Сөйлеу этикеті
Жоспары:
1.Сөйлеу әрекетінің мәні және оны қалыптастыратын факторлар.
2.Танысу, қоштасу, амандасу этикеттік формулалары.
3.Салтанатты және қайғылы жағдайларда сөйлеу этикеті. 4.Іскерлік жағдайда қолданылатын этикет.
Негізгі тірек ұғымдар: этикет, сөйлеу, сөйлеу этикеті, танысу, қоштасу, амандасу
«Этикет» — француз сөзі, оның басты мәні тауарладың этикеткасы. Сонан соң патша сарайындағы этикетті білдірген. Сондай-ақ белгілі бір әрекет тәртібін анықтайтын ережелер жиынтығын регламенттілік немесе дипломдық протокол сөзі дегенді білдіреді. Сол протоколға сай ерекшеліктер, іскерлік қарым-қатынаста айқын көрінеді. Сонымен сөйлеу әрекеті қарым-қатынастың сөйлеу формулалары, жүйесі мен сөйлеу әрекетіндегі ережелер сөйлеу этикетін игеру деңгейі адамның кәсіби жарамдылығымен анықталады. Әсіресе мемлекет қызметкерлері мен саясаткерлерге, педагогтарға, заңгерлерге үнемі жұмыс жасайтын адамдарға керек. Сөйлеу этикетін игеру беделге ие болуға мүмкіндік береді, және сенім мен құрмет туғызады. Сөйлеу этикетін білу адамның өзіне сенімді болуын, өзгелерге күлкі болмауына жағдай жасайды. Адамның сөйлесу этикетін сақтауы тәрбиелік мәнге де ие және өзгелер үшін сол мекеме туралы жағымды пікір қалыптастырады.
Сөйлеу этикетінің қалыптасуы мен оны пайдалануды анықтайтын факторлер бар:
1. Сөйлеу әрекетін әріптестің ерекшеліктерін ескеріп құрылады, оның әлеуметтік орны, кәсібі, ұлттық, сенімі, жасы, жынысы, мінезі.
2. Сөйлеу этикеті қоғамдық жүзеге асатын жағдайлармен анықталады.
Презентация, конференция, мәжіліс, консультация, фирманың мерейтойы, т.б. болуы мүмкін.
3. Сөйлеу этикеті белгілі бір деңгейде қоғамдық адамгершілік күйін, ондағы моральдық жағдайды бейнелейді.
4. Кейде сөйлеу этикеті заңмен реттелген. Мысалы: Петр І патша қандай әлеуметтік статустағы адамдармен қалай сөйлеу қажеттілігін көрсетіп заң шығарған.
Сөйлеу этикеті ұлттық ерекшеліктерге ие. Әр халық өзінің сөйлеу этикетін жүйесін жасаған. Мысалы жапондықтар «жоқ», «жасай алмаймын», «білмеймін» деген сөздерден қашады. Сөйлеу этикетін білу түрлі келіссөздерді жүргізгенде әсерін тигізеді.
Кез-келген қарым-қатынас бастапқы негізгі кезеңнен тұрады. Егер адресат сөйлеу субьектісіне бейтаныс болса онда қарым-қатынас танысудан басталады. Ол тікелей біреу арқылы жүруі мүмкін тікелей өзіңді өзің таныстырған сәтте мынандай танысу этикетінің формулаларын пайдалану керек:
-сізбен танысуға рұқсат етіңіз.
-мен сізбен таныссам деймін.
-сізбен танысуға мүмкіндік беріңіз.
-таныссақ жақсы болар еді.
-егер кеңсе мекеме тағы сол сияқты арнайы орындарда әуелі өзінің аты-жөнін айтуы керек.
-менің аты-жөнім –Ұлықбекқызы Дана.
Егер өз аты жөнін айтпаса мекеме қызметкері оны өзі сұрайды. Шет елдерде танысуға визитка қолданылмайды. Ол танысу кезінде қолданылады. Визит карточка алушы келіссөз алдында оны алдына қою қажет. Оны стол үстіне қойып әңгімелесушімен әңгіме барысында оның аты-жөнін шатастырып алмауға қажет танысу бір немесе екі жақты болуы.
Бір жақты танысу мәжілісте, салтанатты кеште жиналғандарды мерекені ұйымдастырушылар мен таныстыруларда жүргізіледі. Таныстыру формуласы: Мен сіздерді біреумен таныстырайын. Бейресми жағдайларда қатысушылар өте жақсы немесе сізбен танысқаныма қуаныштымын деп айтып көңілдерін білдіреді. Ер адамды әйелге жасы кішілерді үлкенге таныстырады, қызметкерді басшыға таныстырады.
Ресми және бейресми кездесулер таныс, бейтаныс адамдар арасында өтсе де сәлемдесуден басталады. Сәлемдесу қол алысқанда жүзеге асырылады. Егер ер адам қол ұсынбаса, онда ол тек жеңіл иіледі. Сәлемдесудің бұдан басқалары: егер кездесушілер алысырақ болса басын изейді, қол саусақтарын күтеді, бүгеді, ер адамдар бас киімін сәл көтереді. Сәлемдескенде кезек мынадай тәртіпте жүреді. Ер адам әйел адамға, жасы кішілер үлкенге, адам қызметі делегация мүшесі оның басшысына бірінші болып амандасады. Сөйлеу этикетінің соңы қоштасу этикеті түседі.
1. Тілек білдіру, сау болыңыз, амандықпен қоштасайық.
2. Қайта кездесуді үміт ету, кездескенше
3. Қайта кездескенше, күманданған кезде, қош болыңыз
Салтанатты және қайғылы жағдайларда қолданылатын сөйлеу этикетін, сөйлеу жағдайында байланыстырамыз.
Ол 3 типке бөлінеді.
1. Салтанатты жағдайларға мемлекеттік мекемелер әріптестермен мекемелерінің мерей тойларды дүкен, кеңселерінің ашылу презентациясы келісім шарттарын контрактілерге кез-келген салтанатқа шақырылумен құттықтау оның жартылай ресмилілігін жартылай ресмилілігін бейресмилілігіне байланысты өзгереді.
Шақыру:
-Сізді шақыруға рұқсат етіңіз
-Сізді шақырамын
-Біздің мекемемізге келіңіз қуанамыз.
Шақырудың қабылданатындығына күмәнді жағдайда:
-Онда қарсы болмасаңыз мен сізді шақырайын деп едім.
Құттықтау:
-Сізді құттықтауға рұқсат етіңіз
-Қызу құттықтауды қабыл алыңыз
Қайғылы адамдағы өз қайғысына ортақтасуды білдіреді. Ол құрғақ болмауы тиіс, керісінше эмоционалды болу керек.
-Қайғыңызға ортақпын, қиын болған екен немесе сіздің қайғыңызға ортақпын деген қайғылы жағдайда көңіл бөлу мақсатында айтылады.
Бұл сөздер әр түрлі жағдайларда көңіл бөлу мақсатында айтылады. Бұл сөздер әртүрлі жағдайларға байланысты түрліше айтылады және соның жақсы болатынына сенеді, еске салады, арты қайырлы болсын бәрі де өтеді де кетеді.
-қатты қапаланбаңыз, өзіңізге мықты болыңыз, жақсылықтан үміт үзбеңіз.
Этикет формулалары:
Күнделікті жағдайларда сөйлеу этикеті формулалары қолданылады. Кезкелген жұмыста кеңес беру, мадақтау,ризашылық білдіру, тиым салу, шешім қабылдау жүзеге асады.
Ризашылық білдіру:
— Осындай көрмені ұйымдастырған …. рахмет айтуға ризашылығымызды білдіруге рұқсат етіңіз.
— Өз қызметкерлеріне фирма ризашылығын білдіреді.
— Қандайда бір көмек немесе сыйлық немесе маңызды жағдайда сөзбен ризашылық білдіре білу керек.
— Мен сізге …. бергеніңізге ризамын.
— Сіздерге көп рахмет.
— Жақсылықтарыңыз Алладан қайтсын.
Ризашылық білдірудің эмоционалдылығы мынадый тіркестермен дәл беріледі:
— Сізге ризашылығымды дәл жеткізетін сөз қуанышымды білдіруге сөз жетпейді.
— Мен сіздерге шексіз ризамын.
Ескерту берудегі сөйлеушілердегі сөйлеу формулалары:
— Ескерту жасауға мәжбүрмін.
— Өкінішке орай ,сізге ескерту жасауға тура келді.
Кеңес беру, ақыл айту көп жағдайда қолында билігі бар адамдар өз кеңесін бір жақты түрде айта алады:
— Сіздер міндеттісіздер
— Сіздерден осыны …. жасауды талап етемін, т.с.с.
Қызметі бір деңгейдегі адамдар арасында мұндай кеңес шағымсыз өтініш түрінде де болуы немесе әдепті бейтарапты түрде болуы тиіс:
— Мен сізге мынадай кеңес берген болар едім. Өтініш жасаған кезде де өте әдепті болу керек:
— Мүмкіндігіңіз болса көмектесіп жіберіңіз
— Егер сізге қиын болмаса
— Мен сізге өтініш білдіремін
— Рұқсат етіңіз
Өтініш қанағаттандырмайтындығыңызды білдіргенде:
— Мен сізге көмек бере алмаймын
— Қазір бұл мүмкін емес
— Қазір өтініш жасайтын уақыт емес
— Кешіріңіз мен сіздің өтінішіңізді орындай алмаймын.
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында іскерлік қажетті қасиеттердің біріне айналып отыр. Іскер деп нарық экономикасына әбден бейім, яғни сатусатып алу, алу-алмасу әрекеттеріне жатық, өз ісін жетік білетін іскер, өз ісіне пысық жанды айтады. Іскер адам да тірі жан болғандықтан, адам қоғамында өмір сүретін болғандықтан, оны тек өз бас пайдасына ғана көздеген, ешкіммен санаспайтын жан деп түсіну дұрыс емес. Іскерліктің де өзіне тән этикеті — ісәрекет ұстанымдары бар.
Іскерлік аясында болсын, жалпы, қандай да ұжым ортасында қарымқатынас адамдардың бір-біріне деген көңілінен басталады. Ашық-жарқын көңіл күйде болу, айналаңа шаттық нұрын себу – тек іскердің емес, жалпы әрбір адамның парызы. Қай ортада жүрсең де мынаны есте ұстаған жөн: ұрыскеріс, айқай-шу шығарып, істі насырға шаптырғаннан гөрі сондай жағымсыз эмоционалды күйдің алдын алған жөн. Ол үшін ең тиімдісі – қай жағдайда болсын сабыр сақтап, қиындықты айналып өтіп (оны мәселеге үстірт, қалай болса солай қараудан айыра білу керек), ұжымда бәріне жағымды ахуал жасай білу.
Әдеп амандасудан басталады. Амандасу – адамдардың бір-біріне деген құрметін, жылы ықыласын, мейірімін көрсету үлгісі. Сондықтан болар, қазақ тілінде «сәлем түзелмей әлем түзелмейді», «сәлеміміз түзу», «сәлемнен кете қойған жоқпыз» деген сөз түсініктері басқамен татулықты, басқаға деген жылы шырайды білдіреді. Көптің үстіне, жиынға сырттан келген адам бірінші болып сәлем береді. Телефон шалған адам алдымен сәлемдесіп барып қана өз шаруасына көшеді. «Жылы-жылы сөйлесең, жылан да іннен шығады» деген қазақ халқының даналығынан туындаған мақалда жағымды, ізетті сөз саптаудың адамдар арасындағы қарым-қатынасты құрастырушы фактор екендігін танытады. Жақсы сөйлеу, сыпайы сөйлеу — әдептіліктің маңызды шарты. Жақсы, орынды сөйлеп, елдің «тілін таба білу» іскер адамға пайдалы. Ал іскер пайда көздейтін адам болғандықтан, пайдаға жарайтын нәрсенің бәрін білген жөн. Жүздескенде жылы шырай таныту, Басқалардың сенімін жоғалтпай, айтқан уәдеде тұра білу, өз бас пайдасын ойлай тұра басқалардың құқығын тәрк етпеу сияқты әрекеттер іскер адамға қажетті құлық, өмірлік ұстаным болуы тиіс.
Іскер адамдар арасында өте маңызды мәселелерді жартылай ресми жағдайда шешу практикада қолданылады. Аңға шығу, балық аулау, табиғат аясына шығу, мейрамхана, саунаға шақырып жатады.
Өтетін орнына байланысты сөйлеу этикетінің ресмилілігі эмоционалды экспрессивтік сипаты өзгереді. Бекіту сұрақтары:
1.Этикет сөзінің мағынасы нені білдіреді?
2. Сөйлеу этикетінің қалыптасуымен оны пайдалануды анықтайтын факторларды атаңыз.
3.Салтанатты және қайғылы жағдайларда сөйлеу этикетінің өзіндік ерекшеліктері қандай? 4.Іскерлік жағдайда қолданылатын этикеттің алатын орны.
Әдебиеттер:
1. С.Негимов Шешендік өнер. Алматы: Ана тілі, 1997.
2. М.Әбдіхалықов, Б.Күнтуарова, Л.Парфенова. Сөздік қатынас негіздері
«Фолиант» Астана-2010
3. Р.Х.Шахуров. Педагогтың шығармашылық өсуі. – М., 1995
4. Н.Д.Хмель. Мұғалімді кәсіптік дайындаудың теориялық негіздері. – Алматы,
1998
5. Төреқұлов А. Шешендік сөздер. А., 1981ж.
6. О.Н.Ерниязов. Психологиялық зерттеу әдістемесі.
7. А.Н.Каримов. Педагогикалық қызмет және педагогикалықшеберлік негіздері. Оқу құралы Алматы «Қазақ университеті» 2011 ж