Үлгілі сөздер
Барлы, Барлы, Барлы тау, Басы есеннің – малы жау.
Ұйықтамаса, қабақ жау Ішпей жүрсе, тамақ жау!
Арық атқа – қамшы жау, Жыртық үйге – тамшы жау!
Ұрысқақ болса, ұлың жау, Керіскек болса, келін жау! Кетеген болса, түйең жау, Тебеген болса, биең жау.
Ұл он беске жеткенше, Қолға ұстаған қобызың. Ұл он бестен асқан соң, Тіл алмаса, доңызың! ***
Ақсұңқар, ұшқырмын деп мақтанба, Алдыңда жаюлы тұрған торлар бар. Тұлпар, сен жүйрікпін деп мақтанба, Алдыңда қазулы саған орлар бар!
Басым көп деп, топтанба,
Малым көп деп, шоқтанба!
Бұрынғылар айтқан екен:
«Мал ұрысы – пенденің ұрысы,
Сөз ұрлаған – құдайдың ұрысы», – деген екен.
Сыбырласып сөйлесудің, сөзді жасырып сөйлескенінің хақында айтылған сөз. Бұрынғы заманның жақсылары бүркітше саңқылдап, айдай ғаламның көзінде сөйлесуші еді. Бұл заманның қулары: «Бері шығып кетші!» – деген пәлеге қалды. «От ішінде мақта, Мақтадай құдай сақта!»
(МәшһүрЖүсіп)