Жайықтың ақ түлкісі аралдағы

Жайықтың ақ түлкісі аралдағы
Жайықтың ақ түлкісі аралдағы,
Алдымнан сен бір қашқан марал­дағы, Қараймын томағымды ашып­жауып, Тауыңның ақиықшы Оралдағы.
Ертістің құба талы секілденіп,
Алдымнан майысып, шық бұрал­дағы.
Жаудырап екі көзің отырасың, Тұндырған шай секілді құмандағы.
Көзіме мұнарланып көрінесің, Түлкідей тура қашқан тұмандағы.
Сен болсаң алқызыл гүл, асыл еркем,
Мен – бұлбұл сайрап тұрған иран бағы.
(Ақан сері Қорамсаұлы)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *