: Психологиялық даму заңдылықтары
Дәріс жоспары:
1. Баланың психикалық дамуы және факторлары.
2. Негізгі ұғымдар. Даму, оқыту, тәрбие, қоршаған орта, тұқым қуалаушылық рөлі.
3. Дамыту мен оқытудың өзара байланысы. В.Штерн, Ж.Пиаже, Л.С.Выготский, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, С.Л.Рубинштейн теориялары мен Ж.Коул, Д.Шерп, Ч.Лейвтің пікірлері
4. Жетекші іс-әрекеттер және оның бала психикасының қалыптасып дамуындағы маңызы.
1.Психика үнемі өзгерістерге ұшырайды, бірақ оның құрамы бәрі бірдей өзгермейді, оның көп және аз мөлшерде дамуға ұшырайтын қасиеттері бар. Сонымен қатар өзгерілетін қасиеттер психикалық дамудың тірегі және негізгі шарты болып есептелінеді.
20-ғасырдың басында балалардың психикалық дамуының қайнар көздерін әр түрлі түсіндіруші екі ағым айқындалды. Бұл бағыттар бір-бірінен бала дамуының негізіне қандай факторды, биологиялық немесе әлеуметтік факторды алуымен ерекшеленеді.
Биологиялық фактор мен әлеуметтік фактордың бала психикасының дамуына тигізетін әсеріне келсек, осы 2 фактордың қайсысы баланың жеке басының дамуында шешуші рөл атқарады деп айтуға болмайды.
Бұл екеуі бірінің жұмысын бірі толықтырып отыратын және бір-біріне тәуелді. Бұл туралы бірнеше психологтар зерттеу жұмыстарын жүргізген. Соның бірі А.В.Брушлинский. Балаларда туған бетте ересек адамға тән мінез-құлық болмайды. Дегенмен де мінез-құлықтың қарапайым формалары шартсыз рефлекстер балаға іштен туа қалыптасуы да, баланың психикасының одан әрі дамуына, өсіп-жетілуіне шешуші рөл атқарады. Бала алғаш рет дүниеге келгенде органикалық қажеттіліктер жиынтығымен оттегімен тыныс алуға, қоршаған ортадағы белгілі бір температураға, тамақтануға деген қабілеттілік пен өз қажеттілігін қанағаттандырудағы белгілі бір рефлекстік механизммен дүниеге келеді.
Қоршаған орта әсерінен балада қорғану, бейімделу, икемделу рефлекстері болады. Ол баланың психикалық дамуы үшін шешуші рөл атқарады. Өйткені, ол сыртқы орта әсерін қабылдап, қорытындылаудың негізін құрайды. Ал, әлеуметтік фактор тек қана осының дамуына себепші болатын түрткі.
Ал, биологиялық факторды жоққа шығарып отырған шетел психологтары мына мысал негізіне сүйенеді. Психолог В.Перьоның естелігінен: ХХ ғасырдағы Франция этногрофы парагвай орманындағы көшіп-қонып жүрген гуайкал тайпасымен кездескіміз келді. Бірақ экспедиция жақындағанын сезіп гуайкалдар көшіп кетеді. Асығыста жұртта 2 жасар қызы қалып қойып, оны Виллар Франциядағы шешесіне тәрбиелеуге береді. Арада 20 жыл өткенде гуайкал қызы француз, парагвай, испан тілін біліп шығады және атақты этногроф болады. Ол осы мысалға сүйеніп тұқым қуалау арқылы берілетін биологиялық фактордың ешқайсысының да мәні жоқ деп есептеді. Олардың айтуынша бала психикасының дамуы түгелдей әлеуметтік ортаға байланысты болды.
Бұл оқиға дұрыс болғанымен баланың жеке басының қалыптасуында
тұқым қуалаушылықтың ешқандай әсері жоқ дегенге дәлел бола алмайды. Өйткені, біріншіден гуайкалдар тұқымы жағынан француздардан кем емес, ал екіншіден егер де сол қыз орнында маймылдың немесе хайуанның баласы болса, француздар қанша мәдениетті, жан-жақты болғанымен де одан адам жасап ала алмайтын еді. Сондықтан да мәселенің мәні тек қана әлеуметтік ортада емес, гуайкал қауымында да іштен туа берілетін тұқым қуалаушылық шартсыз рефлекс бар. Соның нәтижесінде қыздың француздық мәдениеттің жетістігін меңгеруіне мүмкіндігі болды. Гуайкалдардың да, басқа ортаның да тұқым қуалау арқылы берілген қасиеті бірдей болғанымен олардың әлеуметтік ортасы әр түрлі.
Өйткені Парижде гуайкалдарға қарағанда мәдениет те, білім де жоғары. Осы түрткі нәтижесінде қыз үлкен дәрежеге жетті.
Егер қыз өз руының ортасында болғанда осы ұрпақтан-ұрпаққа берілген мүмкіндікті түгелдей оята алмай, психикасы ойдағыдай дамымаған болар еді.
Шартсыз рефлекстер негізінде балада ерте кезден-ақ сыртқы әсер мен олардың күрделіленуіне, реакцияның ұлғаюына апаратын шартты рефлекстер қалыптаса бастайды. Қарапайым шартсыз және шарты рефлекторлық механизмдер баланың сыртқы дүниемен тұңғыш байланысын қамтамасыз етеді және үлкендермен қарым-қатынас жасауға, қоғамдық тәжірибенің әр түрлі формаларын игеру сатысына өтуге жағдай жасайды. Балалық шақта балдырған ағзасы, атап айтқанда, оның нерв жүйесі мен миы шұғыл жетіледі. Өмірінің алғашқы жеті жылы бойына баланың миының массасы шамамен үш жарым есе өседі, оның құрылысы өзгереді, қызметі жетіледі. Психикалық даму үшін мидың жетілуінің маңызы зор, өйткені осыған байланысты түрлі іс-әрекетті игеру мүмкіндігі артады, баланың еңбекке қабілеттілігі көтеріледі, неғұрлым жүйелі де мақсатты бағытталған оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыруға жағдай жасалады.
Баланың жетіліп келе жатқан миы ұзақ уақыт бойы біртектес іс-әрекеттен туатын ауыртпалықтарды ерекше сезінгіш келеді. Осыған байланысты тәрбиелік әсер ету және оның сан алуандылығын белгілі мөлшермен жүргізу деген маңызды міндет туады. Мынандай өкінішті жағдай болғаны белгілі: жас ата-ана баласымен айналысуға уақыты болмағандықтан, әрдайым оның өзін жалғыз тастап кетуді және радионы қосып қоюды әдетке айналдырған. Сәби миының есту саласында тұрақты тежелу пайда болған. Сөйтіп, ол саңырау болып қалған.
Баланың психикалық дамуындағы әр түрлі шарттардың осы үдерісте атқаратын рөлі бірдей емес. Табиғи шарттар ағзаның құрылысы, оның қызметі, оның жетілуі – психикалық даму үшін қажетті, онсыз даму мүмкін емес, бірақ олар баланың бойында қандай психикалық қасиеттердің пайда болатынын анықтамайды. Ол өмірдің жағдайы мен тәрбиеге байланысты. Солардың ықпалымен бала қоғамдық тәжірибені бойына сіңіреді.
2.Негізгі ұғымдар. Даму, оқыту, тәрбие, қоршаған орта, тұқым қуалаушылық рөлі
Даму деген ұғымды көпшілік әдебиеттерде қарапайым түрден күрделі түрге көшу деп түсінеді. Психологияда көптеген теориялар жас ерекшеліктерінің психикалық дамуын түрліше түсіндіреді. ХІХ ғ Э. Геккел онтогенез филогенезді қысқаша қайталау деген заң қалыптастырды.
Жас ерекшелік психологиясына енген биогенетикалық заң психикалық дамуын биологиялық эволюцияның негізгі сатыларын және адамның мәденитарихи кезеңдерін қайталау ретінде бейнелеуге мүмкіндік береді.
Бала психикасының дамуына қарама-қайшы бағыт социологизаторлық бағытта байқалады. Оның негізі – ХVІІ ғ. философ Джон Локктың идеясынан шыққан. Оның ойынша, бала дүниеге таза санамен келеді, таза тақта ретінде деген.
Бала дамуына әсер етуші биологиялық факторлар:
1.Тұқымқуалаушылық
2.Орта
3.Тәрбие
Бала дамуына әсер етуші биологиялық факторға бірінші тұқымқаулаушылық жатады. Психологтардың ойынша темпераментжәне қабілет нышандары тұқым қуалайды. Әр адамда орталық жүйке жүйесі түрліше қызмет етеді. Күшті және қозғалғыш жүйке жүйесі; қозу процесі басым, холерик, қозу және тежелу процестерінің аз қозғалатын және тежелу процесіне ие – флегматик. Меланхоликтің жүйке жүйесі әлсіз, сезімтал.
Бала дамуына әсер етуші екінші фактор – орта. Табиғи орта психикалық дамуға жанама әсер етеді.
Баланың жеке басының дамуындағы күрделі үдерістерге ойдағыдай басшылық жасауда тәрбие баланың психикалық даму деңгейінің не екенін жақсы түсіну керек.
Бала дамуына әсер етуші екінші фактор – тәрбие. Баланың психикалық дамуына үлкендер тәрбиесінің әсері мол.
Баланың санасы мен психикасы көпшілік жағдайда қоршаған ортаның ықпалы мен оған берілетін тәрбиеге байланысты дамиды.
Дамудың әлеуметтік факторын мойындаған психологтар үшін, оқыту маңызды мезет болып табылады. Социологизаторлар даму және оқытуды теңдестіреді. Л.С.Выготский психикалық дамуда оқытудың жетекші рөлі туралы көзқарасты көрсетті. Адамның жоғарғы психикалық функциялары мәдени-тарихи дамудың өнімі. Адамның дамуы түрлі құралдарды меңгеру арқылы болады. Жоғарғы психикалық функциялар біріккен іс-әрекетте, бірлестікте, басқа адамдармен қарым-қатынаста қалыптасады, біртіндеп ішкі жоспарға өтеді. Жоғарғы психикалық функция оқыту үдерісінде қалыптасады, ол «жақын даму аймағында» болады. Бұл түсінікті Л. С.Выготский енгізген.
Оқыту «жақын даму аймағында» бағдарлануы қажет. Л. С. Выготский бойынша оқыту дамуды алып жүреді. С. Л. Рубинштейн Л. С Выготскийдің ойын дәлдей отырып даму мен оқудың бірлігі туралы айтуды ұсынады. Оқу баланың дамуының белгілі бір деңгейіндегі мүмкіндігіне сәйкес болуы керек. Оқу барысында осы мүмкіндіктерді жүзеге асыру неғұрлым жоғарғы деңгейдегі жаңа мүмкіндіктерді дамытады.
Вильям Штерн екі фактор конвергенциясын бөліп шығарды. Оның ойынша екі фактор да баланың психикалық дамуы үшін бірдей қажет және оның екі линиясын анықтайды. Бұл даму бағыттары қиылысады (бірі — берілген қатынастардың жетілуі, екіншісі — жақын ортаның әсерімен даму) яғни конвергенция болады.
Л.С.Выготский тұқымқуалаушы және әлеуметті мезеттердің даму үдерісінде бірлігін көрсетті. Тұқымқуалаушылық баланың барлық психикалық функцияларының дамуында болады. Қарапайым функцияларда (түйсіктен қабылдауға дейін), жоғарғы психикалық функцияларға қарағанда тұқымқаулаушылық деңгейі жоғары. Жоғарғы функциялар – адамның мәдени-тарихи дамуының өнімі, бұл жерде тұқымқауалау алғышарт болып табылады. Сонымен, тұқымқулаушы және әлеуметтік әсерлердің бірлігі — бұл үнемі болатын құбылыс емес, ол ажыратылған, даму үдерісінде өзгерістерге ұшырайды. Даму процесі қалай жүреді, оның ерекшеліктері қандай?
Л.С.Выготский бала дамуының төрт негізгі заңдылығын бөліп
көрсетті.
1.Циклділік
2.Дамудың бірқалыпты еместігі
3.Бала дамуындағы метаморфоздар
4.Бала дамуындағы эволюция және инволюция үдерістерінің байланысы
3.Дамыту мен оқытудың өзара байланысы. В.Штерн, Ж.Пиаже, Л.С.Выготский, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, С.Л.Рубинштейн теориялары мен Ж.Коул, Д.Шерп, Ч.Лейвтің пікірлері
Ж.Пиаже 1921-1922 жж. Француз тілінде аударылған еңбегінде «баланы оқытсаң да, оқытпасаң да психикасының дамуына, ақыл-ойының өріс алуына ықпалын тигізбейді» деді. Ж. Пиажені сынға алушылар әр елде көбейе бастады, соның бірі біздің елдегі Л.С.Выготский Ж.Пиаженің пікіріне қарсы шығып, «бала психикасы тек оқытудың негізінде қалыптасады, осыған орай баланың ықпалын дамыту үшін алдымен оны оқыту керек», — деді. Л.С.Выготскийдің айтуынша, оқыту баланың есеюін тездетеді, яғни оны алға қарай сүйрейді, егер баланы ақылды етемін десеңдер,- деді Л.С.Выготский,- оқыту тәсілдерін оның қолы жеткен даму дәрежесіне дәл ықшамдамай, шамалы алға қарай оздырып жүргізу керек. Сонда ғана оқыту баланың ой-өрісін алға қарай сүйрейтін болады, — дейді. Бұл пікірдің сол кездегі совет психологтарының бірқатары қостады. Себебі оқыту бала психикасын сүйрейді дейтін қағида аса орынды көрінеді.
Соңғы жылдары ресей педагогикалық психология саласындағы дамытушы оқыту теориясының негізін қалаушы В.В.Давыдов батыс ғалымдарының М. Коул, Д. Шерп, Ч.Лейв, Ж.Пиаженің пікірлерін қолдады.
В.В.Давыдов ақыл-ой деп оқушылардың тиісті мәселелерді шешуде жалпы амал қолдана білуін айтатын болса, М. Коул мұны бала бір үйренген тәсілін өзге буған қатысы жоқ жағдайға қолдана білуі деп түсінеді. Бірақ осының екеуі де баланың ой-өрісіне жатады.Бұл жерде осы зерттеулердің екеуінде оқытудың адам психикасының дамуына қатысы бар екеніне күмәнданады. Демек, екеуінің пікірі Ж.Пиаженің осы жөніндегі көзқарасына жақын.Ескере кететін мәселе, П.Гринфилд деген әйел Африка негрлерінің балалары арасында Дж. Брунердің басшылығымен зерттеу жұмысын жүргізіп, мектепте оқитын және оқымайтын балалардың интеллектісі әр түрлі: оқығандарда – терең, оқымағандарда — таяз келеді деп қорытынды шығарған болатын. М.Коул зерттеулеріне сүйене отырып, П. Гринфелдтің қорытындысы шикі және жете тексерілмеген деген пікірге келді. Осындай қорытындыға келудің үлкен маңызы бар сияқты. Себебі мұның өзі Қазан революциясына дейінгі қазақ елінің балалары мен қазіргі оқыған балалардың ақылының өзара көлемін түсінуге мүмкіндік береді. Айталық, қазіргі оқыған балалардың ерте кездегіден айырмашылығы, интеллекттінің басым келетінінде емес, білімінің молдығында деп түсіну керек.
Адам ойлағанда оның сүйенетін ұғымдарының сан алуан дәрежелері кездеседі. В. В. Давыдов ойды абстрактік деудің өзін кең мағынада, айталық ұғымды өзінше әрекет ретінде түсінеді. Оның айтуынша, оқыту есеюге әсер етуі үшін жас балалар мына сияқты ой ептілігіне ие болуы шарт: біріншіден, үнсіз сөйлеп тапсырмаларды орындай білуі, екіншіден, тапсырманы оқушының өзі қалай орындағанын тиісті оқу-құралындағы жауапты салыстырып тексеруі, егер дәл келмеген жағдайда бұрынғысын қайтадан шығаруы.
Мақсат және оның мотивтерімен байланысы іс-әрекетте анықтаушы мәнге ие. Баланың дамуында іс-әрекеттің, мақсатқа бағытталуы біртіндеп қалыптасады. Мысалы, үш жасар балалар өз іс-әрекеттерін күні бұрын белгілеген мақсатқа сай ұйымдастыра алмай, мақсатынан оңай айырылып қалады. Бес-жеті жасар балалар үшін іс-әрекеттің көбіне материалмен, олар іс-әрекет жасайтын заттық ситуациямен анықталуы тән.
Л.С.Выготскийдің жоғарғы психикалық функцияларды дамыту теориясы. 20-30-жылдары Л.С.Выготскийдің жоғарғы психикалық функцияларды дамыту қызметтері қалыптасты. Л.С.Выготский Ф. Энгельстің адамның табиғатқа икемделудегі және өндіріс үдерісінде құралдардың көмегімен табиғат күштерін өзгертудегі еңбектің рөлі жөніндегі идеяларына сүйене отырып, еңбек – адамның құралмен істейтін іс-әрекеті, ол адамның мінез-құлық типін өзгертуге, адамды жануарлардан ерекшелеуге жеткізеді деген ой айтты. Адамның бұл ерекшелігі оның іс-әрекетінің жанама сипатта болуынан білінеді. Жанамалау адмның сыртқы практикалық іс-әрекетінде құралды қолданатыны сияқты, өзінің ішкі психикалық іс-әрекетінде белгілерді (сөзді, цифрді, т.б) пайдалану негізінде мүмкін болады. Құрал мен
белгінің ұқсастығы (психологиялық жағынан) олардың жанама іс-әрекетті жүзеге асыруға мүмкіндік беруінен көрінеді. Құрал мен белгі арасындағы айырмашылық олардың түрлі бағыттылығынан келіп шығады. Құрал сыртқары бағытталған, ол объектіде өзгеріс туғызуы тиіс, ол табиғатты игеруге бағытталған адамның сыртқы іс-әрекетінің құралы. Белгі ішке бағытталған, ол объектіде еш өзгеріс туғызбай, адамның мінез-құлқына әсер етеді. Табиғатты игеру мен мінез-құлықты игеру өзара байланысты, өйткені адамның табиғатты өзгертуі адамның өз табиғатын да өзгертеді. Құралды пайдалану мүшелердің табиғи іс-әрекет түрлерін өзгертіп, психикалық белсенділік мүмкіндігін шексіз күшейтіп, кеңейтіні тәрізді, белгілерді (қосалқы құралдарды) пайдалану, яғни жанама іс-әрекетке көшу, адамның бүкіл психикалық іс-әрекетін өзгеріске түседі.
Адамның дамуы оқыту арқылы осы тәсәлдердің (құралдардың да, белгілердің де) барлығын игеру үдерісінде жүзеге асады. Міне, сондықтан да, оқыту баланың психикалық дамуын анықтай отырып, оның өмірін ұйымдастырудың бүкіл жүйесінде негізгі орын алады. Демек, психика дамуының бұрынғы ұрпақ тәжірибесін игеруге себепкер белгі тәсілдерді меңгерілетін әлеуметтік ортадан тыс қаралуы да және оқытусыз түсінікті болуы да еш мүмкін емес. Сонымен, Л.С.Выготскийдің психологиялық теориясында адамның әлеуметтік мәні жөніндегі маркстік идея жүзеге асты. Мәдени дамудың жалпы генетикалық заңын Выготский былайша тұжырымдады: «…баланың мәдени дамуындағы қандай да болмасын іс-әрекет сахнада екі рет, екі бағдарда: әуелі – әлеуметтік, кейін – психологиялық, алдымен интерпсихикалық категория ретінде адамдар арасында, одан соң интрапсихикалық категория ретінде, баланың ішінде көрініс береді. Қандай да жоғары психикалық функция бастапқы әлеуметтік функция болатындықтан, өз дамуында сыртқы саты арқылы өтуі қажет.
Бала тілінің маңызды рөл атқаратын Л.С.Выготскийдің сөзімен айтқанда, мінез –құлықтың барлық жоғары формаларының ең көне негізі болып саналатынкөрсеткіш ымның тарихы, міне, осындай. Бастапқыда көрсеткіш ым – іс-әрекет алдында затқа бағытталған сәтсіз қармау қимылы (қолын затқа қарай созады, бірақ ұстай алмайды). Балаға ересек адам келіп көмектесе отырып, сәбиді қызықтырған заттың көрсеткіші ретінде ымды ұғындырады. Осылайша көрсеткіш ым сәтсіз қармау қимылынан басқалар үшін көрсеткіш мәні бар ымға ауысады. Ым – белгіге, қармау – көрсеткішке айналады. Міне, осыдан кейін ғана бала өз қимылына көрсеткіш ретінде қарай бастайды. Басқаларға деген ым (белгі) өзіңе деген ымға (белгіге) айналады. Сөйтіп, өзінің ымын ұғынуға бала ең соңынан жетеді. Оның мағынасы алдымен объективтік жағдайлар, ал соңынан баланы қоршаған адамдар арқылы жасалынады.
Барлық жоғары психикалық функциялардан адамдардың әлеуметтік қарым-қатынастары көрініп жатады. Л.С.Выготский адамның психологиялық табиғаты дегеніміз ішке енгізілген және жеке адам функциясы мен оның құрылымының формалары болған қоғамдық қарым-қатынастар жиынтығы деп жазды. Жеке адамның қалыптасу үдерісі дегеніміз жеке адамның кім болып шығуы оның басқа адамдарға жасаған қарым-қатынасы арқылы болады деген сөз.
Мінез-құлық дамуының құралы ретіндегі сыртқы белгілері баланың ақыл-ой өрісінің дамуында ақау бар, жоқтығын психологтың анықтау қажеттілігі туған жағдайда маңызды көрсеткіш (диагностық) құрал болып та саналады. Ақыл-ой дамуында кемшілігі бар балаға жүргізілген бақылаулар бала белгілерді қолданған жерде кемшіліктің орнын толтыру мүмкіншілігі сақталатынын, дамудың келешегі бар екенін көрсетіп отыр. Ал, белгілерді қолдану бөгелген немесе қалыптаспаған жағдайда ақыл-ой дамуының да бөгеліске түсетіні немесе тоқтап қалатыны анықталды.
Оқу мотивациясы В.В.Давыдов пен Д.Б.Элькониннің теориясы бойынша іс-әрекет құрылымына кіретін маңызды компонент ретінде қарастырылады. Ол оқу үдерісінің алғашқы сатысында қалыптасады.
Василий Васильевич Давыдов — педагогикалық психология саласындағы дамытушы оқыту теориясының негізін қалаушы, осы бағытта орта мектептерде жаңа білім беру бағдарламасын жасап, эксперименттік сыныптар ашқан. Ол А.Н.Леонтьевтің іс-әрекет теориясы шеңберінде ғылыми-зерттеулер жүргізген көрнекті кеңес психолог-ғалымы болып табылады. 2) Даниял Борисович Эльконин (1904-1984) – мәдени-тарихи теорияны дамытушылардың бірі, оқытудың белсенді әдістерінің теориялық негіздемесін құрастырған. Ол – жас ерекшелік психологиясына елеулі үлес қосқан кеңес дәуірінің белгілі психологы. Оның балалардың мектептегі жасын кезеңдерге бөлуі жалпы кеңестік тұлға периодизациясының негізгі нұсқасына айналды. Жастық кезеңдер: сәби жасы (1 ай -1 жас), ерте балалық шақ (1-3 жас), мектепке дейінгі жас (3-6 жас), бастауыш мектеп жасы (7-10 жас), орта мектеп жасы (11-15 жас), жоғары мектеп жасы (16-17 жас).
Оқушының психикалық жаңа құрылымдары – оқушының белсенді іс-әрекет барысында оқу субъектісіне айналуында қалыптасатын психикалық дамудың (ақыл-ой, адамгершілік) жаңа ерекшеліктері.
Сергей Леонидович Рубинштейн (1889-1960) – белгілі кеңес психологы және философы. Оның көзқарасы бойынша, адам және психика алдымен практикалық іс-әрекетте қалыптасып, көрініс табады. Сондықтан олар негізгі іс-әрекет түрлеріндегі көрінісі арқылы зерттелінуі қажет.
Алексей Николаевич Леонтьев (1903-1979) – 1920 жылдары Л.С.Выготский және А.Р.Луриямен бірге мәдени-тарихи теорияны құрастырған кеңес психолог-ғалымдарының бірі. Ол осы теорияға сүйене отырып, іс-әрекеттің жалпы психологиялық теориясын егжей-тегжейлі зерттеген. А. Н.Леонтьевтің іс-әрекет тұжырымдамасы психологияның басқа да әр түрлі салаларындағы көптеген зерттеулердің дамуына түрткі болды.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары.
1. Жетекші іс-әрекет деген не?
2. Жетекші іс-әрекеттің түрлері.
3. Бала психикасының қалыптасып дамуындағы жетекші іс-әрекеттерге тоқталыңыздар.
4. Л. С. Выготскийдің жоғарғы психикалық функцияларды дамыту теориясы.
5. Л. С. Выготскийдің жақын даму аймағы теориясы.
Әдебиеттер:
1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / — 2012.
2. Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / — 2011
3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / — 2014
4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / — 2014