Тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметтері

Тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметтері
Тіл – адамзат қоғамындағы ортаны біріктіруші, ұйымдастырушы. Ендеше тілдің негізгі қызметі – қоғам мүшелерінің бір­бірімен сөйлесу, пікір алысу, арасын жалғастырушы қызметін, яғни қазіргі, бүгінгі, келешек арасына дәнекер болатынын да еске алатынымыз сөзсіз.
Тілдің, сөздің осындай қызметтерімен бірге халық жанында сөз киесі, сөз дауасы, сөз құдіретін, қасиетін құрмет тұтар тыйым сөздер, мақал­мәтел, даналық ойлар, сөз тіркестерінің де қолданар орнына қарай өз ерекшеліктері сақталған.
Қазақ халқы «Жақсы сөз – жарым ырыс» дейді. Жақсы тілек, игі ой адамды бақытқа жеткізеді деген түсінікті ашады. Мақалмәтелдер – осының айғағы. Жақсы сөз естіп, білгір жанмен әңгіме құрса, «бір жасап қалдым» деген.
Қазақ халқы бір­бірінің қуаныш пен қайғысына, шаттық пен мұңына ортақтасып отыруды парыз санаған. Қуанышқа құтты болсын айтып, қайғы­мұңды сөзбен, тіл күшімен сейілтуді дәстүр еткен.
Халықта барлық қызық пен қуаныш, қайғы мен зар сөзбен өрнектелсе, дау­дамай, ұрыс «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінімен» шешілген.
Қазақ тіліндегі ұлттық дәстүр, тағылым, таным сипатындағы сөздер қоғамның түрлі сатысында алуан жағдай, жайға қарай үлкен қызметтер атқарған. «Айтылған сөз – атылған оқ» деген халық қағазға түспесе де, хатқа жазылып басылмаса да, кесімді уәжді, қорытылған тұжырымды заң деп қабылдаған. Тілдегі сөздің осындай ерекшеліктерін ескеріп, қоғамдық қызметін шартты түрде төмендегідей негізгі топтарға бөлуге болады.
• Дау­дамай, ұрыс, қақтығысты шешетін сөздер (шешендік сөздер, билер дауы)
• Сенім, күш, айбын болатын сөздер (сыйыну, табыну сөз дері)
• Ем, дауа, тән жарасын жазар сөздер (аластау, бәдік, түрлі ауруларды емдеу кезінде айтылатын сөздер)
• Өткенді екшеп, болашақты болжар сөздер (бал ашу, құмалақ салу, қобыз ойнау, т.б.)
• Тілек, жақсылыққа арналған сөздер (бата, тілек, алғыс)
• Тыйым сөздер, қарғыс сөздер
• Жан жадыратып, көңіл қуаныш өсірер; қуаныш әкелер сөздер (қошемет, қоштау)
• Есе қайырып, кек қуып, намыс оятар сөздер (аруақ шақыру, ата­баба аруағына сыйыну)
• Қуаныш, қайғыға ортақтасар сөздер (құттықтау, көңіл айту)
Қызметтеріне қарай түрлі орындарда қолданылатын сөздер, көркемдік бояуымен, нақты, белгілі ортада қолдану өрісі, айтылу саз, әуенінің бөлектігімен айшықталады.
Қазақ халқы осы арқылы сөздің қоғамдық­әлеуметтік орнын белгілеп қана қоймай, психологиялық, философиялық, танымдық мәнін де ашқан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *