Сөз сөйлеуге дайындалу

Сөз сөйлеуге дайындалу

Жоспары: 

1.Сөз сөйлеуге дайындалу талаптары

2.Сөздің материалдарын меңгеру.

3.Мәтін негізінде сөз сөйлеуге дайындалу. 4.Жазусыз сөз сөйлеуге дайындалу.

 

Негізгі  тірек ұғымдар: мәтін, ауызша мәтін, жазбаша мәтін, Квитилиан, ес процесі, стильдік ерекшелік, сөз материалдары, жиналыс, митинг.

 

1.Сөздің жазбаша мәтінін түзу. Бұл міндетті ме, онсыз болмай ма?

«Тек жазудың көмегімен сөздің жеңіл болуына қол жеткіземіз?» деген кезінде белгілі Рим риторы Квитилиан. Көптеген тәжірибелі атақты шешендер, мемлекет және қоғам қайраткерлері, шешендік өнердің теоретиктері сөйленетін сөз міндетті түрде жазылуы тиіс деп санаған. 

Мысалы, белгілі заңгер П. Сергеич «Соттағы сөйлеу өнері» деген кітабында былай деп жазған: «Жазу немесе жазбау керек деген ежелден келе жатқан таласты қайталамайақ қояйық.  Біліп қойыңыздар, бірнеше адым немесе аршын қағаз жазбай, сіздер күрделі іс туралы күшті сөз сөйлей алмайсыздар. Егер сіз данышпан болсаңыз, менің осы айтқандарымды аксиома деп қабылдаңыз да, қолыңызға қалам алып, өзіңізді дайындауға кірісе беріңіз».[4,184]

Сөздің мәтінін жазу оңай тірлік емес. Сондықтан да, көп адам еріншектік жасап, сөзді жазып әлектенгенше, есте сақтағаным жақсы деп есептейді. Соған қарамастан сөздің жазбаша мәтінін дайындау көптеген артықшылықтары бар. Жазылған сөзді тексеруге, жөндеуге, жазбаша мәтін бойынша адамның ақыл кеңесін алуға болады.

Жазылған сөз есте оңай, көп уақыт сақталады. Сонымен бірге жазылған мәтін шешенді тәртіптендіреді, қайталаушылық, сәтсіз оралымдар, орашолақ тұжырымдардан сақтандырып, сөзді нанымды етуге жәрдемдеседі.

Алғашқы рет әртүрлі стильдік кемшіліктерге онша мән бермей, алғашқы нұсқаны жазып шығу керек. Содан соң жақсылап қарап шығып, кемшіліктерін жөндеп, артық жерлерін алып тастап, ақырғы таза нұсқасын дайындау керек.

Дәптер емес, бөлек парақтардың бір бетін ғана пайдаланған жөн.

2.Сөздің материалдарын меңгеру.

Сөйлейтін сөзінің мазмұнын жазып біткенімен шешен әлі тыңдаушылармен кездесуге дайын емес.  Келесі кезең-сөз материалдарын меңгеру-өте жауапты кезең. Кейде бұл кезеңді дайындық кезеңі, репетиция деп те айтады.  Бұл кезең не үшін қажет және қандай бөліктерден тұрады?

Ең алдымен, шешенге «Мұның барлығының қандай болатынын» көз алдына елестету керек. Ол қандай аудиторияға кіреді, сөзін қалай бастайды? Қалай сөйлеп, қалай қимылдайды мұндай дайындықтар жұртпен кездескенде пайда болатын жасқаншақтықты, ыңғайсыздануды жеңуге мүмкіндік береді. Жаттығу кезінде барлық сөз немесе оның кейбір үзінділері айтылып, ширатыла түследі. 

Әсіресе, сөздің кіріспесі мен қорытындысын тексеру, мысал ретінде келтірілетін жағдайды пысықтау қажет. Әрбір сөйлеуші өзінің алдын ала «сөйлеу» әдісін қалыптастырады. Біреулер оны ішінен, екіншілері «дауыстап» орындайды. Ал енді қалыптасып келе жатқан шешенге көпшілік алдына шықпастан бұрын, келешек сөзін, алдына сағат қойып отырып, «айтып шығу» міндетті түрде керек. Оған өз дауысыңның шығуына, сөйлемдердің қалай айтылатындығына, уақытты сезе білу дағдысын қалыптастыруға үйрену қажет. Сонымен қатар жаттығуға тыңдаушылар алдында қозғалыс, алғашқы шығу, аудитория алдында өзін өзі қалай ұстаудың басқа да элементтерін қосу керек. Екінші жағынан, бұл- табиғи нәрсе. Өзін өзі көрсету және қатынас процестерінің барсында ғана шешеннің ақыл ойы, сана сезімі, барлық рухани және дене күштері түйісім табады.

Әрине, мінбеге шығып, алдын ала қағазға жазылған мәтінді оқып берген бәрінен де оңай болар еді, бірақ ондай сөз сөйлеу шешенге абырой да, атақ та әпермейтіндігі белгілі. Тыңдаушылар қағаз бетінен оқыған мәтінді дұрыс қабылдамайды, сөйлеу барысында шешен мен аудитория арасында ешқандай байланыс орнамайды. 

Кейбіреулер сөздің мәтінін жаттап алуға тырысады. Кейбір жағдайларда бұл керек те. Жиналыс, митингілерде тыңдаушыларға үгіт айтып тұрып, мерекелік жағдайларда, банкеттерде құттықтау сөздерін айту кезінде қолыңа сөз мәтінін ұстап тұру ыңғайсыз. Ал сол жерде дұрыс тұжырымдалмаған пікір, сәтсіз фраза, сөзді орынсыз пайдалану,  дұрыс айтпау-үлкен күнә. Сондықтан да бұрын дайындап, жаттап алған мәтінді айту дұрыс. Егер сөз қысқа болса, онда оның ешқандай қиыншылығы жоқ. Егер мәтін ұзақ болса, онда оны жаттап алу әркімнің қолынан келе бермейді. Сондықтан сөйлеушіден қажымай талмай, ерінбей еңбектенгенді талап етеді.  Шешен күтпенген жағдайларға да ұшырауы мүмкін. Шектен тыс толқу,  ұмытып қалу, кідірістің ұзаққа созылуы, т.б. сондықтан да жазылған мәтінді сөзбе сөз қайталауға болмайды. 

И. Андроников «Менің сіздерге айтқым келеді» деген мақаласындаа ауызша сөздің ерекшеліктері туралы өз ойларымен бөліседі:

«Не айтатыныңды күні бұрын жақсы біліп тұрсаң, еркін сөйлеу керек және жазылған, үйде жаттап алған сөзіңді айтудың керегі жоқ. Егер дәл сол жерде, сөйлеп тұрған кезіңде пайда болған ойды жанды, жалынды сөздерге айналдыра алмасаң аудиториямен байланыс болмайды. Мұндай жағдайда сөйлеушінің назары алға-аудиторияға емес, артқа-шпаргалкаға ауады. Оның барлық күші алдын- ала дайындалған мәтінді айтып шығуға жұмсалады. Мұндай жағдайда ми емес, жады жұмыс істейді. Фразалар жазбаша оралымды қайталап, интонация бірсарынданып, жасандыланады, сөз диктовкаға

ұқсайды». [4,187]

3. Мәтінге сүйене отырып, сөз сөйлеуге дайындалу.

Сөздің жазылған мәтінін жақсылап ойланып, түсініп, әңгіме болатын мәселелерді жан жақты талдап, негізгі мағыналық бөліктерді анықтап, олардың арсындағы байланыстарды ойластырып, мәтінді бірнеш рет қайталап, дауыстап оқып, мәтіннің жоспары мен мазмұнын еске түсіру қажет.

Мәтіннің өзін де, сөздің негізгі мәселелерінің де астын сызып, түсіндіріліп отырылған мәселелерді нөмірлеу, аты жөні, атаулар, статистикалық мәліметтерді, цитаталардың басы мен аяғын, мысалдар мен көрнекі материалдарды белгілеп қою керек. 

Белгілеу және ерекшелеу жүйесі әр түрлі болып келуі мүмкін (тура, ирек, нүктелі сызықтар, қоршау, төртбұрыштау, рим және араб цифрлары, түсті қаламдар мен фломастерлерді пайдалану, т.б.).

Сөйлеу кезінде мұндай мәтіндерді пайдалану аса жеңіл. Қағаз бетінде бір қарағанның өзі жетіп жатыр: ой жүрісі өз жүйесіне түсіп, керекті материалдар тез табылады, мәтінге сүйеніп сөз сөйлеу материалды еркін меңгергендік сезімін туғызады да, шешенге тыңдаушылармен сенімді, еркін түрде тілдесуге мүмкіндік береді.

4. Жазусыз сөз сөйлеуге дайындалу.

Көптеген шешендер көпшілік алдында ешқандай жазусыз сөз сөйлеуді армандайды. Психолингвистика саласының аса ірі маманы А. А. Леонтьев «Көпшілік алдында сөз сөйлеудің психологиялық механизмдері және оның дағдыларын тәрбиелеу» деген еңбегінде шешендерге мынадай кеңестерді ұсынады:

а) Тәжірибе жеткіліксіз жағдайларда айтатын сөздердің бәрін түгелдей жазып шығу. Толық мәтін оқып шығу үшін емес, мағынасын өз сөзімен айтып шығу үшін қажет.

ә) Шешен сөйлеу кезінде кездейсоқ жағдайлардың әсерінен өз сөзінен жаңылмайтындай жағдайға жеткен кезде толық конспект жазуға көшуге болады. Оның мәтіннен айырмасы сол, онда сөз дәлме дәл жазылмайды, конспектіде кейбір мәтіннен сәттер қалдыру пайдалы: 

•        бірінші, тіпті: 2-3фразаны;

•        қорытындысын (2-3 фраза);

•        кейбір осы сөйлеуге қажетті тұжырымдар: 

•        цитаталар, цифрлық, мәліметтер, жеке атаулар, т.б.

б) шешендік өнерді меңгерудің келесі сатысы толық емес, ішінара ой топтарының бірінен екіншісіне өтуді белгілеген конспектілеп сөз сөйлеу, онда негізгі тұжырымдар, аяқтамалар, цитаталар, сандар, атаулар сақталады.

в) Біртіндеп конспектіден жоспарға көшуге болады. Жоспардың конспектіден айырмасы сол, онда сөздің мағыналық мазмұны баяндалмайды, тек сол мазмұнды өрістетіп әкетуге көмегі тиетін бағыттар белгіленеді.

Ең басты мәселе жоспар пункттерінің тұжырымдалуы шешенге белгілі мағыналық топтың мазмұны туралы анық түсінік беруі керек. Алғашқыда жоспар негізгі тұжырымдамаларымен, қорытындыларымен, цитата, сан атаулармен жасалады. 

г) көпшілік алдында сөйлеудің ең шыңы сөйлегенде ешқандай жазба

материалдарды қолданбай сөйлеу.     Бекіту сұрақтары:

1.Сөз сөйлеуге дайындалудың қандай талаптары бар?

2. Сөздің материалдарын қалай меңгеруге болады?

3. Мәтін негізінде сөз сөйлеуге дайындалудың талаптары қандай? 4.Жазусыз сөз сөйлеуге дайындалудың өзіндік ерекшеліктері қандай?

 

Әдебиеттер:

1. С.Негимов Шешендік өнер. Алматы: Ана тілі, 1997.

2. М.Әбдіхалықов, Б.Күнтуарова, Л.Парфенова. Сөздік қатынас негіздері

«Фолиант» Астана-2010

3. Р.Х.Шахуров. Педагогтың шығармашылық өсуі. – М., 1995

4. Н.А.Березовин. Педагогикалық қатынасу мәселелері. – М., 1989 5. А.Н.Каримов.  Педагогикалық қызмет және педагогикалықшеберлік негіздері. Оқу құралы Алматы «Қазақ университеті» 2011 ж

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *