Мұғалімнің сөйлеу мәдениетінің оқушы тұлғасының қалыптасуына әсері

12. Мұғалімнің сөйлеу мәдениетінің оқушы тұлғасының қалыптасуына әсері Жоспары: 

1. Мұғалім мамандығындағы шешендік өнері

2. Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті

3. Ұстаздың оқушылармен қарым –қатынас жасау шеберлігі негізіндегі шешендік өнердің әсері

    

 

       Негізгі тірек ұғымдар: Мұғалім мамандығы, Ы.Алтынсарин, А.С.Макаренко, сөйлеу мәдениеті, ұстаз өнегесі, сөйлеу мәдениеті, ұстаз шеберлігі, оқушы тұлғасы, қарым-қатынас, қарым-қатынас жасау үлгілері.

 

      Мұғалім – шәкірт атаулыға үлгі болып өмірінің санаулы үлгі болып жолынан адаспай өтуде оған бағыт беріп және бағдар сілтеуші баланы адамгершілік, ақыл-ой, еңбек сүйіштікке, сұлулыққа және сол сияқты ізгі қасиеттерге баулитын жан. Мәдениет ақыл-ойдың кеңдігі жалпы адамның сөз саптауынан жақсы байқалады. Сөйлеу мәдениетіне жетпейінше ақыл-ой мәдениетіне жету қиын. Егер мұғалім ол кезегінде бірнеше тілді меңгерген болса тіпті жақсы. Көпшілік адамның сөйлеу мәдениетіне де көз қарастырудың мол болуында қолайлы әсер етеді. Балалармен педагогикалық өзара әрекетте ұсақ-түйек жоқ. Барлығында дене қимылы, көзқарас, көз жанарының қозғалысы, сөйлеген сөзі оның, мазмұндық мәні, мәнерлілігі жұмыс істейді. Мұғалім қызметінде бұл жай қарым-қатынас емес, кәсіпшілік, іскерлік қарымқатынас екені әр кез есте сақтау қажет. Балаларды шынайы жақсы көре білу арқылы ғана педагогикалық процестің бүкіл мәні байқалады. Бұл тұрғыда В.А.Сухомлинский былай дейді: «Тәрбиеші өнері ең алдымен сөйлеу өнерімен адам жүрегін баулып алумен көрінеді»

      Сіздің мәдениетіңіздің жеке басыңыздың, ер жігеріңіздің лебі сезіліп тұрғандай етіп сөйлей алуға  үйрену қажет. Ұлы ағартушылар Ы.Алтынсарин, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинскийдің және басқа да көрнекті педагогтардың қызметін оқып үйрену, озат педагогиканың тәжірибеден шығатын балалармен осындай қарым-қатынас жасай білу, олармен тіл табысу мәдениеті мәнерлі сөйлесу көп жағдайда оқу- тәрбие процесін арттыруға бірден-бір себеп болады.        Ұстаздың оқушылармен қарым-қатынасын жасауда қолданатын сөздер неше түрлі болып келеді. Оларды балаға әсер ететін  негізіне байланысты 2-ге бөлуге болады:

1.              Сөйлескендегі сөздің көбі ақыл-кеңес беру жөнінде айтылады.

2.              Кейде балаға осы сияқты сөздер жетпегенде, оған қатты талап

қойып, қолданылатын сөздер міндетті түрде бұйрық ретінде қолданады.              Әдетте, осы сияқты сөздердің бәрі бір дауыс ырғағымен айтылмайды. Тиісті жерін де қолданылып отырса ғана нәтиже береді. Осы сияқты сөздер оқушының көңіл-күйімен есептесіп, оның санасына әсер ету үшін керек. Сабақта класпен байланыс жасаудың негізгі тәсілдерінің бірі – мұғалім сөзінің айқын, нақты және оқушыларды сендіретіндей болып келуінде. Мұғалім сөзінің сенімділігі – айтылатын сөздердің айқын, бірінен соң бірі жүйелі келуін айтамыз. Сонымен қатар  шебер педагог сабақты түсіндіріп тұрған кезде сөздің көпшілігін баяндау ретінде айтпай, жалғыз өзі сөйлеп тұрса да, оның сөзі 2 кісі араласқан әңгіме сияқты болуы қажет. Мысалы, кейбір мұғалімдер сабақта оған біреу сұрақ қойып тұрған сияқты өзіне-өзі сұрақ қойып, кейін оған жауап береді. Оқу мазмұнын кластарға түсінікті етіп жеткізу үшін бала ұғымына сай сөйлеп, әңгіменің арасында қызғылықты мысалдар, өткір сөздер қолдануы қажет. Сол сияқты мұғалімнің сабақ айтылуы көңілсіз сылбыр баяндалмай оқиғаның өзі басынан кешіргендей беріле түсіндіруі ұстаз шеберіне жатады.              Мұғалім сөзі айқын анықталғанымен ақылға дәйекті дәлелімен тыңдаушыны баулап алумен жұртқа үлгі болып шарт ұстаз сөзі оқушыларға өтілетін болып жақсы әсер ету, сөйлеу жазылуының зор мәні бар әдетте сөйлеушілік, баурағыштық жағы сөйлеушінің таңдаушыға деген баурағанын сезімін жеткізе алды. А.С.Макаренко кезінде «мұнда кел» деген сөзді 20 түрлі сарынмен айтуды үйренгенінше өзін педагог есептемегені жайлы жазды. Коммуникативтік, функционалдық бұл жағы сезіммен қарым-қатынасты білдіруде тығыз байланысты мұғалім сөзінің айқын болуы көбіне оның оқу материалын баяндамаларынан көрінеді.  Бұл процесс өте күрделі, педагог мысалы жаңа материалды баяндай отырып сөз басын отырған мәселе туралы бейнелі көрініс жүйесін қоса баяндайды. Мәнерлі айқын сөз анықталудың дәлдігі сонымен қоса әсерлігі баяндалатын материалды бейнелі етіп көрсете білу олардың барлығы кез-келген мамандық педагогы үшін өте қажетті сөз болып отырған мәселе туралы бейнелі көрініс жүйесі қоса баяндалады.

        Мәнерлі айқын сөз анықтаудың дәлдігі сонымен қатар сонымен қоса әсерлігі баяндалатын материалды бейнелі етіп көрсете білу, осылардың барлығы кез-келген мамандағы педагог үшін өте қажет болған. Өкінішке орай сөз болып отырған мәселені іштей көрсете білу кез-келген мұғалімнің қолынан келе бермейді. Ал шындығына келгенде тек осының өзі ғана педагогикалық қарым-қатынас тиімділігінің анағұрлым арттыруға бірден-бір қажет деген жалпы сөйлеу кезінде адамның адамгершілік қасиеті ерік жігермен және жалпы жағымпаздығы айқын аңғарылып тұрады. Сондықтан эмоционалдық сезім құндылық қатынас туғызатындай қолайсыз көріністерді реніш туғызбайтындай құру керек.

        Әдетте өз сабағына жан тәніне берілген мұғалімнің шын жүректен шыққан жалынды сөзі оқушыларды еліктіре баурап әкетеді. Егер ол сөзіне немқұрайлы қарайтын болса оқушылар оны бірден байқап қалады. Әдетте сабақ кезінде мұғалім дауысы оқушылардың бас миында жеткілікті көру аймағын туғыза алатындай көтеріңкі, көңілі ашық болуы шарт. Кейбір мұғалім сабақ түсіндіргенде сөздердің естілер, естілмес болуы жай баяндауынан ешқандай нәтиже күтуге болмайды. Оның өзі бір жағдайда гипнозды түрде әсер етіп, оларды халықтарының жағдайына келтірсе, 2-ші жағдайда оқушылардың басым болуына жол береді. Оның есесіне ашық, орнықты, көтеріңкі көңіл күймен баяндалған түсіндіруден көп нәтиже күтуге болады. 

       Бұл тұрғыдан алғанда мұғалім стилін оның психикасы басты көрсеткіш десек те артық болмас еді. Оқушыларды сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу барысында маңызды проблеманың шәкірттерді өз ана тілін құрметтеп біреуге тәрбиелеу ана тілінің жай жан-жақты қалыптасуындағы құдіретті күш туралы ұлағатты сөздер ұстаздар қауымының жадынан тұрақты орын алу керек. Ана тілінің осындай табиғи қасиеті туралы тебірентіп, ұлағатты сөздерді естен шығаратын мұғалімдер жоқ емес. Олай болса, бүгінгі өмірдің талабына сай жас ұрпаққа тәрбие беруде мұғалімнен тәрбиешілер ғылыммен, өнер техникасымен технология жетістіктерін оқушылардың сана сезіміне жеткізу үшін мұғалім сөзінің мәні сөйлеу мәдениеті өте жоғары деңгейде болуы шарт.    

         Класпен алғаш кездескен жас педагогтар, жаңадан үйреніп жүрген тәрбиешілер, практикадағы студенттер класпен қарым-қатынас жасаудың өте қиын екендігін айтады. Педагогикалық практика кезінде мынадай сұрақтарды жиі естуге болады: «Балалармен қалай сөйлесу керек»?, «Әзіл айтуға бола ма?», «Олар (балалар) неге тыңдамайды?», «Бұйығушылық пен ұялшақтықты қалай жеңуге болады?» т.б. Осы сұрақтардың барлығы – педагогикалық қарымқатынасты меңгере білмеудің нәтижесі. А.С.Макаренко былай деп жазған болатын: «Мен үшін менің практикамда, сондай-ақ сіздер үшін, көптеген тәжірибелі мұғалімдер үшін мұндай «түкке тұрмайтындар»: қалай тұру, стол қасындағы орындыққа қалай отырып, қалай дауыс көтеру, күлу, қарау өте мәнді бола бастады. Бізді бұған ешкім үйретпеді, ал мұны үйренуге болады және үйрену қажет те, ең үлкен шеберліктің мәні осы және де осы болуы тиіс». Балалармен педагогикалық өзара әрекетте ұсақ-түйек жоқ – барлығы да:  көзқарас, көз жанарыңның қозғалысы, дене қимылы, т.б. жұмыс істейді.

Өйткені біз жай қарым-қатынас емес, кәсіптік іскерлікпен қарым-қатынас жасаймыз. 

        Сабақта класты меңгеру үшін осындағыларды мұғалім түгел өзінің сөзіне тартып немесе тапсырманы орындауға жұмылдыра алуы шарт. Сабақ үстінде, оқушыларға түгел ие болу, негізінде, баяндалынатын оқу материалын қандай тілмен жеткізуге байланыстылығынан, жеке балаға түрлі ескертулердің қалай жасалынуы керек екенінің де үлкен маңызы бар. Өйткені сабақ үстінде оқушының бірі тынышсыз отырғанда, мұғалім онымен айналысып кетсе, онда ол өзінің жоспарын орындай алмай, мақсатына жете алмайды. Сондықтан сабақты ойдағыдай жүргізуде ескертулерді дұрыс жасап, кластағылармен қатынас жасай алу – шеберліктің белгісі. 

Күнделікті тәжірибеге қарағанда, мұғалімнің класқа жасайтын ескертулерінің бәрі бірдей нәтиже бере алмайды. Сондықтан осы жағдайды еске алып, тәжірибесі мол мұғалімдер өзінің класқа арнаған сөзін орнымен қолдануға тырысады. Бұл мәселені біз сабақтың әр кезеңіне байланысты қамтып көрейік. Мысалы, үлкен үзілісте оқушының көбі ойнап қызып келіп, кластағылардың біраз уақыт тынышталмағанын көрген мұғалім «тынышталыңдар» дейді. Осыны кейбір бала ескермеген жағдайда мұғалім оларға көзін тікелей қадап, дауысын көтеріңкіреп, тыныш отырмаған оқушының атын атап  «Бекарыс!» десе, соңғы сөз бір оқушыға арнап айтылса да, басқалар осының өздеріне қатысы бар екенін сезіп, тынышталына бастайды.  Класта тәртіп орнатуды осылай жасаған орынды. Өйткені «Тынышталыңдар!» деген сөзді тек бір айтып қоймай, осыны қайталай берсе, тынышталған оқушылар «Біз өзіміз тынышталдық қой, осы кісі өзгелерге неге ескертіп айтпайды», — деген ойда болады. 

         Сонымен қатар сөзді пайдалана білудің өзге тәсілдері де бар. Мысалы, бір оқушы жауап беріп тұрғанда, өзгелер  оған кедергі жасап, мұның сөзі класқа естілмегенде «Мыналар тынышталғанша сен сөзіңді тоқтата тұр», — десе немесе «Сен, Мұрат, басқаларға неге маза бермейсің?» — деп атап айтса, осындай жағдайда бір оқушының тәртіпсіздігі тыныш отырғандардың мінез-құлқымен салыстырылып, осы оқушыға көпшіліктің наразылық пікірі туады да, ол өзінің қылығын басқалардың қостамағанын сезіп, тыныштала бастайды. 

       Бұл сияқты тәсілдерді көптеп келтіруге болар еді. Бірақ әңгіме тәсілдердің санын көбейте беруде емес. Мәселенің негізі бұл жерде мезгілді созып алмау үшін орынсыз ескерту жасауға әуес келмей, ескертулердің көпшілігін бет құбылыс, дауыс арқылы жеткізе білуде. Осындай тәсілді «Өзінше сипаттап көңілмен білдіру әдісі» деп атайды. Сабақта мұғалім өзінің ескертейін дегенін тікелей сөз мағынасында айтпай, көңілімен жеткізе алуы – оқушылармен қатынас жасаудағы шеберліктің ең жақсы түрі. Мұндай тәсіл бір жағынан сыпайылықты сақтауға мүмкіндік берсе, екінші жағынан әрі әсерлі, әрі оқушының санасына қонғыш келеді. Өйткені оқушы ұстазының не себептен оның атын атамай тұрғанын бірден түсініп, көпшіліктің көзінше ұялтқысы келмей тұрғанын біліп, алаңдауын тоқтата қояды. 

        Сабақта оқушылармен қатынас жасаудағы шеберліктің өзге түрлері де кездеседі. Сабақта класпен байланыс жасаудың негізгі тәсілінің бірі – мұғалім сөзінің нақты және оқушыларды сендіретіндей болып келуінде. Мұғалім сөзінің сендірімділігі деп айтылатын сөздердің айқын, бірінен соң бірі жүйемен келуін айтады. Сонымен қатар шебер педагог сабақты түсіндіріп тұрған кезінде сөзінің көпшілігін баяндау ретінде өткізбей, жалғыз өзі сөйлеп тұрса да, оның сөзі екі кісі арасындағы әңгіме сияқты болып келеді. Мысалы, кейбір мұғалім сабақта, оған біреу сұрақ қойып тұрған сияқты өзіне өзі сұрақ қойып, кейін соған жауап береді: оқу мазмұнын кластағыларға түсінікті етіп жеткізу үшін бала ұғымына сай сөйлеп, әңгіменің арасында қызғылықты мысалдар, өткір сөздер келтіріп отырады. Сол сияқты мұғалімнің сабақ айтуы көңілсіз сылбыр баяндалмай, оқиғаларды өзі басынан кешіргендегідей беріле түсіндіруі де шеберлікке жатады. 

        Көпшілік алдында сөйлеу үшін қарапайым қарым-қатынасты барынша жаттықтыра түсу қажет. Тек қана осындай кәсіптік-педагогикалық қарымқатынаста, оған қоса балаларды шынайы жақсы көре білгенде ғана педагогикалық процестің бүкіл мәні айқындала түседі. В.А.Сухомлинскийдің айтқанындай, тәрбиеші өнері ең алдымен сөйлеу өнерімен, адам жүрегін баурап алу өнерімен көрінеді. 

«Балаларға іскерлікпен, табанды түрде айтылған жақсы сөздің – деп жазды А.С.Макаренко, — орасан зор маңызы болатынына мен кәміл сенемін, біздің ұйымдық формаларымызда әлі де көптеген қателіктердің болуы, сірә, біз көп жағдайда балалармен дұрыстап сөйлесе білмейтіндігімізден. Сіздің сөзіңізден, сіздің ерік-жігеріңіздің, сіздің мәдениетіңіздің, сіздің жеке басыңыздың лебі есіп тұратындай етіп сөйлей білу қажет. Осыған үйрену қажет». 

А.С.Макаренконың, В.А.Сухомлинскийдің және басқа да көрнекті кеңес педагогтарының қызметін үйрену, озат педагогикалық тәжірибелер мынаны көрсетті: балалармен өте оңтайлы қарым-қатынас жасай білу көп жағдайда оқутәрбие процесінің тиімділігін қамтамасыз етеді (А.С.Макаренконың педагогикалық тәрбие ықпалындағы тамаша үлгілері; В.А.Сухомлинскийдің педагогикалық жұмысындағы адамдармен қарым-қатынас жасаудағы әдептілік пен нәзіктік). 

Сіз өзіңізді бір сәт оқушы ретінде елестетіп көріңізші: сіздің, сірә, өте жақсы ұнатқан педагогыңыз болған шығар, олардың кейбіреулеріне еліктеген боларсыз, ал енді біреулерін онша ұната қоймағаныңыз да анық. Зерттеушілер осыдан көп жыл бұрын  мектепті бітірген ересек адамдардан сұрау жүргізді. Олардан өздері ұнатқан мұғалімдерді еске түсіруді және ұстаздарын не үшін ұнатқанын айтып беруді өтінді. 5000-дай сұрақ қойылғандардың басым көпшілігі ұстазының өзіне деген оң көзқарасы екендігін айтты – ал мұның өзі педагогикалық қарым-қатынастың өте күрделі өнеріндегі маңызды компонент. 

Балалармен қарым-қатынас жасау – бұл толассыз шығармашылық. Бір сабақтың өзін ғана сәл еске түсіріңізші. Мұнда балалармен дұрыс қарымқатынасты ұйымдастыруда шешуге тура келетін қаншама педагогикалық айлаәрекеттер, қарама-қайшылықтар, қақтығыстар, проблемалар туындайды десеңізші. Осының барлығы қас-қағым сәтте ойластырылуы тиіс. Міне, сондықтан да педагогикалық қарым-қатынас – бұл  шығармашылық.  Бекіту сұрақтары:

1. Мұғалім мамандығындағы шешендік өнердің маңызы қандай?

2. Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті дегеніміз не?

3. Ұстаздың оқушылармен қарым –қатынас жасау шеберлігі негізіндегі шешендік өнердің  алатын орны қандай?

 

Әдебиеттер:

1.  С.Негимов Шешендік өнер. Алматы: Ана тілі, 1997.

2.  М.Әбдіхалықов, Б.Күнтуарова, Л.Парфенова. Сөздік қатынас негіздері

«Фолиант» Астана-2010

3.  Р.Х.Шахуров. Педагогтың шығармашылық өсуі. – М., 1995

4.  Н.А.Березовин. Педагогикалық қатынасу мәселелері. – М., 1989

5.  Т.С.Садықов және т.б. Болашақ мамандарды кәсіптік дайындау. (Абай атындағы АлМУ жаршысы. №5 (5), 2001. – 21-25

6.  Н.Д.Хмель. Мұғалімді кәсіптік дайындаудың теориялық негіздері. – Алматы,

1998 7. Төреқұлов А. Шешендік сөздер. А., 1981ж.

8. А.Н.Каримов.  Педагогикалық қызмет және педагогикалықшеберлік негіздері. Оқу құралы Алматы «Қазақ университеті» 2011 ж

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *