АХУАЛ

АХУАЛ – бұл ұғым көбінесе топ- тық психологияға байланысты айтылады. Сондықтан оны «әлеуметтік- психологиялық ахуал» немесе «пси- хологиялық атмосфера» ұғымымен белгілейді. Бұған топ пен ұйымдағы- лардың өзара қарым-қатынасы, көңіл күйі мен ынтымақтығы, бірін-бірі тү- сіне алу, тәртіп пен жауапкершілік, топтық борыш пен намыс, үйреншікті жұмыс стилі, ортақ пікір, өзара сын т.б. осы секілді компоненттер кіреді. Оң жақсы ахуалға, сондай-ақ топта- ғылардың бір-біріне деген шексіз се- німі, басқалардың ақыл-кеңесіне құлақ асу, бір-біріне деген шынайылық пен жылы шырайды жатқызуға болады. Еңбек өнімділігі, оның нәтижесі ұжым- дағылардың кәсіби шеберлігі мен дағ- дысы, білімі мен икемділіктерінен ға- на тәуелді болмай, мұндағы қалып- тасқан жұрттың тұрақты көңіл күйіне де байланысты болады. Мәселен, жақ- сы көңілмен 3 секундта орындалатын бір деталды 1,6 секундта орындауға болады екен, ал ұрыс-керіс, дау-да- май бар жерде адам 30 минутке де- йін өзіне-өзі келе алмайтындығы анық- талған. Сөйтіп, көтеріңкі көңіл күйі, білек сыбанған құлшыныс, жарасқан ынтымақ, жолдастық көмек, бірін-бі- рі демеу, қандай ауыр жұмыс болса да, оның нәтижелі орындалуына себеп- ші болады. Мұндайда еңсені басар са- ры уайым, жабырқау мен түңілу, жал- ғызсырау ұрыс-керіс болып жары- майды да, шығармашылық іске аса қа- жетті қолайлы ахуал орнайды. Осын- дай ахуал ұжымдағы адамдардың пси- хологиясына жақсы әсер етеді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *