Мақал-мәтелдер
Үй іші туралы
1. Балаң жаман болса, көрінгеннің мазағы.
2. Бала – ананың бауыр еті.
3. Бала қадірін, балалы болғанда білерсің.
4. Талабы жоқ жас ұлың Жалыны жоқ шоқпен тең.
5. Ат болатын тай саяққа үйір,
Адам болатын бала қонаққа үйір
Тәлім тәрбие туралы
1. Өз білмегеніңді кісіден сұра, Үлкен жоқ болса, кішіден сұра.
2. Көзі соқырдан көңілі соқыр жаман
3. Көп біл, аз сөйле
4. Ақылдассаң – шешерсің, Ақылдаспасаң, кем кесерсің.
5. Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені Сыйлассаң, сыйымды боларсың.
6. Қарағайға қарап тал өсер, Қатарына қарап бала өсер.
Адам және оның қасиеттері туралы
1. Атаңның баласы болма, Адамның баласы бол.
2. Жақсы адам – елдің ырысы, Жақсы жер – жанның тынысы. 3. Адам болатын бала Алысқа қарайды.
4. Кісі болар баланың
Кісімен ісі бар, Кісі болмас баланың. Кісіменен несі бар?
5. Бірлігі жоқ ел тозады, Бірлігі күшті ел озады. 6. Жаман дос – келеді, Басыңды күн шалса, Қашып құтыла алмайсың.
Басыңды бұлт алса,
Іздеп таба алмайсың. 7. Биік төбеге шықсаң, Көзің ашылады. Жақсымен сөйлессең, Көңілің ашылады.
8. Жақсы келді дегенше, Жарық келді десеңші. Жақсылықтың уытын Алып келді десеңші.
9. Болат қайнауда шынығады, Батыр майданда шынығады. 10. Жүк ауырын нар көтереді, Ел ауырын ер көтереді.
11. Еменнің иілгені – сынғаны.
Ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені.
12. Еңбексіз өмір – сөнген өмір.
13. Еңбек етпесең, елге өкпелеме, Егін екпесең, жерге өкпелеме.
14. Жан қиналмай, жұмыс бітпес, Талап қылмай, мұратқа жетпес.
15. Ақыл – тозбайтын тон, Білім – таусылмайтын кен.
16. Оқу түбі – тоқу.
Тіл өнері туралы
17. Көп сөз – күміс, Аз сөз – алтын.
18. Бас кеспек болса да, Тіл кеспек жоқ.
19. Шешеннің сөзі мерген, Шебердің көзі мерген.
20. Тоқсан ауыз сөздің Тобықтай түйіні бар.
21. Әдептілік, арұят – Адамдықтың белгісі.
Тұрпайы мінез, тағы жат – Надандықтың белгісі.
22. Ақылсыз адам айқайлай келеді, Жанжағын жайпай келеді. Ақылды адам жайжай келеді, Жанжағын байқай келеді.