Сөз сөйлеудің нақты мақсаттары Жоспары:
1. Сөз сөйлеу мақсатын анықтап алудың мәні 2. Сөз дайындауға қажетті әдебиеттерді іріктеп алу.
3. Оқығанның мәнін түсіну.
Негізгі тірек ұғымдар: Сөз сөйлеу, сөз сөйлеу мақсаты, сөз сөйлей білу дәрежесі
Шешен сөз сөйлерде алдына жалпы мақсаттармен қатар нақтылы мақсаттар да қояды. Егер жалпы мақсат тыңдаушылардан не күтетіндігіңізді анықтайтын болса, нақты мақсат тыңдаушы не білуі керек, нені сезінуі қажет, не істеуі керек деген сұрақтарға жауап беруі керек. Яғни, сөйлеуші сөзін тек өзі үшін ғана емес, сонымен бірге өзінің тыңдаушылары үшін де дайындауға тиіс.
Егер тыңдаушының бар ойы шешеннің не айтқысы келетінін табуға кететін болса, ондай тыңдаушыларға әсер ету оңай емес.
Сөз сөйлеуге қажетті материалдарды жинау
Көпшілік алдында сөз сөйлеуге дайындалудың келесі кезеңі-ол сөзге қажетті материалдарды жинау, құрастыру. Өз сөзіңіз үшін қажетті ақпараттың, қызылықты фактілердің, мәліметтердің, мысалдардың көздері мыналар:[4,179]
• Ғылыми, ғылыми көпшілік әдебиеттер;
• Анықтама, әдебиеттер: энциоклопедиялар, энциоклопедиялық сөздіктер, статистикалық жинақтар, әр түрлі мәселелер жөніндегі жылдық басылымдар, кестелер, библиографиялық көрсеткіштер;
• Көркем әдебиет;
• Газет журналдардың мақалалары;
• Радио және теледидар хабарлары;
• әлеуметтанушылық сұраунамалар;
• жеке байланыстар, әңгімелер, сұхбаттар; жеке өмір тәжірибесі, алған білімі; бақылағандары мен түйгендері.
Сөз мазмұнды да мағыналы болып шығуы үшін бір емес, бірнеше көзді пайдалану керек.
Сөзге материал жинау біраз уақытты қажет етеді, сондықтанда оған дайындықты ертерек жасағаны ыңғайлы.
Сөз дайындауға қажетті әдебиеттерді іріктеп алу
Бұл кезде мынадай іс әрекетте жасау керек. Сөз тақырыбына байланысты бұрын оқыған әдебиетті еске түсіру; жеке кітапхананы қарап, каталогтар мен журналдардың мазмұнын, библиографиялық басылымдарды, анықтамаларды парақтап шығу.
Осы іс- әрекеттерді жүйелі түрде қайталап тұру шешеннің сөзге дайындалар алдындағы әдебиеттерді іріктеу дағдыларын қалыптастырып, дайындалу процесін жеңілдетіп, тездетеді.
Бұл кездегі шешенге кітапханаларда жұмыс істеуге тура келеді. Сондықтан да әр түрлі каталогтерді (әліппелік, жүйелілік, пәндік), библиографиялық басылымдар мен анықтамалық әдебиеттерді пайдалану тәсілдерін білу мен жаттықтыру аса пайдалы.
Іріктеліп алынған әдебиеттерді оқу
Сөзге дайындалудың маңызды кезеңінің бірі ол іріктеп алынған әдебиетпен танысу, оқу, олардың қажетті нәсілдерді іріектеп алу. Бұл үшін тиісті бөлімдерді оқып шығып, қажетті жерлерін, мазмұнын қысқаша көшіріп жазып алу, пайдаланған материалды жүйеге келтіру, т.б.
Оқығанның мәнін түсіну
Оқу кезінде оқығандарыңыздың мәнін түсініп, оларды бұрынғы біліміңізбен байланыстырып, салыстыру қажет. Бұл материалды талдап, жүйеге келтіруге, қажетті тұжырымдар жасауға көмектеседі.
Оқығанды түсінгендіктің айқын белгісі-ол оқу мазмұнын өз сөзіңмен айтып бере алу біліктігі. Бұл дағды үнемі аудитория алдында өз білімімен бөлісетін, мақалала, брошюра, кітап мазмұндарын жатқа айтатын адамдар үшін аса қажет. Оқығанның мазмұнын жатқа айту, шешеннің тілін байыту, лекторлық шеберлігін жетілдіруі үшін таптырмас жаттығу.
Оқығанын жазу
Дәріске, баяндамаға, кез келген сөз сөйлеуге дайындалу кезінде тиісті жерлерін міндетті түрде жазып отыру керек. Д. И. Менделеев: «Табылған, бірақ жазылмаған ой, таба сала жоғалтып алған көмбеге парапар» деген екен.
Жазудың ең қарапайым түрі- ол көшіру. Зерттеліп отырған мәселеге қатысы бар, сонымен бірге кейін керек болуы мүмкін жерлерді ғана көшіріп алуы керек. Көшіріп алған материалдарды пайдалану оңай болуы үшін оларды белгілі бір ретпен көшіреді. Көшірмелерді көлемі бірдей карточкаларға жасау тиімді, әр карточкаға бірден артық көшіріп жазылмайды. Карточканың жоғарғы жағында көшірменің қандай тақырыпқа қатысы бар екендігін, ал төменгі жағында көшірім жасалған нұсқаның барлық шығыс мәліметтерін, автордың аты жөнін, кітаптың атын, басылған жылы мен орынын көрсетеді, көшірімді карточканың тек бір бетіне жазып, қажет болған жағдаларда қосымша жазып, оларға түсініктемелер беріп, өз ойларыңды түсіріп отыру керек.
Кейбір шешендер шамадан тыс артық, кейде қажетсіз мәселелерді де көшіріп жазумен әуестенеді. Бқл көп уақыт алады. Сондықтан да көшіріп алу мәселесіне тиімді қараған жөн.
Сөйлейтін сөз тақырыбына қатысы бар әдебиеттерді оқу, түрлі пайдалы әр қызықты пікірлер, мысалдар, цытаталар ұқыптылық пен шыдамдылықты талап ететін жұмыс. Бірақ оның келешек сөздің сәтті шығып, нәтижелі болуына тигізетін пайдасы орасан. Шешен өз білімін толықтырады, материалға сын көзімен қарау дағдысын шыңдай түседі, белгілі тақырыпты дайындау кезінде шығатын негізгі мәселелерді анықтайды.
Өз көзқарасын ұстану
Оқу барысында ойда әлдеқандай өмір шындықтарына теңдеулер, ұқсастықтар пайда болып, жаңа ойлар туады. Сондықтан оқығандаарыңды ойланып, кейбір мәселелер бойынша авторлармен пікірталастырып, оқыған мәселелер мен одан туған ойлардың қазіргі заман талаптары мен тілектеріне қаншалықты қатынасы бар екндігін, қай материалды қайда және қалай пайдалануға болатындығын қарастырған жөн.
Болашақ сөзге нағыз дайындық дегеніміз-ол сөзде көтерілген мәселелерге өз пікіріңді, өз көзқарасыңды анықтап алу, өз идеяларыңды болашақ аудиторияның көзқарасы жағынан талдау болып табылады.
«Дайындау дегеніміз,-дейді Д. Карнеги,-бұл-ойлау, бұл ойдың тууы, еске түсіру, іріктеу, ұнғандарын өңдеп, белгілі бір тәртіппен орналастыру деген сөз».[4,184] Бекіту сұрақтары:
1.Сөз сөйлеу мақсатын анықтап алудың мәні нені білдіреді?
2.Шешен сөз сөйлерде алдына қандай мақсаттарды белгілейді? 3. Көпшілік алдында сөз сөйлеуге дайындалудың кезеңдері қандай?
Әдебиеттер:
1. С.Негимов Шешендік өнер. Алматы: Ана тілі, 1997.
2. Р.Х.Шахуров. Педагогтың шығармашылық өсуі. – М., 1995
3. Н.А.Березовин. Педагогикалық қатынасу мәселелері. – М., 1989
4. Н.В.Кузьмин. Мұғалім еңбегі психологиясы очерктері. – Л., 1967
5. Т.С.Садықов және т.б. Болашақ мамандарды кәсіптік дайындау. (Абай атындағы АлМУ жаршысы. №5 (5), 2001. – 21-25
6. Н.Д.Хмель. Мұғалімді кәсіптік дайындаудың теориялық негіздері. – Алматы, 1998