Іскерлік қарым-қатынастағы ауызша сөйлеу тілі
Іскерлік қарымқатынастағы маңызды, тұстың бірі – ауызша ресми іскерлік тілінде әдеп пен мәдениет шеңберінен шықпай сөйлеу білу. Бұның басты шарты өзің баяндағалы немесе кеңеске, келісімге, талқыға салар тақырып жайында кең білімің болуы әрі осы мәселені алдын ала ой елегінен өткізіп, зерттеп алғаның жөн. Келесі бір көңілге тоқыр талдап, өз пікіріңді, ой түйіңіңді дайындап ортаға салуға әзірленген, жағдайда іс дұрыс шешімін табары сөзсіз.
Іскерлік қарымқатынастағы ауызша жүргізілетін істердің ерекшелігі – ресмилігі мен қолмақол шешім шығарып, сол мәжіліс, жиналыс, кеңесте істің нәтиже, қорытынды, түйінін анықтау қажеттігінде. Маманның шеберлігі, білім, білігі, әдеп, тәрбиесі анықталады.
Іскерлік қарымқатынастағы тіл мәдениетінің ауызша түрі ақпарат алмасу, белгілі бір сала жұмысы бойынша талдау мен талқылау мәселерін қамтиды. Пікірлесуші, кездесушілердің жеке бас мәселесі, ішкі сезім көңілдегі әңгіме тақырыбынан тыс қалғаны дұрыс.
Ауызша сөйлеу тілі:
– баяндау, есеп беру, хабарлау, талқылау;
– істің жүру, өту барысы туралы ақпарат, мәліметтермен алмасу;
– жұмыстың нәтижелі, оңтайлы, ыңғайлы жолдарын табу;
– мәселеге қатысты таңдап алынған ойпікір шешімдерді іріктей білу.
Кеңес, жиналыс, мәжілістің міндеті белгіленіп, алдын ала кіріспе сөз әзірленсе, сондайақ қатысушыларға күн тәртібі мәселесі, өтетін уақыты туралы алдын ала хабарлап, жиналыс өтетін жерді әзірлеп, қажетті көрнекі, техникалық құралдармен жабдықтап, әр сөйлеуші сөзінің тезисі, баяндама, хабарлама мазмұны, шешімнің жобасы даярланған жағдайда жиналыс, мәжіліс, келісім жоспарланғандай өтері сөзсіз.
Іскерлік қарымқатынастағы әңгіменің жүйелі болуы үшін:
– тақырыптың нақтылығы;
– ортақ тақырып – әңгімелесушілердің тақырып байланысты мәліметтері болуы;
– ортақ мақсат – міндетті белгілей білу,– ортақ шешімге келе алу қажет.
Ауызша әңгімелесу, сөйлесу түрлерін іскерлік қарымқатынас ыңғайына қарай:
1. Пікір алған әсер жаңалық туралы ой бөлісу.
2. Түрлі жағдайға, ой, көзқарасқа пікір білдіру.
3. Жиналыс, мәжілістен баяндама, жарыс сөз.
4. Жаңа іс, мәселеге байланысты келісім жасау деп жіктеуге болады.