Адыра қалғыр, көк Жайық

Адыра қалғыр, көк Жайық
Адыра қалғыр, көк Жайық,
Садағын сала байланып,
Астана жұртын айналып, Ерлерім еңсеп желген жер. Мыңнан­мыңнан жылқы айдап, Ақтылы қойдың өрген жер.
Шалқыған дәулет мол бітіп, Қызығын жұртым көрген жер.
Емендей белін бүгілтіп,
Жібектей жалын төгілтіп,
Ерні төмен салынған,
Құйрығы гүлдей малынған,
Күдері бел, күпшек сан –
Бедеу атқа мінген жер.
Аузы түкті кәуірді Ерлерім айдап келген жер, Қысырықтай бөлген жер.
Күндердің күні болғанда Таршылыққа іліндің, Жеті жұрт кетіп бүлген жер!
(Мұрат)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *