ƏДЕБИЕТТІК ОҚУ САБАҒЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Ө.И. Өтепова
Заман талабына сай білім – дамыған елдер қатарына ену үшін қажет. Өйткені, тəуелсіз Қазақстанды дамыған, бəсекеге қабілетті, өркениетті елдермен терезесін тең ететін – білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқу үрдісін технологияландыру мəселесін қойып отыр. Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту.
Қазіргі заман педагогтерінің негізгі мақсаты – білім алушылардың білімін сапалы ету, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік жасау. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың əр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп өміріне енгізіліп қолдануда. Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тəрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша əдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады.
Бастауыш мектеп – оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы, қиын да жауапты іс. Оқытудың əртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тəжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Қазіргі заманның талабына сай болу жəне жаңа формация мектебінде жұмыс істеп жүрген педагогтардың алдында тұрған проблемаларды шешу негізгі мақсат болып табылады, олар:
• баланы оқи білуге үйрету
• баланы ойлауға үйрету
• баланың өзін-өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау.
Осыған орай мектеп білімі түбегейлі жаңартылып, мұғалімнің қызметінің мақсаттары кеңейіп, үлкен өзгерістер үстінде. Əр педагогтың міндеті– оқушының шығармашылық ойына бағыт беру, шығармашылық ізденісті қолдау, жағдаяттар туғызып, оның шешімін табуға бағыттау, жаңаны іздеуге, жүйелі зерттеулерге талдау жасауға талпыныс беру.
Бұл технология несімен өзіне баурап алғандығын бірнеше сұрақ-жауап ретінде бергім келіп отыр.
«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы немен қызықтырады?
• Кез келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік беретіндігімен.
• Оқыту мен ұйымдастырудың тиімді əдістерінің /стратегияларының/ көптігімен.
• Оқу мотивацияларын өзгертуге пайдалы екендігімен.
«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының өзге технологиялардан қандай ерекшеліктері бар?
• Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының құрылымы /қызығышылықты ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс/.
• Негізгі үш кезенінің маңыздылығы.
• Стратегиялардың психологиялық астары мен ерекшеліктері.
Осы жобамен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлануға үйретеді. Педагогикалық технология оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің, ісəрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді. Ал, оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді.
Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға, жаңалық ашуға, жаңа тəсілдер табуға ұмтылуы,ізденуі. Шығармашылық қабілет əр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Өз тəжірибемде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, сабақта жəне сабақтан тыс уақытта дамытуда Сын тұрғысынан ойлау жобасының көптеген əдіс- тəсілдерін қолданамын:
• Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау,арнаулы бір тақырыпқа пікірталас тудыру /ой қозғау, «инсерт» кестесі/
• Берілген тапсырманы түрлендіру бағыттағы жұмыс / эссе,шығарма,
сауаттылықты ашатын хаттар т.б. стратегиялар/
• əңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу, мəтіндегі ұқсастық пен айырмашылықты табуға /Вендиаграммасы, аялдамамен оқу стратегиясы/
• Қиялдау арқылы сурет салғызу /сурет салу стратегиясы/
• Кейіпкерге мінездеме беру өз ойын жазғызу /авторға, кейіпкерге хат жазу стратегиясы
• Шығармада екі кейіпкердің қарама-қарсы элементтерін сипаттау /қарама-қайшы элементтер стратегиясы/
• Өлең шұмақтарын құрастыру / 5 жолды өлең/
Өзімнің іс-тəжірибемде «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» қолданып жүрмін.
«Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының модулдерін ұтымды пайдалану оқушылардың шығармашылық қасиетін анықтауда, күшейтуде, оқытудың тиімділігін, сапасын арттыруда ерекше маңызды.
Бұл бағдарламаның мақсаты – барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез келген мазмұн түсінікке сыни тұрғыдан қарап, ең керекті пікір, ұйғарым таңдауға, шешім қабылдауға үйрету. Оқушылардың білім деңгейін көтеруге, шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға жетелеу.
Сын тұрғысынан ойлау сынау емес, шыңдалған, бірін – бірі толықтырған ойлау. Ең бастысы жекелей, топта, сыныпта оқушылардың білім деңгейін көтеруге ретімен сұрыптап қолданған стратегиялардың қай-қайсысы болсын сабақтың сапасын арттыруда үлесі зор.
Жаңа білімді қабылдау, бекіту, іскерлік пен дағдыны тəрбиелеу барысында жұмыс жүйесін, оқушылардың дербес белсенді əрекетін дамытуда, өздік жұмысының тиімділігін арттыруда «Сын тұрғысынан ойлау» барысындағы əдіс-тəсілдер білімді меңгертудің əр түрлі кезеңінде қолдануға болатынын тəжірибе көрсетті.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы ұстаз бен оқушыны ізденуге жетелейтін, шығармашылық шабыт беретін, болашаққа деген үмітті арттыратын бағыт. Əр оқушыда өзін-өзі дамыта, жетілдіре бақылай алатын дағды қалыптастыру, соған сəйкес өз бетінше білім алуға үйрету, дамудың ең биік шыңына жету болып табылады. Яғни, ең алдымен, шығармашылық ойлау нəтижесінде жаңалық ашылады, тұлғаның дамуы жеделдейді. Оқушы ойын осылайша шыңдауға мүмкіндік туады.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына шараларды білу қажет:
1.Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін уақыт керек.
2.Оқушыларға ойланып, толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.
3.Əр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
4.Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс-əрекетін қолдану.
5. Кейбір оқушылардан жауабының, сынының дəлелді, дəйекті болуын талап ету.
6.Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Сын тұрғысынан ойлау технологияларын пайдалану нəтижесінде қазіргі оқушының:
– Сабаққа қызығушылығы артады;
– Нақты өз деңгейінде бағаланады;
– Жеке қабілеті айқындалады;
– Өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді;
– Даму мониторингі айқын көрінеді;
Өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет. Тек сонда ғана олар:
– Мен осы мəселе туралы не ойлаймын?
– Осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы білетініме сəйкес пе?
– Маған бұл жаңа ойлар қаншалықты əсер етті, – деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.
Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының алғы шарттары:
– Сабақты белсенді өткізіп, əр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау;
– Сенімділікке тəрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағалау;
– Қиялын дамыту үшін «Менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру;
– Əр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, жаманын сынамау;
– Тіл байлығын дамыту үшін қалайда жауабын соңына дейін тыңдау;
– Жауап беруге тілек білдірмеген баланың өз еркінсіз, қинап сұрамау; – Жеке тұлға ретінде «Мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.
Өз іс-тəжірибемде сыни тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырып, шығармашылыққа баулуға көп көңіл бөлемін.
Қазіргі кезде мектептерде жиі қолданылып отырған жаңа технологиялардың бірі – сын тұрғысынан ойлауды дамыту қабілетін қалыптастыруға бағытталған əдіс-тəсілдер. Осындай əдістеме негізінде жасөспірімдерге терең де тиянақты білім беруді өз тəжірибемде жиі қолданамын. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының басты ерекшеліктерін сабақтарымда қолданып жүрмін:
Балалардың қызығушылықтарын ояту мақсатында сөзжұмбақ шешіліп, бүгінгі күннің тақырыбын оқушылар өздері анықтайды.
1. «Болжау» стратегиясы
2. «Екі жақты күнделік» стратегиясы
3. «Топтастыру» стратегиясы
4. «Əдебиет үйірмесі»
5. «Бес жолды өлең» стратегиясы
1. «Болжау» стратегиясы.
Оқушылардың алдына əңгімеден үзінді беру. Яғни, оны оқушылар ары қарай жалғастырып оқиғаны немен аяқталғанын өз ойларымен жеткізеді.
2. «Екі жақты күнделік» стратегиясы.
1. Мəтіннен өздеріне əсер етіп ойында қалған үзіндіні жаз.
2. Қысқы мезгілдегі табиғаттағы тіршілік 3.Жылқышының еңбегі
3. «Топтастыру» стратегиясы. « » сөзін оқушылар қағаз бетіне түсіреді.
4. «Əдебиет үйірмесі»
• Шағын əңгіме « »
• « » суретті аяқта
5. «Бес жолды өлең» стратегиясы
1.Зат есім (1 сөз)
2. Сын есім (2 сөз)
3. Етістік ( 3 сөз )
4. Қорытынды ой (4 сөз )
5. Зат есімге жуық мəндес сөз (1 сөз)
Ал сабақтың нəтижелігін көрсететін кезеңнің бірі – бағалау. Балаларды ынталандыру мақсатында формативті бағалаудың орны ерекше.Өйткені, əр топ қорғаған сəтте оқушылардың бір-бірін қошеметтеп, күш жігер беріп отыратындарын көргенде көз қуантты. Топ басшылары өз топтарындағы балаларды бағалайды.
Қорыта келгенде, Пажарестің «білім беру стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен гөрі сенімге негізделген ой-тармақтарының ықпалы күштірек деп сендіреді:оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы «ісəрекетіне пəннің қалай оқу керектігі жөнінде əбден қалыптасып қалған пікірлер анағұрлым күштірек ықпал етеді.» дегендей, «Сенім» ұғымына тереңірек ұғынып, сабақтарымда тиімді қолдануға тырысамын. Оқушыларда сенімділік артқан сайын, олар жұмыс істеуінде жылдамдықтың, нақтылықтың көріне бастағандығының куəсі болдым.Сыныптағы оқушылардың ұйымшылдығы қалыптасып, топта бірлесе жұмыс жасаулары көз қуантады. Мені ең таң қалдырған іс-əрекеттердің бірі бірде-бір оқушы тақырыпты талдаудан тыс қалып қоймайды. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі.Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабаққа жəне сабақтан тыс уақытта дамытуда əр түрлі əдіс-тəсілдерді қолдануға болады.
Мұнда басты назар аударатын нəрсе – оқушылардың ауызша, жазбаша тілдерінің өзара ұштастырыла отырып жəне соған сəйкес жұмыстың ауызша, жазбаша түрде көрініс табуларын талап ету. Соның негізінде ғана біздіңше, тіл байлығы мол, сауатты да шығармашыл жас жеткіншекті тəрбиелей аламыз.
Оқушыларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда оқу-тəрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі əдіс-тəсілдерін іздестіру жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.
Қазіргі таңда оқытудың елуден астам технологиясы бар екенін ғалымдарымыз айтып, осылардың кейбіреуі біздің білім беру жүйемізге еніп, тəжірибемізден орын алуда. Қазіргі ұстаздар қауымының алдында тұрған үлкен мақсат-өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-əрекетке қабілетті, еркін жəне жан-жақты жетілген тұлға тəрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықтарды шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді.
Қандай технологияны пайдаланған кезде де оқушының белсенділігі, мақсатқа ұмтылуы, ақпаратты өзі іздеп табуы, шапшағаңдығы мен еркіндігі, шығармашылдығы, көңіл-күйінің көтеріңкі болуы қамтамасыз етіледі.
Оқушылардың шығармашылығын, танымдық белсенділігін арттыруда шығармашылық сабақтарды өткізудің, оқушының өз бетімен ізденіп, шығармашылық ой-өрісін арттыруда алатын маңызы ерекше.
Оқушыларым қазіргі таңда топпен, жұппен жұмыс атқара біледі. Өз ойларын ашық,нақты жəне сыни тұрғыдан ойлай біледі. Оқушыларымның сабаққа деген қызығушылықтары артып, сыныптың білім сапасы көтерілді.Егер де жаңа технология элементтерің сабақта өз дəрежесінде ұйымдастыра білсек, өз нəтижесін береді деп ойлаймын.
Пайдаланылған əдебиеттер:
1. Иманбекова Б., Əбдіреймова К. «Сабақ – оқытудың негізгі формасы». – Алматы, 2003.
2. Садыбекова Ж. «Оқу –тəрби үрдісінде ақпараттық-коммуникациялы технологияны қолдану қажеттілігі». – 2008. №4
3.«Бəсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырудағы инновациялық технологиялардың ролі мен маңызы» Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары (30 сəуір 2008 жыл)
4. Ералиева М. Оқытудың қазіргі технологиялары / М. Ералиева // Бастауыш мектеп. – 2006. №5.
5. Абдрахманова К. Төменгі жастағыларды оқыту ерекшеліктері / К.Абдрахманова // Бастауыш мектеп. – 1989. №9.
ƏОЖ 796.0