ӘБЕСТІК

ӘБЕСТІК – мінез-құлықтағы өрес- кел, қателік, білместік, ағаттық әрекет- терден көрінетін ерсі сипат. Кісінің ар- ұятына тиетін әдепсіздікті білдіреді. Әбестік күнделікті өмірде мінездің оғаш қылығы ретінде адамның кісілік қасиеті мен тұлғалық сипатына сын болып тағылады. Мұндай сипаттар зиянсыз, зілсіз болғанымен сырт көз- ден тыс қалмайтын ұнамсыз қылық. Әбестік адамның жан дүниесіне шан- шудай қадалатын жағымсыз қасиет емес, бірақ адамның ары мен сезіміне әсер етіп, кейде күлкі тудырады. Мі- нез-құлықтағы кейбір әбестік көрініс- терге жол бермеу үшін әлеуметтік ор- та мен тәлім-тәрбие істерінің мақсат- ты жүргізілуі тиіс.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *