Жақсыдан жаман тумайтыны

Жақсыдан жаман тумайтыны
Әз Жәнібек бір күні Жиреншеден сұрапты:
– Шешен, хас жақсыдан жаман туа ма? – депті.
Шешен:
– Тумайды! – депті.
Сонда хан ойлапты: «Өзінің баласы жаманға қосылып кетеді, – деп, – соны қорғап отыр­ау!» деп.
Мұнан кейін біраз жылдан соң Жиренше өліпті. Мұнан кейін біраз жыл өткен соң, басқа елді шауып келуге жорыққа шығыпты.
Сонда Жиреншенің баласы шешесіне келіп:
– Осы жорыққа мен де барсам, қайтеді? – деп сұрапты. Шешесі баласына:
– Әкеңнің айтып жүрген сөзінен ұққаның бар ма? – депті. Сонда баласы айтыпты:
– «Жорыққа барсаң, аттың сырмінезін мін, сырмінезі жоқ болса, жасынан мін!» – деуші еді. – депті.
Сырмінез аттың бәрін мініп қойған. Бір жас атты ұстап мініп, бұл да барыпты. Барған ел соғысып, ханның атына оқ тиіп, қолда қамауда қалуға қарағанда, басқа батырлардың бәрі қашып кетіп, Жиреншенің жаман баласы ханға келіп, атын беріп, өзі қолда қалыпты.
Сонан елге келгеннен соң батырларын жинап алып, Әз Жәнібек хан айтқан екен:
– Таудан аққан тас бұлақҚұймай қоймас теңізге.
Жақсыдан жаман туғанмен,
Тартпай қоймас негізге! – депті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *