2. Сібір жазбалары
… Мен өзім қазақ арасында тұрып, мынаған көзім әбден жетті: оларда анархия емес, қайта тек өзіндік, біздегі мәдени қатынастардан айрықша, алайда өзінше қалыпқа түскен мәдени қатынастар үстем болып отыр…
Қазақтардың өткен жүз жылдығы тарихынан бізге мәлім болып отырғандай, егер де ол шеткізшексіз далада соншалықты тентіреп көше берген, соншалықты ұрыстар мен шапқыншылықты басынан өткірген болса, онда кез келген отырықшы тайпа баяғыдаақ қырылып жойылып кеткен болар еді; ал, керісінше, көшпенділер үшін бұл бақытты кезең болды, өйткені нақ осы жағдайларда қазақтардың байлығы тасып, ықпалы артқан еді. Кеңбайтақ далада өмір сүрген қазақтардың тілі жағынан тұтас бірлікте болып, Каспий теңізі мен Жоғарғы Ертіс қазақтары тіліндегі диаллектілік айырмашылық оншамұнша аңғарылмайтынына қарамастан, барлық жерде де олардың салтдәстүрлерінің, әдетғұрыптарының, тұрмысының, мінезқұлқының бірдей болуының аңғарылуыңа қарамастан, барлық уақытта да олардың басқа түркі тектес халықтарының елеулі айырмашылығы бар…
Дүйім халық жиналған барлық көпшілік тойдумандарда әдетте ақындар қатысушыларды тарихи жырлармен, сондайақ ақындар сайыстарында және мадақтау өлеңдерін орындау кезінде өздерінің суырып салма өнерлерін орындау кезінде өздерінің суырып салма өнерімен еліктіреді. Ақындар мейлінше көп. Оларды барлық жерлерде қуана қарсы алады. Қазақтар тамаша шешен сөйлеп, әңгіме айтуды ұнатады, күлдіргі әзілді жиі айтады. Олардың әңгімелері әзілге, сықаққа толы келеді. Сондықтан да қазақтарда аса бай халық поэзиясының болуына еш таңдануға болмайды.
… Өз көршілестеріне қарағанда қазақтардың арасында шешендік өнер дамыған…. Қазақтың әр сөзді ойнақы ететіні соншалық, ол өлең сөзде ұзын сонар суырып салма шешендік өнерін танытып қана қоймайды, сонымен бірге оның әдеттегі тілі, сөздер мен тіркестер құрылымында белгілі бір әуенырғақпен ерекшеленеді, сөз төркіні айқын да дәлмедәл мағына береді, демек қазақтарды Батыс Азияның француздары деп атауға толық негіз бар. Менің жазғанымдай, нақ осы халықтың өтемөте бай халық әдебиеті пайда болғанына еш таңдануға болмайды…. (В. Радлов)