Адам екі түрлі

Адам екі түрлі
Бір адам бар: өрік, мейіз ағашы сықылды, Жемісінен дүниежүзі баһра алады.
Бір адам бар терек ағашы сықылды, Отқа отын болғаннан басқаға жарамайды. Бісімілла – сөздің басы, хақтың аты, Молланың ақ қағазда қалар хаты. Нақылият, қара сөзден өлең қылып, Шығарған ақын Мәшһүр хиқаяты. Жақсылық, қайыр, ихсан қылған ісі, Адамның қымбат баһа сол жұмысы.
Табылмас көзге тотия, ем дәрідей, Қолынан әр жақсылық келген кісі. Қайырсыз болсаң бәхил, болдың Терек, Басқаға бір отыннан қылмас керек. Жақсыдан жақсының да парқы бөлек, Даналар біледі ойлап, ақыл зерек.
Құдайым пендесіне берген малды, Жаратқан әр түрлі қып жүрген жанды.
Ғибадат, қанша қылған құлшылықтан,
Қайыр ғып берген артық жалғыз нанды.
(М.­Ж. Көпейұлы)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *