Термин сөздердің жасалу жолдары
1. Қазіргі қазақ тіліндегі терминдер орыс, араб, Еуропа тілдерінде қалыптасқан үлгісінде: мәтін, квадрат, синоним, тангенс, вектор, эпос, поэзия, пьеса т.б. жұмсалады.
2. Қазақ тілінен балама табу арқылы: хаттама (протокол), нарық (рынок), ғарыш (космос) т.б.
3. Сөздерді біріктіру арқылы: төл + құжат (паспорт), ән + ұран (гимн) т.б. жаңа термин жасалады.
Сөздің түсініктілігі, ең бастысы, кіммен сөйлесіп немесе кімге жазып отырғанына байланысты болады. Жиі қолданылатын сөздер жалпыға түсінікті, сондықтан оны қолданудың шетшекарасы жоқ. Сирек қолданылатын сөздердің де қолданылу аймағы үнемі шектеулі бола береді деп түсінуге болмайды.
Диалект сөздер – әдеби тілге еніп, тілді байытып та отыратын қор. Мысалы, еге сөзін алайық. Еге сөзі Қызылорда облысында ие (қожайын) мағынасын беретін диалект сөз. Қазіргі қазақ тіліндегі егемен сөзінің жасалуына осы сөз негіз болды. Сондайақ жейде, ұжым, үшем сөздері де – диалектілік қолданыстан әдеби тілге өткен сөздер. Сөйлеудің түсініктілігі адамның біліміне, ортасына, кәсібіне, жасына қарай икемделеді. Мысалы, үлкен адамдармен неғұрлым әлеуметтік тұрмыстық тілде сөйлескен дұрыс болса, балалар тілі солардың өз танымтүсінігіне лайық болуы шарт.
Рақмет маған өте көмектесті.Осындай сайттар Қазақстанға керек.