Ғибратнама
Апырымай, кессем бе екен мен тілімді,
Үйрендім қайдан өнер, көп білімді,
Өткіздім қасірет пен қапалықта Қызықты ойнапкүлер мезгілімді.
Болдым ғой өнерімді тауысқандай, Мерт болдым айға шауып арыстандай. Сұңқардай биік шыңды мекен қылмай, Шықылдап көзге түстім сауысқандай. Сөйлеуден тыйылмаған қызыл тілім, Өттің бе зарлауменен қайран күнім.
Түлкінің қызылдығы өзіне сор,
Болғандай, болдың маған өнербілім!
Айналдым бұлт болып биік тауға. Іліндім шортан болып жібек ауға.
Тілі жоқ көп мылқаулар тиыш жатыр, Қызыл тіл, сен басымды салдың дауға. Бұл күнде алтын азып, жез болыпты, Дүниеде жақсыжаман сөз болыпты. Гүл іздеп гүлстанда жүрген бұлбұл Бір күні қаршыға кез келіпті.
Сұрапты қаршығадан сонда бұлбұл:
– Жалғанда ынтызарым – бір қызыл гүл. Қаршыға, сен де құссың, мен де құспын, Ақылың сенің менен емес қой мол. Бектердің оң қолында тұрағымыз, Ерттеулі күнде жүйрік пырағыңыз.
Кекіліктің миы менен жүрегін жеп,
Табылған әрбір құстан мұрадыңыз. Татисың қымбат баға, қадір пұлға, Жүресің патшалармен шығып жолға. Жазым боп, жазатайым түссең торға, Түсірмей әкететін қолданқолға. Өткіздім мен әрбір түнді сайрауменен Басымды тікенекке байлауменен. Көрем деп қызыл гүлдің ашылғанын, Ұзын түн зығырданым қайнауменен. Қызыл гүл мен ұйықтамай ашылмайды, Көзімше аузы ашылып шашылмайды. Оянсам ұйықтап кетіп, ашылады, Қасіретім бір көре алмай басылмайды. Қаршыға келді, сонда жақындасып, Бұлбұлмен сөйлесуге жауаптасып: – Құс ішінде, сен ақымақ, ақылың жоқ, Бір күнде мың мұратты табар едің. Қаршыға мұны айтқан сен де ерсің, Тілегін әр пенденің тәңірім берсін.
Табарым мылқау болып мұрат болса, Болмаған хасыл мұрат кете берсін. Мұрнынды шошайтасың мақтағанға, Жүруші ең келемеж боп көк тағанға. Қолында көрінгеннің болып тұтқын, Мәз болып жүресің де сақтанғанға. Бермейді саған етті қанымен, Бір құстың тоятатпас саныменен. Өзіңді ертеденкеш ашықтырар, Құс көрінсе, алсын деп жаныменен.
Бір ұрттам қан ішерсің, бір құс алсаң, Сен ақымақ, тамақ үшін болған сарсаң. Қанатың бола тұра құл болғаннан, Онан да жақсы емес пе өле қалсаң. Жаратқан бір құдайға жетер дәтім,
Зарланған ұзақ түндер мінәжатым, Бітпесе мұрадым кетсін, барсын,
Ғаламға датан болған «бұлбұл» атым.
(МәшһүрЖүсіп)