодияны (күйді) тудырған қимылына еліктеуге тырысады. Ол өзінің барлық көрген-естігенін айнытпай қайталау- ға тиіс. Естіген музыканы жадында берік сақтап, қиялына берік қондыра алатындай, музыканы бұлжытпай қайталай алатындай қабілетке жеткен- нен кейін барып, ол үлгіні қажет етпейтін болады. Шәкірт бұл кезең- нен өткеннен кейін белгілі бір шығар- маны ешбір қиналмай-ақ, шапшаң да ептілікпен ойнау дәрежесіне жеткенге дейін жаттығады да, содан соң же- тік музыкант болып шығады. Сөйтіп, ол табиғи дарынның мүмкіндігіне асып түсетін дәрежеге түседі. Музыкалық шығарманы жаттап алып, есінде берік сақтау үшін шәкіртке мол тәжірибе керек болады. Мұнсыз музыкалық идея іске аспай қалады. Ал музыка шығарушылық мәселесіне келсек, ол үшін жан-жақты жаттығу қажет. Осы- мен қатар музыканың түрлерін (жанр- ларын) бір-бірімен салыстыра, мело- дияларды талдай ажыратып, әрбір тонның (сазды үннің), дыбыстың әсе- рін мұқият бағалай білу керек. Шәкірт өз бетінше жаңа мелодия ойлап шы- ғару дәрежесіне жеткенше бұл жат- тығу жүргізіле беруі тиіс. Әл-Фараби- дің психология ғылымының басқа да салаларына байланысты айтқан салиқалы түйін-тұжырымдары тиісті жерлерінде сөз болып отырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *