Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (29 шілде (10 тамыз) 1845, қазіргі Шығыс Қазақстан обл. Абай ауд. Қасқабұлақ жайлауы – 23 маусым (6 шілде), 1904, сонда, Балашақпақ жайлауы, бейіті Жидебайда) – ұлы ақын, философ, ағартушы, композитор.
Абылай хан – Әбілмансұр (1711/1713 − 23.5.1781, Оңт. Қазақстан обл., Арыс жағасы) − ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат. Арғы тегі – Жошы хан, бергі бабалары Қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң Еңсегей бойлы Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы.
Ағыбай (XIX ғ.) − Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық көтеріліс кезінде ерекше ерлік көрсеткен халық батыры.
Ақшабай — шын аты Түгелбай.
Алтынсары – қазақтың алғашқы ағартушыларының бірі Ыбырай
Алтынсариннің әкесі.
Атымтай жомарт – Шығыстың фольклорында кездесетін кейіпкер, өзінің қайырымдылығы мен жомарттығына сай аты жайылған, VI ғасырда өмір сүрген деген жорамал бар. Түп-төркіні тай тайпасының ақыны Хатим ибн Абдаллаһқа (Хатим-тай) тіреледі.
Аухат – пайғамбар.
Әжібай Найманбайұлы (1699 − 1779) – Албан руындағылардың ұранына айналған батыр. Дулат Өтеген батырмен бірге Жетісу жерін жоңғар шапқыншылығынан азат етуге атсалысқан.
Әзірет Әлі − Мұхаммед пайғамбардың күйеубаласы, ислам дініндегі әділ халифалардың төртіншісі, аты аңызға айналған батыр. Әзірет Әлі қазақтардың ислам дінін қабылдауымен батырлардың қолдаушы киелі піріне айналған.
Әуелеке, Әуел – Сарының бір ұлы.
Байзақ, Байұзақ Мәмбетұлы (1789, Тараз − 1864, Шымкент) – Қазақстанның оңтүстік өңірінде Қоқан хандығына және Ресей империясына қарсы ұлт-азаттық күресті ұйымдастырушы батыр, Тараз қаласында елді отырықшыландыруға көп күш жұмсаған. Тегі: Ұлы жүз, Дулат.
Батыраш Әбутәліп – Мұхаммед (с.ғ.с.) әкесі Абдуллаһ ол дүниеге келместен бұрын қайтыс болды. Атасы Әбдімүтәліп немересінің аты көкте де, жерде де мақтаулы болсын деп Мұхаммед (с.ғ.с.) деп қойды. Арабтарда бұрын-соңды мұндай есім болмаған еді. Кішкентай Мұхаммедті (с.ғ.с.) анасы Әмина күйеуінің қабіріне зиярат етуге және Мәдина шаһарында тұратын төркіні Бәни Нәжжар әулетін көріп қайту үшін сапарға алып шығады. Қайтарда ол кенеттен қатты науқастанып, көп ұзамай, жолда көз жұмады. Жетім қалған баланы атасы Әбдімүтәліп бауырына басады. Бірақ ол арада екі жыл өткен соң дүниеден озады. Осыдан кейін пайғамбарды (с.ғ.с.) сегіз жасында көкесі, әкесі Абдуллаһтың туған бауыры Әбутәліп бауырына басқан.
Бәйдібек – Жетісудағы Сарыүйсін, Ошақты, Шапырашты, Ысты, Албан, Суан, Дулаттың бабалары. Үйсіннен – Ақсақал (Абақ), одан – Қараша би, одан Бәйдібек тарайды.
Бәйтік – қырғыз манабы.
Бәтіш – М.Әуезовтің «Түнгі сарын» пьесасындағы Жүзтайлақтың прототипі, яғни шығармаға негіз етіп алынған. Онда Бәтіштің калыңмалына жүз ақ тайлақ берілген делінеді (филол.ғ.д., профессор Тұрсын Жұртбайдың анықтауынша).
Бекет Мырзағұлұлы (1750, Маңғыстау – 1813, сонда, Оғыланды) – батыр, әулие, ағартушы, сәулетші. Көпшілік Бекет атаны әулие тұтып, қабіріне түнейді.
Ғайса, Иса (б.з. 30 ж. шамасы.) – Құран Кәрімде оның Мәриямның баласы екені, оған Інжіл берілгені және Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың келетіні туралы хабар айтқаны және Алланың құлы екені айқын айтылған. Құран Кәрімде ең үлкен бес пайғамбардың бірі ретінде он бес сүренің тоқсан үш аятында Исаның есімі немесе сипаты аталған.
Ғалы, Ғали, Әли, Әли ибн Әбу Тәліп – әділ халифтердің төртіншісі және соңғысы. Шын аты-жөні – Әбу-л-Хасан әл-Мұртада. Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) немере інісі әрі күйеу баласы, қызы Фатиманың күйеуі. 656 ж. Осман өлтірілгеннен кейін халиф болып жарияланады. Тарихта Әли ибн Әбу Тәліп сунниттер үшін қарапайым пенде, батылдықтың, қайырымдылықтың өнегесі ретінде қалса, шииттер үшін ол Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) тікелей мирасқоры, оның аллаһпен байланысын жалғастырушы. Кейбір шииттік секталарда Әли ибн Әбу Тәліпті Құдай мәнді адам деп біледі. Қазақтар арасында Әли ибн Әбу Тәліп есімі «Әзірет Әлі» (Хазірет Әлі) тұрғысынан аталып, үлкен құрмет көрсетіледі. Бірақ Құдай мәнді деп қабылдамайды, сунниттердің ұстанымында Құдай − біреу, ол – Алла.
Дереке (Дербісәлі) – патшадан полковник шенін алған, ел-жұртқа белгілі бай адам. Тегі: Кіші жүз, Жағалбайлы. Балалары: Лайық, Барлық.
Домақ – адам аты.
Домалақ ене, Нұрила (1378, Түркістан қаласы – 28.5.1456, Қаратау, Балабөген өзенінің жағасы) – би әрі батыр Бәйдібектің кіші тоқалы, Ұлы жүзде әулие, көріпкел атанған. Түркістандық Мақтым Ағзам қожаның немересі, әкесінің есімі − Әли Сылан, шешесінің есімі − Нұрбике.
Жанақ Сағындықұлы (1770, қазіргі Шығыс Қазақстан обл., Абыралы ауд. – 1846/1856, Қарағанды обл., Нұра, Төре ауылы) − «Қазақ әдебиетінің тарихында» Жанақ Сағындықұлының өмірбаяндық деректері 1770 –1856 ж. деп, ал туған жері бұрынғы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі Темірші болысы, қазіргі әкімшілікаймақтық бөлініс бойынша, Қарағанды обл. Қарқаралы ауданы (4-том, 2005, 152-б.) деп берілген.
Жарықшақ – Бәйдібектің кіші тоқалы Домалақ енеден туған ұл, шын есімі − Тілеуберді.
Жиренше (т.ж.?– қ.б.ж.?) – Қазақ хандығын құрған Жәнібек хан (XV–XVI ғ.) тұсында өмір сүрген атақты шешен. Жиренше шешен есімі түркі халықтарының арасында ақыл, парасаттың үлгісі ретінде қабылданды.
Шақшақ Жәнібек – Тоқал Арғын руынан шыққан атақты батыр, сардар.
Исатай Тайманұлы (1791 − 12.7.1838) − Бөкей Ордасы мен Кіші жүздің батыс бөлігінде болған ұлт-азаттық көтерілістің (1836-1837) басшысы. Тегі: Кіші жүз, Байұлы, Беріш.
Кенесары Қасымұлы (1802, Көкшетау өңірі − 1847, Қырғызстан, Жетіжал жотасының оңтүстік алабындағы Кекілік-Сеңгір аңғары) – мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының (1837 − 1847 ж.) ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, Қазақ хандығының соңғы ханы (1841 − 1847). Шыңғыс ханның 27-ші ұрпағы, Абылай ханның немересі.
Қамбар – 1) қазақтың наным-сенімінде жылқы малының пірі, иесі. Кейбір аңыздарда Қамбар ата есімі Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың күйеу баласы Әзірет Әлінің атбегі болған Ганбар есімді тарихи тұлғамен байланыстырылады. 2) «Қамбар батыр» жырының бас кейіпкері. Оның тарихилығын дәлелдеу мүмкін емес. Халық қиялынан туған батырлардың жинақты бейнесі.
Қасен, Хасан – Хасан бин Әли Мұхаммед әл-Мужтаба (669 ж.қ.б.) – Әли мен Фатиманың үлкен ұлы, Мұхаммед пайғамбардың немересі, шииттердің екінші имамы. Әли қайтыс болғаннан кейін 661 ж. Хасан отбасының үлкені ретінде, пайғамбардың алдында ерекше еңбек сіңіргені үшін Ирактың халифасы болып сайланған. Әлидің Иракты жақтаушы достары Хасанды сириялықтармен қайта күрес жүргізуге азғырады, алайда, ол халифа Муғаиямен келіссөз жүргізуге ұмтылады. Оны бұған қаражат мұқтаждығы итермелеген болуы керек. Ақырында, Хасанның қылығы Әли үйіндегілердің екіге жарылуына әкеп соқты: бірі мұны теріс десе, екіншілері дұрысқа жатқызды. Алайда, шииттердің бұдан кейінгі ұрпақтары Хасанның мұра боларлық бейнесін жасап шығарды.
Қоршының Сүлеймені – қырғыз.
Құсайын, Хұсайын, әл-Хусаин бин Әли Әбу Абдаллах аш-Шахид (626 -10.10.680) – Әзірет Әлінің Фатимадан туған кіші ұлы. Ағасы әл-Хасан 669 ж. қайтыс болғаннан кейін әулеттің басшысы ретінде Куфадан Мединеге қайтып оралды.
Лұд, Лұт – Ибраһим (а.с.) туысқаны, һарунның ұлы. Ибраһиммен ұзақ жыл қарым-қатынаста болған. Алла Тағала Лұтты Иорданиядағы Содум қауымына пайғамбар етіп жіберген. Маман – атақты бай.
Махамбет Өтемісұлы (1803, Батыс Қазақстан обл. Жәнібек ауд. −20.11.1846, Атырау обл. Махамбет ауд., Қараой ауылы) – ақын, күйші, Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістің көсемі әрі жалынды жыршысы.
Мөңке Тілеуұлы (1675 – 1756) – Кіші жүздегі атақты би, әулие, қазақтың болашағын болжаған дана.
Мұса – Израиль халқына жіберілген пайғамбар, Алланың елшісі. Лауи тайпасынан шыққан. Б.з.б. XIII ғасырда Мысырда дүниеге келген. Оған қасиетті төрт кітаптың бірі – Тәурат түскен. Інжілде Моисей атымен аталса, Құран Кәрімде есімі ең көп аталып, өмірі туралы ғибратты хикаялар баяндалған.
Мұхаммед – пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с.), 571 жылдың 20-сәуірінде дүйсенбі күні дүниеге келді. Атасы Әбдімүтәліп немересіне атын көкте де, жерде де мақтаулы болсын деп Мұхаммед (с.ғ.с.) деп қойды. Арабтарда бұрын-соңды мұндай есім болмаған.
Орынбай Бертағыұлы (1816, қазіргі Солтүстік Қазақстан обл. Айыртау ауд. −1891, Аягөз) − қазақтың көрнекті айтыскер ақындарының бірі, А. Янушкевичпен кездескен. Антологияның 1-томында айтыстары берілді.
Сәрке Өмірқұлұлы (шамамен 1680 − 1724) – Сыр өңіріне белгілі батыр. Кіші жүздің Табын руынан шыққан. «Ақтабан шұбырынды» кезінде есімі белгілі болған, Сейіл батырдың бабасы.
Саурық Ыстамбекұлы (1814, қазіргі Алматы обл. Жамбыл ауд. – 1854, сонда) – Қарасай батырдың алтыншы ұрпағы. Тегі: Ұлы жүз, Шапырашты, Есқожа.
Сұраншы Ақынбекұлы (1815, Алматы обл. Жамбыл ауд. – 1864, Оңтүстік Қазақстан обл. Сайрам қаласы) – Саурық батырдың немере інісі. Тегі: Ұлы жүз, Шапырашты, Есқожа. Аталары Қарасай батыр, Түрікпен, Мырзабек, Кәшке ел арасына атағы шыққан шешен, батыр болған. Ш.Уәлиханов 1863 ж. 14-шілдеде К.К.Гутковскийге жолдаған хатында Сұраншы батыр туралы: «…қазақтарды қоқандықтардың езгісінен құтқарушы» деп таныстырған.
Саржала – Сырым батырмен замандас, Себек-Беріш руынан шыққан батыр.
Сарыбай Айдосұлы (1821 − 1864) – Ұлы жүз, Шапырашты Екей руының беделді биі. Жетісу жеріндегі Қоқан билігін құлатуда ерекше көзге түскен. Жамбыл Жабаевтың аталас туысы.
Сүйінбай Аронұлы (1815/1822, қазіргі Алматы обл., Жамбыл ауд. Майтөбе жайлауы – 1895/1898) − «Қазақ әдебиетінің тарихында»: 1822 –1895 ж. деп көрсетілген (4-том, 2005, 331-б.). Тегі: Ұлы жүз. Шапырашты, Екей.
Сыланды – Бәйдібек батырдың Жалмамбет атты ұлының кіші ұлы.Үйсіндегі Ысты тайпасы осы Сыланды анадан өрбіген.
Түбек Байқошқарұлы (1780, қазіргі Шығыс Қазақстан обл., Жарма ауданы, Үшбиік – 1870, Жалғызтал).
Шақшақ – Шежіре бойынша, Орта жүздегі Арғын тайпасының Момынынан тарайды.
Фатима, Бибі Бәтима (635 ж.қ.б.) – мұсылман әлемінде ерекше қадір тұтатын әйел, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар мен Қадиша анадан туған қыз, Әзірет Әлінің әйелі, Хасан мен Хұсейіннің анасы.
ТАРИХИ ЕСІМДЕР

Қазақ өнерінің антологиясы