Идиома – тіркес құрамындағы сөздерді бөлуге келмейтін, мағына тұтастығы тіркеспен бірге анықталатын сөздер тобы. Мысалы: мұрнын көкке көтеру (менменсу), қара қылды қақ жару (адал), аузына ақ ит кіріп, қара ит шығу (қатты балағаттап ұрсу), салы суға кету (ұнжырғасы түсу) т.б. Фраза – тіркес құрамындағы сөздердің біреуі болса да, бастапқы лексикалық мағынасын сақтаған сөз тіркесінің түрі. Мысалы: тепсе темір үзу (мықты), бұраң бел (нәзік, жіңішке бел), алма мойын (әдемі мойын), асқар тау (биік тау) т.б.
Қазақ тілі – тұрақты сөз тіркестеріне бай тіл. Тілдегі көркемдеп, бейнелеп жеткізудің әрі нақты суретті көзге елестете жеткізудің құралы болатын тұрақты сөз тіркестері «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде» (І. Кеңесбаев. А., 1977) берілген.