Сөз әдебі

Сөз әдебі
Сұхбаттасуда немесе әңгімелесу кезінде де біздің мәдениетіміз бен тәрбиеміз де байқалады. Әңгімелесушілердің ізетпен, бір­біріне құрметпен, көңілге келер сөздерді ауызға алмай, тәрбие шеңберінен шықпай сөйлесуі әдептіліктің белгісі болса, тыңдаушының сөзді бөлмей, ынта қойып аяғына дейін тыңдай білуі де – мәдениеттілік. Адамдардың бір­бірімен араласатын күнделікті тұрмысында түрлі жағдайлар болуы мүмкін. Бірі үлкен қуанышпен ішкі сезімін жасыра алмай бұл­бұл жанады. Бірінің көңілі түсіп, жан дүниесі алайдүлей күй кешеді. Осындай сезімдерді ашатын тілде сөздер мен сөз тіркестері көп. Мысалы: «құтты болсын», «ұзағынан сүйіндірсін», «жолы болсын», «ештеңе етпес», «бір реніштің бір қуанышы бар», «ұзағынан жазсын» т.б. тіркестер түрлі жағдайларға байланысты айтылады. Осындай сөздер бір­бірімізді дұрыс түсінісуімізге, сыйласуымызға ықпал етеді. Ұлттық тілімізде жасы үлкен адамдарды атымен атамай, аға, апай, әпке, ата, әже деу, қатарластарды құрдас, құрбы, замандас, жолдас деу де – ізеттілік. Маратты – Мәке, Саматты – Сәке, Қанатты – Кәке деп құрметтеу де салтдәстүріміздің де бағалы тұсы.
Мереке, мейрам, қуанышты күнмен құттықтай білу де – ізеттілік. Құттықтау тілінің өзіне тән сөз орамдары мен сөз тіркестері бар. Құттықтау тілінде мақтау, мадақтау, көңіл көтеру (комплимент) сөздері қолданылады.
Мақтау – айтушының тура қарап, шын ниеттен айтқаны дауыс мәнерінен де байқалып тұрса, таза көңілмен шыққаны сенімді болады. Көңіл көтеру лебізі (комплимент) – әңгімелесушінің мінезіне, адам қарым­қатынас мәнеріне, сыртқы түріне, біліміне адал шынайы ықыласпен берілген баға. Сөз әдебі, адамдық мәдениетті сақтау дегеніміз – орнымен сөйлеп, орнықты жауап беру. Сөйлеуде, жазуда жаргон, дисфемизм, былапыт сөздерді есту кімге болсын, жеңіл тимесі анық. Ендеше оларды қолданыстан мүлдем шығарып тастаған жөн. Сөйлеу мен жазуда ойды жеткізуге сыпайы сөздерді таңдап алып, жұмсақ сөйлеген адам жеңетіні белгілі. Келісімге келуге тырысу керек, егер әңгімелесуші тарапынан ондай ниет байқалмаса, әңгіме тақырыбын өзгертуге болады. Әңгіме, сұхбат ауаны, тақырыбы өзгермеген жағдайда да, әркім өз пікірінде қалып, әңгімелесушімен достық қатынасты сақтаған дұрыс.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *