«Абай жолы» үзінді

Ертеңінде Әйгерім Абайдың қасына еріп, бата оқырдың асын алып, Зылиқаны өзіне қосшы етті. Тәкежан үйіне тақай бергеннен бастап, жіңішке, нәзік үнімен өлеңдете, жылап келді. Қаралы үй тағы да кешегідей жылаулы жандарға толы еді. Тағы да әуелі үй ішіндегі әйелдің бәрі жылап тоқтаған соң, Қаражан өз жоқтауын айта бастағанда, соның төменгі жағында отырған Әйгерім, үлкендерге жүзін толық көрсетпей, қырындау отырып, екі мықынын таянып ап, нәзік, зарлы үн созды. Бұның үні шығысымен, Құнанбай бастаған үлкендер аса бір ден қойып, зор ілтипатпен тыңдады. Мұқұлбайдың артына белгі тастамай, көк балдырғандай арманға кеткен жайларын, Әйгерімнің ендігі қосып алған қаралы әні егілте сездіреді. Сай­сүйекті шымырлатып, барлық көзден жас ағыза тебірентіп еді. Үй іші алғашқы жылаудан тоқырап қалса, Әйгерімнің ақын мұңынан қайтадан тегіс босап, жылап кетті. Ұлжанның өзі де үн салып қоя берді.
– Қалқам­ай, құлыным­ай, арманда кеткен қошақаным­ай! – деп, еңіреп жіберді. Еркектің де көбі үнсіз жастарын ірке алмай, еміреніп отыр. Әйгерімнің зарынан бір Мұқалбай дерті емес, тағы да Әйгерім мен өзіне мәлім сансыз өмір шерлерін еске алып, Абай да жылап жіберді.
(М.Әуезов)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *