Нәрестелік кезеңдегі бала психикасына даму ерекшеліктері

Нәрестелік кезеңдегі бала психикасына даму ерекшеліктері

Дәріс жоспары:

1.       Нәрестенің қимыл-әрекеттері

2.       Нәрестенің зейіннің дамуы

3.       Нәресте есі

4.       Нәрестенің эмоциялық сезімі

 

1.Нәрестенің қимыл-әрекеттері. Бала қимыл әрекетері өте күрделі. Осы кезеңде қол қимылдарының дамуы аса маңызды. Белгілі бір затқа бағытталған нәресте қолының қимылдары шамамен өмірінің төртінші айында қалыптаса бастайды. 5-6 айында бала затты қатты ұстап алады, бұл көру қабілеті мен қозғалыс әрекеттерін күрделі түрде үйлестіруді қажет етеді. Осы сәттің әрі қарай дамуы үшін маңызы зор: ұстау – баланың алғашқы мақсатқа бағыттылған әрекеті, заттармен әр түрлі әрекет жасауды меңгеруінің негізі болп табылады.

Екінші жарты жылдықты қол қимылдарына байланысты әрекеттер қарқынд түрде дамиды. Бала ұстаған затын сілкілейді, тарсылдатады лақтырып қайта алады, тістейді, қолдан-қолға ауыстырады және Жан Пиаже айналма реакция деп атаған біріңғай қайталанушы әрекеттер тізбегі дамиды. 7 айдан кейін «өзара сәйкес» әрекеттер кездеседі: бала үлкен заттарға кішкентай заттарды салады, қораптарды ашып, жабатын болады. 10 айдан кейін алғашқы жүйелі әрекеттер, яғни үлкендердің әрекеттеріне еліктей отырып, заттарды қажеттілігіне байланысты дұрыс қолдану әрекеттері қалыптаса бастайды. Бала машинасын сүйрейді, барабандарды соғады, ауызына суы бар ыдысты жақындатады.

Қызығы, бұл жүйелі әрекеттер әрі заттық әрекетке айнала алмайды. Бұл үлкен адамның балаға көрсеткен объектілерімен байланысты, мысалы, қуыршақты қалай тербету керектігі, т.б. Басқа заттарға әрекет жасау бұл кезеңде әлі байқалмайды.

Сондықтан бала бастапқы кезде өзі анасымен бірге ойнаған қуыршақты тербетеді, ал оған ұқсас басқа ойыншықтармен мұндай қимыл әрекет жасай алмайды. Соған қарамастан жыл соңында бала адамзаттың заттар әлемін тани бастайды. Әректердің әр түрлілігі оны қоршаған объектілердің жаңа қырларын ашуға мүмкіндік береді. Қоршаған ортаға бейімделгенде ол «мынау не?» деп қана қоймай, «мұнымен не істеуге болады?»деген қызығушылықтар таныта бастайды.

Қабылдау және әрекет нәрестелік кезеңдегі  көрнекі амалдық ойлауды алғашқы негізін қалаушы баспалдақ. 1 жылдың ішінде бала шеше алатын танымдық әрекеттер, бастапқыда қабылдау содан соң белсенді әрекет күрделене түседі. Жетістіктерге жету үшін бала көру және қателесу әдісімен әрекет етеді. Айтар болсақ, жастық астына қойылған ойыншықты іздеу кезінде, ол алдымен көзіне түскен жастықтың барлығын аудыры бастайды.

          Бірінші жылдың соңында бала күрделі ойын әркетіне ене бастайды. Бұл кейбір психологтарға шартты түрде болса нәресетелік кезеңде зат туралы ұғымның қалыптаса бастағандығы жөнінде айтуларына мұмкідік береді.

2.Нәрестенің зейіннің дамуы. Бала туғаннан бастап бірден зейіні реакциядан көрінеді. Ол әсіресе бірден шыққан дыбысқа, тым ашық  түстен қашады.  1 айлық балада «бұл не?» рефлексі пайда болады. Егер бұндай рефлекс жануарда болса, тек биологиялық функция түрінде  болады. Бұл рефлекс балаға мәнді бөлуге, оны тануға, онымен қарым-қатынаста болуға мүмкіндік береді. Қарапайым зейінге бала өзінің анализаторларын тоқтатп қабылдай алады. Нәресте 2-3 аптадан кейін орташа дыбыс пен қатты дыбысты, қозғалысты байқайды. Нәресте туғанда әрине оған айтқанды түсінеді, тыңдайды. Нәресте бір айдың аяғында жай емес заттарға көңіл аударады. Нәресте 2-3 айдан кейін анасының белгілерін байқап онымен қатынаста бола бастайды.  Зейіннің дамуы затты ұғып, түсінуге мүмкіндік береді. Нәрестеге 6 ай болғанда тітіркену «бұл не?» «онымен не істеуге болады?» ауысады.Енді бала тек затты емес, оның сынын, оның әсерін реттейді және ол бір уақытта кей затқа зейінін шоғырландырады. Мысалы, шарды қорапқа салады, бір шарды екінші шарға ауыстырады. Нәрестелік зейінге дамушы ерекшеліктерін көрсетеміз.

3.Нәресте есі. Нәрестенің танымдық дамуы оның психикаснда ес-зерденің аса қарапайым тетіктерінің қалыптасуынан кейін басталады. Алғашында тану пайда болады. Ерте нәрестелік кезеңде-ақ жаңа әсерлермен бұрыңғы бейнелерді байланыстыра бастайды. Егер балаға жаңа қуыршақ берсек, ол біраз уақыт бойы оны қарайды, ол келесі күні қуыршаұт тануы мүмкін. 3-4 айында ол үлкен адамның оған көрсеткен ойыншығын таниды. 4 айлық бала өзіне тансы затты таныс емес заттан ажырата алады.

Егер ашық түсті ойыншықты екі бірдей орамалдың бірінің астына тығып қойсақ, 8 айлық балалардың кейбіреулері ғана 1 секундтан кейін оның қайда жатқанын есіне түіре алады. 1 жаста барлық балалар 1-3 секундтан кейін таба  алады. Олардың көбісі 7 секундтан кейін де ойыншықтың қай орамалдың астында жасырынғандығын есіне түсіре алады. Мұндай жағдайда 8 айдан кейін зердесінде қайта жаңғырту, образды қалпына келтіру бала алдында ұқсас объекті болмаса да қалыптасады.

Нәрестелік кезеңде таныдық үрдістермен қатар эмоцилық дамуды да бақылау қажет. Бұл жол баланың жақын үлкен адамдармен қарым-қатынас жасауымен байланысты дамиды.

Алғашқы 3-4 айда балаларда әр түрлі эмоциялық жағдайлар пайда болады: таң қалу, физикалық (дене) дискомфортын сезгенде алданушылық (қимылдың көбеюі, жүрек соғысының жиілеуі, көзінің жұмылуы, жылау), қажеттілігін қанағаттандыру кезіндегі еркінсу.

4.Нәрестенің эмоциялық сезімі. Нәрестенің сезімінің дамуы күнделікті өмірде берілетін тәрбие жағдайының әсерінен басқа да психикалық үрдістермен қатар дамып отырады.

Жаңа туған балаларда тек қана шартсыз рефлекторлық сезім реакциялары, мысалы, кенеттен жағдайдың өзгеруіне байланысты  қатты дыбыстан тепе-теңдігін жоғалтады, қатты қорқып кетсе қорғаныс рефлексі жылау түрінде көрінеді.

Денесінің қысылғанын, не аурығанын сезсе, тербету тоқталса, бала аяқ –қолын қатты қозғалтып, доданып қатты ашулынғанын білдіріп айғайлап жылайды. Осындай жағдайда тербетіп, жұбатып, сипалап үстінен қақсақ, балада жағымды эмоциялық көңіл-күй байқалады.

          Қоршаған ортамен қарым-қатынас кеңейіп, әрекетінің түрлері күрделенген сайын  сезімі де қиындап күрделене түседі.

          2-ші айдың аяғында 3-ші айдың басында жандану комплексі байқалады. Мұның пайда болу себебі, үлкендер баланы барлық қажеттіліктерімен қамтамасыз етіп мейірімділікпен еркелетсе анық көрінеді. Мысалы, әлемі ашық түсті ойыншық сазды музкалық әуен болады. Жағымды сезім тудырушы әсіресе өзінің ең жақын адамдарды анасына деген сүйіспеншілік ықылас ниетінен сезімін жақсы көреді. Ол күлсе, күледі, бетін басып жаласа, қоса жылайды. Сондай-ақ айналасындағылардың талап-тілектерін орындау негізінде де байқалады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Нәрестелік кезеңдегі бала психикасының даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз?

2.Нәрестенің қимыл әрекеттерінің туған кездегі әрекеттерімен салыстыра отырып талдағыздар?

3.Нәрестенің зейінінің дамуы ерекшелігін атап көрсетіңіз?

4.Нәрестенің есін дамытудың жолдары?

5.Нәрестенің эмоциялық сезімі неден көрінеді?

Әдебиеттер:

1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / — 2012.

2. Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / — 2011

3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / — 2014

4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / — 2014

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *