Дарынды сөз

Дарынды сөз
Дарынды сөз деп ақын тілді шығармаларды айтатынымыз алдыңғы баптарда айтылған сөздерден мәлім болғандықтан, мұнда қайта баяндаудың қажеті жоқ.
Қара сөз көбінесе ғалымдардың, шешендердің сөзі болатындығы қара сөз түрлерінен анық көрінеді. Ақындар ғалымдар сияқты болған уақиғаны, яки нәрсені болған күйінде, тұрған қалпында бұлжытпастан айтып, дұрыс мағлұмат беріп, ақиқаттауға тырыспайды, тұрған нәрсе тұрған күйінде болған уақиға болған күйінде ақынға өте үйреншікті, жай қалыпты, жабайы көрінеді. Оның бәрін ақындар өз көңіліне түйіп, өз ойынша сезіп, өз ұйғаруынша суреттеп көрсетеді. Сол өзі ұйғарған түріндегі ғаламды сөзбен көрсетуге бар өнерін, шеберлігін жұмсайды, сөйтіп шығарған сөзі көркем сөзді шығарма болады. Оны шығаруға жұмсайтын өнердің аты ақындық болады.
Ақындықтан шыққан сөзді, яғни көркем шығармаларды, үлгілі жұрттар айтылуында қарап, үшке бөледі: 1) әуезеленіп айтылуына қарай, 2) толғанып айтылуына қарай, 3) ғамалдап айтылуына қарай. Бұлайша бөлу қазақтың жазба әдебиетінің түрлеріне келсе де, ауыз әдебиетің түрлеріне келмейді. Сондықтан қазақ ауыз әдебиеттің шығармалары айтылу түріне қарай бөлінбей, тұтыну орнына қарай бөлінеді. Осылай бөлінбесе, ауыз әдебиеттің сөздерінің көбі жоғарғы айтылған үш салаға үйлеспей, далада қалып қояды. Ауыз шығармаларды сөз қылғанда, көркем сөзді шығармалар жоқ. Неге болмайтындығын азырақ айтып, түсіндіріп өту қажет болады.
Әдебиет сөзін тәртіппен топқа бөлу керек. Жұрттан шыққан ауыз сөзді де айтылу түріне қарай негіздік үш топқа бөлген: 1) әуезе, 2) толғау, 3) айтыс.
Не үшін олай бөлген мәнісі әр табы бас­басына баяндалғаннан көрінбекші.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *