Жас кезеңдерге бөлу теориялары. Дағдарыстар.
Дәріс жоспары:
1. Л.С.Выготскийдің жас дағдарыстары ұғымы және жас кезеңдері теориялары
2. Нәрестелік кезеңнің жас дағдарысы
3. Психикалық дамудың қозғаушы күштері, оның шарттары.
Мектеп жасына дейінгі балалардың психикасының дамуы бір қалыпты болмайды. Мұнда біз бір жас кезеңдерінің бір шама баяу, бірте-бірте өзгеретіндігін, ескі психикалық белгілер жойылып, оның орнына жаңа психикалық белгілердің пайда бола бастайтынын байқап, кейде бала неғұрлым тез секірмелі түрде адам танымастай өзгеріп кететінін байқаймыз. 1-кезеңнен 2-кезеңге бұлай секірмелі өтуді дағдарысты даму дейміз.
Баланы туғаннан мектепке барғанға дейінгі аралықтың өзінде бірнеше дағдарысты кезеңдерден өтеді. Әр даму кезеңдеріне өткен сайын, бір жастан екінші жасқа көшу барысында адам үлкен дағдарыстарға ұшырайды. Дағдарыс – қалыпты емес, «ауытқушылық» құбылысы, дұрыс емес тәрбиенің нәтижесі. Дағдарыстардың бір қалыпты кезеңдерден ерекшелігі, ұзаққа созылмайды, бірнеше ай болуы мүмкін. Осы қысқа, бірақ буырқанды сатыда баланың дамуында көп қасиеттер тез өзгереді. Осы уақытта даму апаттық сипатқа ие болуы мүмкін. Дағдарыстық және қалыпты даму кезеңдері кезектеседі. Сондықтан да Л.С.Выготскийдің жас ерекшелік кезеңі келесі сипатқа ие:
— жаңа туылу дағдарысы – нәрестелік жас (2 ай-1 жас);
— 1 жас дағдарысы – ерте балалық шақ (1-3жас):
— 3 жас дағдарысы – мектепке дейінгі жас (3-7 жас):
— 7 жас дағдарысы – мектеп жасы (7-13 жас);
— 13 жас дағдарысы– пубертатты жас (13-17 жас)
— 17 жас дағдарысы.
Жас кезеңдері тарихи сипатта болады деп П.П.Блонский мен Л.С.Выготский тұжырымдаған қағидаларды әрі қарай дамытады. Тарихи даму үдерісінде балалар өсетін жалпы әлеуметтік жағдайлар, оқытудың мазмұны мен әдістері өзгеріп отырады және бұлардың барлығы дамудың жас кезеңдерінің өзгерісіне әсер етпей қоймайды.
Жас шамасы мен психикасының даму өзгешеліктерін білу үшін жас кезеңдерінің арасындағы сапалық өзгешеліктерді ажырату керек. Әр жас кезеңінің ұзақтығы әртүрлі болғанымен бір-біріне байланысты. Сондықтан әр жас шамасында балалық шақ кезеңі әртүрлі мөлшерде өтеді. Мысалы: нәрестелік кезеңде бір жылдың ішінде 5 сатыдан өтеді. 1-3 жасқа дейін 3 сатыдан, бастауыш сыныпта 3-4 сатыдан өтеді. Бұл баланың денесінің және психикасының әр кезеңде біркелкі дамымайтындығын көрсететін ерекше факт.
Әрбір жас кезеңінде адамда белгілі іс-әрекет жетекші рөл атқарады. Іс-әрекеттің әрбір түрлері бала дамуына әр түрлі әсер етеді. Әр кезеңде болатын тұлғаның және психикалық функциялардың дамуындағы өзгерістер жетекші іс-әрекеттермен қамтылған. А.Н.Леонтьев жетекші іс-әрекеттің үш белгісін көрсетті. Біріншіден, жетекші іс-әрекет аясында іс-әрекеттің жаңа түрлері пайда болады және ажыратылады. Мысалы: бала ойнай отырып үйренеді: рөлдік ойында мектепке дейінгі балада оқудың элементтері қалыптасады. Екіншіден, жетекші іс-әрекетте арнайы психикалық функциялар қалыптасады. Мысалы, ойында шығармашылық қиял пайда болады. Үшіншіден, осы уақытта бақыланатын тұлғаның өзгерісі тәуелді.
Кез келген іс-әрекет жетекші бола алмайды.
0-ден 2 айға дейін нәрестелік кезең жалғасады. Бұл адам өміріндегі жалғыз ғана биологиялық кезең, осы кезеңде бала әлі де болса әлеуметтік пенде емес, себебі жетекші іс-әрекет жоқ. Бала келесі шартсыз рефлекстермен дүниеге келеді:
1) ағзаның ішкі ортасын реттеуші (демалу, қанайналым);
2) тамақтану (сору, жұту);
3) қорғаныс рефлекстері (көзді жыпылықтату, түшкіру, жөтелу);
4) бағдарланушы (басын күшті тітіркендіргішке бұру);
5) қозғалыстық (қамту, жүзу, адымдау, еңбектеу).
Көптеген рефлекстер балаға өмір сүру үшін қажетті, себебі олар ортаға бейімделуді қамтамасыз етеді. Шартты рефлекстердің алғашқыларының бірі бала өмірінің 10 күнінде пайда болады – бұл тамақтандыруға деген рефлекс.
Танымдық дүниенің дамуы.Дүниеге келген кезде көру және есту анализаторлары толыққанды қалыптаспаған, бірақ қарқынды даму үстінде болады. 2-3-ші аптада есту, 3-4-ші айда көру шоғырланады.
Эмоционалдық дүниенің дамуы.Үштен жеті аптаға дейінгі жаста балада «жандану кешені» пайда болады: анасын немесе басқа жақын адамды көргенде күлу, қозғалыс реакциялары, вокализация.
«Жандану кешені» балада алғашқы қарым-қатынасқа деген әлеуметтік қажеттіліктің пайда болғанын білдіреді. Берілген сапа – бұл баланың қалыпты психикалық дамуының алғашқы белгісі.
Бір кезеңнен екінші кезеңге бұлайша секірмелі өтуді дағдарысты даму дейміз. Осы жас дағдарыстары шамамен жас мөлшері бірдей ұқсас жағдайда өмір сүретін балаларда пайда болады және осыған қарап нақты жас кезеңдеріне бөлуге болады.
Қазіргі кездегі педагогтар мен психологтар туғаннан бастап нәрестенің тіршілік етуіне байланысты өзгеріс дағдарыстарды санамағанда баланың туғаннан мектепке барғанға дейінгі аралықтағы кезеңдерін 3 дағдарысты кезеңге бөлуге болады.
1 жас, 3 жас және ең ақырғы — 7 жас. Бұл кезеңдерін өзін жас ерекшеліктеріне байланысты 3 кезеңге:
1.Нәрестелік кезең туғаннан 1 жасқа дейін, бұның ішінде алғашқы
1 айға дейінгі уақыт, бөбектік кезең, жаңа туған кезең;
2.Сәбилік кезең 1 жастан 3 жасқа дейін;
3.Мектеп жасына дейінгі кезең, 3 тен 7 жасқа дейінгі;
4.Бастауыш мектеп кезеңі, 7-12 жасқа дейінгі;
5.Жас өспірім 12-15 жас;
6.Жастық кезең 15-18 жас.
Мұндай жас кезеңдерінің өзі жас мөлшеріне қарай бөлінеді. Бірақ балалардың жас көрсетікіштері тұрақты болмайды.
Әр елде есеюді, әр жас кезеңіне қандай ат беруді өзінше түсінген. Себебі әр елдің қоғамдық және мәдени дамулары әр түрлі дәрежеде болып келді. Әлеумет жасы дегеніміз әр елде есеюді қоғамдық жағдайдың ерекшелігінің билеуі. Демек, әркімнің өзіне тән хронологиялық жасынан басқа әлеумет жасы кездеседі. Әлеумет жасы мен хронологиялық жастың арасында едәуір айырмашылық бар. Себебі әлеумет жасы деп отырғаны кәдімгі әркімнің туғаннан кейінгі жасы емес, заманның талабына қарай есеюдің әр түрлі болып келеді.
Қазақ еліндегі адамдар өзге халықтар сияқты балаларды қай жасында қандай өзгерістерге ұшырайтынын бақылап, оның есеюіне орай жасты неше түрлі кезеңдерге бөлген.
Туғаннан 1 жасқа дейінгі кезең – нәресте жас кезеңі (бесік жасына 0-7 және еңбектеу жасына 7-12 ай );
1-ден 3 жасқа дейінгі кезді – бөбектер жасы;
3-тен 7 жасқа дейін – сәби жасы;
7-ден 11 жасқа дейін – періште жасы;
11-ден 15 жасқа дейін – бозбала жасы;
15-тен 20 жасқа дейін – үлкендер жасы
Осы мағлұматтар баланың өз жасынан басқа әлеумет жасының кездескеніне дәлел бола алады.
Жасты ғылыми тұрғыдан тиісті кезеңдерге бөлу, сол кезеңге тән баланың есеюіне әсер ететін себептері: үлкендердің балаға қоятын талабы мен баланың өзбеттілік ұмтылуының арасындағы қайшылық дағдарыс кез кездеседі. Психологиялық тұрғыдан осы процестерді зерттеп жас кезеңдерін төмендегідей топтастыруға болады.
1.Жаңа туған бала – 1 күннен – 10 күнге дейін;
2.Емшек жасындағы бала – 10 күннен – 1 жасқа дейін;
3.Ерте балалық шақ – 1 жастан-3 жасқа дейін;
4.Бірінші балалық шақ – 4 жастан – 7 жасқа дейін;
5.Екінші балалық шақ – 8 жастан-12 жас (ер балалар), 8-11 жас (қыз балалар);
6.Жеткіншек шақ – 13 жастан 16 жасқа дейін (ер балалар), 12 жастан 15 жас (қыз балалар);
7.Жас өспірімдік шақ – 17 жастан 21 жасқа дейін (ер балалар), 16-20 жақа дейін (қыз балалар);
Жасты кезеңдерге бөлудің келтірілген осы жолы үнемі өзгермейтін нәрсе емес. Заманның өзгеруіне, соның ішінде әлеумет ортасының жағдайына сай жастарды топтастырудың азды-көпті өзгерістері болып отырады.
Баланың дамуы психологиялық заңдылықтарды қамтитынын төменгі бағыттар бойынша түсіндірді:
— бала дамуының күрделі құрылымы бар – баланың уақыты басқа уақытпен сәйкес келмейді. Өзінің ритмі, уақыты бар. Баланың өмір ритмі басқа өмір ритімімен сәйкес келмейді. Баланың психикасында сапалық өзгерістер болады;
— дамудың сапалық өзгерістері бар – жаңа қасиеттер дамып толықтырылып отырады;
— біркелкі емес баланың дамуы – әр кезеңге қарай әр түрлі керекті қызметтер дамиды. Баланың дамуы санамен байланысты. Сананың құрылымы жүйелі және мағыналы болады;
— жоғарғы заң психикалық функциясының дамуы – баланың дамуы сыртқы әрекеттің ішкі әрекетке айналуымен байланысты болады.
Бала дамуының кезеңдерінің барлық ұсынылған схемаларын Л.С.Выготский үш топқа бөледі:
1. Бірінші топ биогенетикалық заңға негізделген, осыған сәйкес онтогенез қысқаша түрде филогенезді қайталайды (С. Холл).
2. Ғалымдардың екінші тобы жас кезеңдеріне бөлудің критерийлері ретінде қандай да бір белгіні алады. Кемшілігі, тек бір ғана критерий ұсынылады және де бұл бір кезеңде көрсеткішті және мәнді болған белгі келесі кезеңде мәнділігін жоғалтады, себебі даму барысында бірінші кезекте тұрған нәрселер, екінші кезекке ығыстырылады.
3. Үшінші топ: сипаттаушы принциптен бала дамуының өзінің мәнді ерекшеліктерін бөлуге ауысу. Бұл теорияның кемшілігі: олардамудыңэволюциялық концепциясына бағдарланады (дамуда ешқандай
жаңа нәрсе пайда болмайды, мұнда тек о бастан берілген нәрселер ғана өсіп, ұлғаяды).
Екінші критерий – бір жастан екіншісіне өту динамикасын есепке алу. Динамиканы анықтауда ең маңыздысы – тұлға мен оны қоршаған әлеуметтік орта арасындағы қатынастарды есепке алу.
2.Нәрестелік кезеңнің жас дағдарысы. Бір жастағы дағдарыс.
Бала өмірге келгендігін өзінің алғашқы жылауымен білдіреді. Бала туылған кезде физикалық тұрғыдан анасынан бөлінеді. Ол мүлдем басқа жағдайға тап болады: температура, жарық, кеңістік, тамақтану жолы, дем алудың басқа жолын талап ететін орта. Жаңа ортаға бейімделуі барысында бала дағдарысқа ұшырайды.
Нәрестелік кезеңнен өту кезеңі бір жастағы дағдарыс деп аталады. Бұл дағдарыс белгілері басқа әлеуметтік ортада емес, ең бірінші отбасында байқалады. Л.С.Выготский 1 жас дағдарысты баланың алғашқы автономды сөйлеуімен және өз бетінше алғашқы қадам басуымен байланыстырады. Бұл дағдарыс та әрбір дағдарыс сияқты, дербестілік, ызалану реакцияларының пайда болуымен байланысты болады. Үлкендердің бала тілегін, сөзін, ым-ишарасын түсінбегендіктен немесе түсініп, оған қажет нәрсені орындамау салдарынан балада реніш сезімі пайда болады. Бала бұл кезде жүре бастағандықтан немесе белсенді жылдам еңбектей алатындықтан, ол үйдегі көптеген заттарға қол жеткізе алады. Үлкендер өткір заттарды, розеткаларды жауып, ыдыстарды, кітаптарды жоғарыға қояды. Баланың барлық тілегін орындау мүмкін емес, себебі, оның әрекеті оған және айналасындағыларға кері әсерін тигізуі мүмкін. Бала «болмайды» деген сөзбен таныс, бірақ дағдарыс кезінде бұл сөз аса өзекті болып табылады.
«Болмайды» немесе «жоқ» деген кезде күйіп-пісу жағдайы белгілі бір шекке жетеді: кейбір балалар айқайлайды, жерге құлайды, жерді қолымен ұра бастайды. Күшті реніш әрекеттерінің пайда болуы, көбінесе отбасындағы тәрбие стилімен байланысты.
Баламен жаңа қатынас құру жолдары, яғни балаға көбірек еркіндік беру, үлкендер тарапына шыдамдылық пен сабырлық көрсету дағдарысты жеңілдетіп, балаға аса қатты эмоциялық күштен арылуға көмектеседі.
Өтпелі кезең беретін басты «Олжа» — Л. С. Выготский «автономды» деп атаған өзіндік ерекшелік бар тілі.
Бір жастағы бала жаңа кезең – сәбилік шағына аяқ басарда көп нәрсені үйреніп үлгереді. Ол жүре бастайды, заттармен әрекеттеседі, үлкендер сөзін біршама түсінетін болады. Сөздері анық болмаса да сөйлеуге талпынады. Танымдық және эмоциялық жағына дами түседі.
Нәрестенің эмоциялық сезімі.
Нәрестенің сезімінің дамуы күнделікті өмірде берілетін тәрбие
жағдайының әсерінен басқа да психикалық үдерістермен қатар дамып отырады.
Жаңа туған балаларда тек қана шартсыз рефлекторлық сезім реакциялары, мысалы, кенеттен жағдайдың өзгеруіне байланысты қатты дыбыстан тепе-теңдігін жоғалтады, қатты қорқып кетсе қорғаныс рефлексі жылау түрінде көрінеді.
Денесінің қысылғанын, не ауырғанын сезсе, тербету тоқталса, бала аяқ қолын қатты қозғалтып, долданып, қатты ашуланғанын білдіріп айғайлап жылайды. Осындай жағдайда тербетіп, жұбатып, сипалап үстінен қақсақ, балада жағымды эмоциялық көңіл-күй байқалады.
Ең алғаш сезімнің пайда болып көрінуі баланың барлық органикалық қажеттіліктерімен қанағаттандырылуы дені сау, тамағы тоқ, төсек орны жайлы, киімі құрғақ, өзіне шақ болса бала сергек көңілді болады, жағымды эмоция туғызады. Ал, керісінше, ашықса, суыққа тоңса, қажеттіліктерімен қанағаттандырылмаса, жағымсыз эмоциялар байқалады. Неғұрлым мейірімді үнмен сөйлеп жақсы қарым-қатынас жасасақ көңілденеді, жағымсыз эмоция ащы дәрі ішкен кезде де байқалады.
Қоршаған ортамен қарым-қатынас кеңейіп, әрекетінің түрлері күрделенген сайын сезіміде қиындап күрделене түседі.
2-ші айдың аяғында 3-ші айдың басында жандану комплексі байқалады.
3.Психикалық дамудың қозғаушы күштері. Психикалық дамудың шарттары, бастаулары және қозғаушы күштері ұғымы. Баланың психикалық дамуының қозғаушы күштері проблемасын кеңестік те, шет елдік те психологтар қарастырған. Кеңестік психологтар үш негізгі ұғымды бөледі:
1) дамудың қажетті шарттары;
2) психикалық дамудың көзі;
3) психикалық дамудың қозғаушы күштері.
Психикалық дамуды кезеңдерге бөлу проблемасы.
Берілген проблеманы талдау жас кезеңдерін бөлу үшін негіздерді анықтаудағы түрлі ықпалдарды қарастыруды ұйғарады. Бала дамуының кезеңдерінің барлық ұсынылған схемаларын Л. С. Выготский үш топқа
бөледі:
1. Бірінші топ биогенетикалық заңға негізделген, осыған сәйкес онтогенез қысқаша түрде филогенезді қайталайды (С. Холл).
2. Ғалымдардың екінші тобы жас кезеңдеріне бөлудің критерийлері ретінде қандай-да бір белгіні алады. Кемшілігі, тек бір ғана критерий ұсынылады.
3. Үшінші топ: сипаттаушы принциптен бала дамуының өзінің мәнді ерекшеліктерін бөлуге ауысу. Бұл теорияның кемшілігі: олар дамудың эволюциялық концепциясына бағдарланады (дамуда ешқандай жаңа нәрсе пайда болмайды, мұнда тек о бастан берілген нәрселер ғана өсіп, ұлғаяды).
Л.С.Выготский дамуды өзін-өзі итермелеудің үздіксіз үдерісі ретінде анықтайды және де ол, ең алдымен, алдыңғы сатыларда болмаған жаңа нәрсенің пайда болуымен сипатталады. Әр жас кезеңін сипаттайтын бір тұтас критерий қажет. Бұл криетрий ретінде әр жастың мәнін сипаттайтын жаңа құрылым болады.
Екінші критерий – бір жастан екіншісіне өту динамикасын есепке алу. Динамиканы анықтауда ең маңыздысы тұлға мен оны қоршаған әлеуметтік орта арасындағы қатынастарды есепке алу болып табылады.
Баланың психикалық дамуындағы іс-әрекеттің рөлі.Индивидтің қоғамдық-тарихи тәжірибені меңгеру процесі баланың белсенді іс-әрекеті барысында жүреді және бұл көрініс табады.
Бала психикасының дамуының қозғаушы күші шындықты меңгерудегі оның үлкендермен бірлескен өз іс-әрекеті болып табылады.
1) баланың психикалық үдерістері алдын ала анықталмаған, дайын түрде берілмеген;
2) бұл процестердің қалыптасуының өзі баланың заттық іс-әрекетінсіз мүмкін емес еді.
Оқыту мен даму проблемасы.Оқыту мен даму проблемасын бірқатар оқымыстылар қарастырған, оларды үш топқа біріктіруге болады:
1. Бірінші тобы баланың даму үдерістерінің оқыту процестерінен тәуелсіздігі жайлы пікірді ұстанады. Оқытудың баланың белсенді дамуынақатысы жоқ, тіпті даму жетістіктерін пайдаланады. Даму циклдері әр қашанда оқыту циклдерінің алдында жүреді. Даму әр қашанда оқытудың алдында жүреді.
2. Екінші топ осы екі үдерісті бір тұтас ретінде қарастырады және келесі түрде белгілейді: оқыту даму болып табылады.
3. Оқымыстылардың үшінші тобы екі теорияны үйлестіруге талпынды: бір жағынан, даму процесі оқытуға тәуелсіз үдеріс ретінде ұғынылады,екінші жағынан – оқытудың өзі дамуға тепе-тең. Зерттеушілердің үшінші тобындағы позитивті болып табылатындар:
а) екі қарама-қарсы көзқарастарды біріктіру;
б) екі негізгі үдерістердің өзара тәуелділігі, өзара әсер етуі идеясы;
в) баланың дамуы барысында оқытудың рөлін ұлғайту.
Л.С.Выготский осы теорияларды салыстырып, талдап және сынға ала отырып, ең маңыздысы ретінде мынаны анықтады: баланы оқыту мектептегі оқытудың алдында басталады. Мектептегі оқыту ешқашан да өзінен-өзі басталып кетпейді, ал әр қашанда өз алдында бала дамуының белгілі бір сатысына ие. Л.С.Выготский «жақын даму аймағы» деген жаңа ұғымды енгізеді. Мұнда дамудың екі деңгейі қарастырылады:
Баланың өзекті даму деңгейі – міндеттерді өз бетінше орындай алу қабілеті.
Жақын даму деңгейі – баланың өзбетінше іс-әрекетінің өзекті деңгейі мен оның үлкендердің немесе неғұрлым тәжірибелі құрбылыстарының жетекшілігімен атқаратын өз бетінше іс-әркетінің потенциалды деңгейінің арасындағы қашықтық.
Ескі көз қараспен салыстырғанда жақын даму аймағы жайлы ілім
келесі тезисті ұсынады: «Дамудан озып кететін оқыту ғана жақсы болып табылады».
1. Даму үдерістері оқыту үдерістерімен сәйкес келмейді. Даму үдерістері оқыту үдерісінің соңынан жүреді, ал оқыту процестері «жақын даму аймағын» құрайды.
2. Оқыту үдерісі тікелей түрде бала дамуы барысымен байланысты болғанымен де, олар біркелкі және бірі-бірімен қосарласа жүрмейді.
Баланың жас ерекшелік дамуын түсіну үшін жас ерекшелік сезімталдық жайлы мәліметтер болады, яғни әр жас өз бетінше сипаттайтын қоршаған ортаға деген сезімталдық.
Сензитивті кезеңдер – бұл қандай да бір психикалық сапалардың даму үшін қолайлы жағдайларды анықтайтын кезеңдер.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Бала дамуына әсер етуші биологиялық факторларды атаңыз.
2. Л.С.Выготский «жақын даму аймағы» деген жаңа ұғымы туралы.
3. Оқыту мен даму проблемасы.
4. Баланың психикалық дамуындағы іс-әрекеттің рөлі.
5. Жас ерекшелік даму кезеңдеріне байланысты әр түрлі сол жас кезеңдеріне тән психикалық қасиеттер.
Әдебиеттер:
1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / — 2012.
2. Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / — 2011
3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / — 2014
4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / — 2014