Мақал-мәтелдер – қазақ халқының таланты мен талғамның даналығы мен даралығының куәсі. Халық мақалмәтелдерді ғасырлар бойында тәрбие құралы етті. Көшпенді тұрмыс пен дала табиғатының қаяр талаптарына ұрпағының сай болуын қалаған ел болашағының дені сау, жаны таза болуына көңіл бөлді. Осы тұрғыдағы халық пайдаланған жазылмаған заң мақалмәтелдер болды.
Мақалмәтелдер – авторы белгісіз, халықтық сипат алған даналық сөздер. Қазақ мақалмәтелдерінің тақырыбы ел мен жер, оны сүю, қадірлеу, туған жұртты құрмет ету, батырлық пен ерлік, еңбек, т.б. сияқты болып келеді. Бұның өзі ел тұрмысы мен шаруашылығына не қажет, қандай мұқтаждық болды деген сұрақтарға жауап береді.
Мақалмәтелдердің ерекшелігі – лексикаграмматикалық стильдік сипаттарында. Даяр, жұмсауға қолайлы сөйлемдер ақынжырау, шешен, би сөздерінде де мақал, нақыл, сілтеме түрінде көп кездеседі.
1. Сөздер дыбысталуы жағынан үндес болады.
2. Екі құрамды мақалдардың ұйқасып келуі есте сақтауға жеңіл.
3. Құрамындағы сөздердің көбіне бір, екі морфемадан болуы тұтастыра түседі.
4. Ұлттық таным, түсінікті негіз еткен ой бірлігі көңілге қонымды.
5. Синтаксистік тұтастың мазмұн мен пішінді біріктіреді.
Мақалмәтелдердің замандар елегінен өтіп өкшеленумен бірге өміршеңдігін тағы да халық тұрмысы мен танымнан табамыз. Көшпелі ел әр адамның жұрт алдындағы беделі мен еңбегіне қарай мәртебесін де қоя білді. Ортақ мүддені, көзқарастағы ой бірлігін, адамгершілік қадірқасиет нормаларын, моральдік талаптарды да мақалмәтел, нақыл сөздерден табамыз. Нақыл сөздер мен мақалмәтелдердің авторлары аты бізге жетпеген шешен, би, ақын, жыраулар екені белгілі. Хатқа түспеген сөздердегі автор аты келекеле ұмытылып, ел сөзі болып кеткен. Мақалмәтелдерді кейінгі заман би, шешен, ақын, жыраулары ел сөзі ретінде пайдаланған. Қашанда жеке біреудің сөзінен де көптің атынан айтылған ойпікірдің пәрменді болатындығын мақалмәтелдер дәлелдейді. Ел ішінде халық сөзі деп қолданған мақалмәтел, нақыл сөздер кімге де болса тоқтау, бітім болғаны да осыдан.
Нақыл сөздерді кейінгі қаламгерлерден де кездестіреміз «Ел болам десең, бесігіңді түзе!» (М. Әуезов), «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» (А. Байтұрсынов), «Отан үшін отқа түскін, күймесің» (Б. Момышұлы), т.б. нақыл сөздер ел аузында мақалға, ұрпақ тәрбиелер, жұрт тыңдатар халықты ертер сөздерге айналған.
Мақалмәтелдер мен нақыл сөздер:
– рухани байлық көзі;
– тәрбие құралы;
– моральдік талаптар негізі;
– шешендік өнерде қолданар даяр үлгілер ретінде маңызды.