АФФИЛИАЦИЯ (ағылш. affili- ate – қаз. қосу, қосылу) – адамның топпен бірге болуға мотивациялық, эмоциялық қажеттілігін білдіретін ұғым. А. адамның басқа адамдармен бір ортада болуға, олармен өзара әре- кеттесіп, біреуге көмек беруге, қолдау көрсетуге, және сонымен қатар, басқа тарапынан да сондай көмекті алуға талпыныс түрінде көрініс табады. Ол әсіресе, адамның қатты стреске, депрессияға, қорқыныш пен үрейге душар болғанда, өзіне-өзі сенімсіздік- тің арту жағдайында қарқынды кө- рінеді. Себебі А. психиканы мобили- зациялап, сезімдік-эмотивті күйзеліс- терді бәсеңдетеді. А. – адамның бас- қа адамдардың қоғамында болуға ұмтылуы. Адамның айналадағы адам- дармен жағымды эмоционалды: дос- тық, жолдастық т.с.с. жайларды сақ- тауға және бекітуге қажетсінуі. А-ға бейімділік, субъект ықтимал қауіпті- лігі бар стресс жағдайына ұшыра- ғанда байқалады. А. – адамның ай- наладағылармен жағымды эмоция- лық, достық, жолдастық қатынастар- ды сақтап және бекітуге бағытталған адамның қажеттілігі. Адамдармен дара эмоционалды жақын болуға ұм- тылысы.