ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫ

Ақмешіт – Қызылорда қаласының бұрынғы атауы.

Ақыпта – жер атауы.

Арқа – Каспийдің теріскей бетіндегі Ойыл, Орынбор аймағы да осылай аталған.

Атырау – мәтін бойынша: Каспий теңізінің қазақша ескі атауы.

Бесқала – Қоңырат, Ходжейлі, Шымбай, Нөкіс және Төрткүл қалаларының XVIII−XIX-ғасырлардағы жиынтық атауы. Бесқала атауын, негізінен, Кіші жүз қазақтары қолданған.

Елек – Қазақстанның батысындағы өзен.

Ертіс – Павлодар облысының Ертіс ауданындағы ауыл, аудан орталығы, өзен айлағы. Ертіс өзені Солтүстік Мұзды мұхит алабында жатқан өзен, Обь өзенінің сол жақ саласы. Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары арқылы ағады.

Жолабала – жер атауы.

Кемпір – Жамбыл облысындағы жер аты.

Көкөзек – Ертіс алабындағы өзен; Шығыс Қазақстан обл. Үржар ауданындағы ауыл, ауылдық әкімшілік округінің орталығы.

Қазбек – Алматының солтүстік батысындағы тау аты, батырдың есімімен аталған.

Қараөткел – Сарыарқа қазақтары Есіл өзенінің қазіргі Астана қаласы орналасқан, көшкен ел аттылы-жаяу өте беретін тайыздау тұсын ежелден Қараөткел деп атаған.

Қарқаралы – Қарағанды облысының солтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік; Қарқаралы қаласы да бар.

Қиыл – Ойыл алабындағы өзен. Ақтөбе облысының Ойыл, Қобда аудандарының жерімен өтеді.

Қобда – Елек алабындағы өзен. Ақтөбе облысының Алға, Қобда аудандарының жерімен өтеді.

Қоқан – Қоқан хандығы – XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың бас кезіндегі Орталық Азиядағы мемлекет. Орталығы – Қоқан қаласы болды. Қоқан қаласының негізін салушы Шахрук би, шамамен, 1710 ж. Бұхара әмірлігіне тәуелсіз шағын иелік құрды. 1813 −1814 ж. Сайрам мен Түркістан қалалары бағындырылды. XIX ғасырдың бірінші жартысында Қоқан хандығына қазіргі Қырғызстан мен Оңтүстік Қазақстанның көпшілік аумағы бағындырды. 1876 ж. 19 ақпанда Ресей өкіметінің жарлығымен Қоқан хандығы жойылып, оның орнына Ферғана облысы құрылды.

Қуаң – Қуаңдария – Сырдария алабындағы құрғақ арна, Сырдарияның ескі тарамы. Қызылорда облысындағы Қармақшы, Қазалы аудандарының жерімен өтеді.

Қызылжар – Батыс Қазақстандағы елді мекен.

Қызылтау – Қазақстанда осы атаумен бірнеше жер бар. 1) Қарағанды обл. Шет ауданындағы ауыл; 2) Сарыарқаның орталық бөлігіндегі аласа тау; 3) ерте палеолит ескерткіші, ол Жамбыл обл. Қаратау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 24 км жерде.

Меркі, Мерке – Шу алабындағы өзен. Жамбыл облысында Мерке ауданының жерімен өтеді.

Мысыр – Египет.

Нарын, Кемин – Қырғызстандағы өзен аттары.

Ойыл – Жайық алабындағы өзен. Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары жерімен ағады.

Омбы – бүгінде Ресей қаласы, Омбы обл. орталығы. Омбы бекінісін 1716 ж. Петр I патшаның бұйрығы бойынша генерал-губернатор М.П.Гагарин салдырған. 1782 ж. қала мәртебесін алып, Тобыл (1782–1798) округінің, Тобыл губерниясының (1804–1822, 1839–1868), Омбы (1822–1839) және Ақмола (1868–1918) облысының, Батыс Сібір (1824–1882) және Дала губерниясының (1882–1917 ж.) орталығы болған.

Ор – Жайық алабындағы өзен. Ақтөбе облысының Мұғалжар, Хромтау аудандарының жерімен ағады.

Орал, Жайық, Теке – осы күнгі Орал қаласы (1775 ж. бастап қала), Батыс Қазақстан облысының орталығы (1932 ж.).

Орынбор – Қазақстанның бірінші астанасы болған. Бүгінде Ресей Федерациясына қарайды.

Өтеген – Алматының солтүстік батысындағы тау аты, батырдың есімімен аталған.

Перовск – Қызылорда қаласының бұрынғы атауы, Ақмешіт атанған қала. Кейін, 1853 ж. Орынбор генерал-губернаторы В.А.Перовский Сыр қазақтарын қорғауды сылтауратып, орыс әскерлерімен қоқандықтарды қуып шыққан, қала бұдан кейін Перовск атанған.

Семей – Шығыс Қазақстан облысындағы қала. Семей әскери бекінісінің іргесі 1718 ж. қаланды. 1782 ж. уездік қала болды.

Созақ – Оңтүстік Қазақстан облысының солтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлініс.

Сүрелі – жер, өзен аттары.

Тайсойған – Атырау облысындағы құмның аты.

Темір – Ақтөбе облысындағы қала типті мекен аты.

Тербенбес — жер аты болуы керек.

Терісаққан – елімізде осы аттас үш өзен бар. 1) Жайық алабындағы өзен, Ақтөбе облысында Қобда ауданының жерімен ағады. 2) Сағыз алабындағы өзен, ол Ақтөбе облысы Байғанин ауданының жерімен ағады. 3) Есіл алабындағы өзен.

Тор (Синай) тауы – Мұса пайғамбарға Құдай дауыс арқылы хабар берген тау.

Троицк – Ресей Федерациясындағы қала. Негізі 1743 ж. бекініс ретінде қаланған. Онда 1750 ж. Орта Азия мен Шығыс Түркістанмен сауда жүргізу мақсатында жәрмеңке ашылды. XIX ғ.-дан бастап Троицк қаласы қазақтардың өмірінде елеулі рөл атқарды. Мұнда татар зиялыларының атсалысуымен «Расулия», «Уазифа» атты медреселер ашылып, қазақ балалары көптеп қабылданды. Алғашқы қазақ баспасөздері: «Қазақ» газеті (1907−1918), «Айқап» журналы (1911 – 1915) осында шығып тұрды.

Үргеніш – ежелгі қала, ортағасырлық Хорезм мемлекетінің астанасы. Орны қазіргі Түрікменстан Республикасындағы Ташауыз уәлаятындағы Көне Үргеніш елді мекенінің жанында.

Хабар асу – ақ патшаның Хабаров деген генералы 500 әскермен осы асудан асқандықтан, «Хабаров асуы» атанған. Кейін ел «Хабар асу» деп кеткен.

Шоқпар – Шу өзенінің шығысындағы жер аты.

Шу − Қырғызстан мен Қазақстан жеріндегі өзен.

Шыршық – Орта Азиядағы ірі өзендердің бірі, территориялық жағынан қазіргі Өзбекстанға тиесілі болғанымен, Сырдарияның оң сағасы. Шідерті – Шідерті өзенінің, Ертіс-Қарағанды каналының оң жағасында, Павлодар облысындағы Екібастұз қаласынан 50 км ж

Қазақ өнерінің антологиясы

Хабар асу – ақ патшаның Хабаров деген генералы 500 әскермен осы асудан асқандықтан, «Хабаров асуы» атанған. Кейін ел «Хабар асу» деп кеткен.

Шоқпар – Шу өзенінің шығысындағы жер аты.

Шу − Қырғызстан мен Қазақстан жеріндегі өзен.

Шыршық – Орта Азиядағы ірі өзендердің бірі, территориялық жағынан қазіргі Өзбекстанға тиесілі болғанымен, Сырдарияның оң сағасы.

Шідерті – Шідерті өзенінің, Ертіс-Қарағанды каналының оң жағасында, Павлодар облысындағы Екібастұз қаласынан 50 км ж

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *