Қырғыздар. Этнографиялық очерк

1. Қырғыздар. Этнографиялық очерк
…Қазақ – қызу қанды жан. Оның рухына жайсаңдық, ізгілік тән, ол ылғи да жайдары жүреді, жалпы сергек әрі еліктегіш келеді, алайда «жүйкесі» көнбіс, ашушаңдыққа бара бермейді. Оның қызу қанды болуының себебі бәлкім, көшпелілердің өмір салтынан да болса керек. Қозғалысы шапшаң, үнемі ат үстінде жүруі қан айналымы мен зат алмасуына қолайлы болуы тиіс; бұған қоса дала тұрғындары дене қызуының жиі алмасуы, олар жұтатын таза ауа да; шөлейтте жол шеккенде сусынды көп ішпеуі, діни жоралғыларға байланысты тағамдар таңдауы, асқазан және ішек жолы қызметін жақсартуға жәрдемдеседі, бұлардың оның рух күшін сақтауға маңызды ықпалы бар; ақыр соңында, арақпен, апиынмен және темекімен жүйкесін жұқартуға әдеттенбеудің де біраз пайдасы бар. Жүйке салауаттылығы адамның иманды, өнегелік бейнесінен де жақсы көрінеді. Жаны жайсаң адам өзгелерге де іш тартады. Қазақ ниетімен ақкөңіл; ол сондай­ақ қастерлі қасиеттерге адал, басқаның қайғы­күйінген кезде салауатты және төзімді. Қатігездік пен кекшілдік қазақтар арасында кездеспейді десе де болады… Басқа да көшпенді халықтар сияқты олар меймандостықты ерекше қасиет тұтады, мұның өзі риясыз көмек көрсетуден байқалады… Ажалмен бетпе­бет келген қазақ ешқашан абыржып абдырамайды. Ұрыста және шабуыл кезіндегі көнгіштігі де қайран қаларлықтай. Ол мейлінше тату­тәтті өмір сүруді қалайды, қыңырлығы аз. Кек сақтамайды, тіпті, өздігінен қиян­кескі ұрыс салуға да әдеттенбеген (Н. Зеланд).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *