ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА«СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫНА БАУЛУ ЖОЛДАРЫ

ҚАЗАҚ ƏДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА «СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫ  АРҚЫЛЫ ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫНА БАУЛУ ЖОЛДАРЫ 

 

А.Қ. Бекентаева

 

Еліміздің білім жүйесінің алдында тұрған басты мəселе –тұлғаның жеке дамуын көздейтін нəтижеге бағытталған білім беру. Үздіксіз дамып, өзгеріп, жаңарып жатқан ақпарат заманында өмір сүруге қабілетті өзін-өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастыру бүгінгі күннің міндеттері болып отыр. Сондықтан да білімге, оқу-əдістемелік жүйеге жаңа талап қойылды. Осы талаптарға сəйкес –оқушыны оқуға  қызықтыратын, қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның негізгісі –оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың ойлау дағдыларын жетілдіру, өздігінен білім алу процесінде бірлесе əрекет ету.

Демек, əр ұстаз, біріншіден, кəсіби шеберлігін арттырып отыруы қажет, екіншіден, жағдайға байланысты тиімді əдістердің сəйкесін таба білу керек, үшіншіден, сабақ бүгінгі күн сұранысына сай құрастырылғаны жөн.

Қазіргі таңда шəкірт шығармашылығын дамытуға, мұғалімнің қажеттіліктеріне жан-жақты жауап беретін тиімді технологиялар шексіз.  Сондықтан түрлі əдістəсілдерді саралай отырып, тиімдісін таңдай алсақ, əр сабақ өз нəтижесін беретіні анық. 

Əлемдік озық идеялар негізінде жасалған жобалардың бірі – американдық педагог-ғалымдар Ч. Темпл, К. Мередит, Д. Стилл ұсынған «Оқыту мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы. Сыни ойлау «сын» сөзімен төркіндес болғанымен сынау, сын айту, мінеу деген түсінік бермейді. Бұл –шыңдалған ойлау үлгісі.[3,15 б.] 

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының дəстүрлі оқытудан басты айырмашылығы –білім дайын күйінде берілмей, оқушының өзінің шығармашылық ойлауына мүмкіндік беру, шешім қабылдауға үйрету. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ең басты өлшемі–оның тиімділігі, нəтижелігі. Бұл технология оқушының оқуға қызығушылығын оятуды, ізденіске бағыттауды, оның шығармашылық тұлғасын қалыптастыруды мақсат етеді. Нəтижесінде оқушының сабаққа қызығушылығы артады, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, өзіне деген сенімі қалыптасады, ізденіске талпынады. 

Сабақтың бірінші сатысы – ой шақыру. Бұл сатыда сабақта қарастырылғалы тұрған мəселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Оқушы жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Ойды қозғату, ояту, ми қыртысына  əсер ету «Топтау», «Түртіп алу», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Əлемді шарлау» т.б. əдістер арқылы жүзеге асады.  

Екінші саты– мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. 

Қорытынды саты – ой-толғаныс(рефлексия.).  Бұл кезең шығармашылық ізденіс, талдау, интерпретация жəне т.б. ақпаратты зерделеу жұмыстары жеке – жұппен-топпен атқарылады. Бұл кезеңнің оқушыға қоятын талабы жоғары. Сондықтан да оқушы сапалы білім мен шығармашылығын ұштастыра білу керек. Үшінші кезеңде шығармашылық жұмыс, зерттеу жұмыс, ғылыми жұмыстар ерекше орын алады. Осы кезеңде «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т кестесі», «РАФТ» сияқты т.б. əдістер əр сабақтың ерекшелігіне қарай лайықтала қолданылады.

Қазақ тілі мен əдебиеті сабақтарында оқушыны жазуға баулуда  «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау» технологиясының орны ерекше. Жазу ойлар мен пікірлерімізді, дəлел мен тұжырымдарымызды тек сөзбен, сөзбен болғанда толымды, дұрыс құрылған сөйлемдерді тізбектеу арқылы жеткізуді талап етеді. Жазғанда ойланамыз, ойымызды қалайша дəйекті жəне ұтымды жеткіземіз деп қиналамыз, дəл жəне орынды сөздерді іздестіріп, оларды сөйлем құрамына қиюластырамыз. Бұл əрине оңай əрекет емес  [1, 20 б.].

Жазба жұмыстары оқушылардың логикалық ойлауын, шығармашылық қиялын, нақты нəрсені еркін, қызықты түрде беруге, сөздің мəні мен құдіретін түсіне отырып, өз дүниесін көркемдеп бере алуға көмектеседі. Сондықтан сабақ беру үрдісінде шəкірттерді шығармашылық жұмысқа, жазуға  баулудың маңызы зор. 

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулудың тиімді əдісі –эссе жазу.

Мəселен, «Жасөспірім жəне жұмыс» деген тақырыпқа эссе жаздырмас бұрын «жұмыс» сөзіне кластер жасайды, əдетте кластер оқушының жеке орындалуынан басталып, жұпта, содан кейін тақтада ортақ кластер жасалады.   

 

 

                  жауапкершілік                                                        басшы

                    Жұмыс

                          жалақы                                                                еңбек демалысы                                           

 

                       қарым-қатынас                                           ерте тұру

 

«Жасөспірімдердің жұмыс жасағаны дұрыс па?» деген сұраққа жауап бере отырып кесте толтырады. 

Иə, себебі … 

Жоқ, себебі …

-жауапкершілік

-өз уақытын ұйымдастыра алуға үйренеді -ата-анадан қаражат жағынан тəуелсіз болады

-ата-анаға көмектеседі

-ақшаны тиімді жұмсауға үйренеді

-сабақ оқуға аз уақыт қалады

-жұмыс табу қиын

-жалақысы аз жұмыс ұсынылады

Бұл кесте көмегімен оқушылар өзінің көзқарасын дəлелдей отырып эссе жазады. 

Бұдан басқа сабақтарда кубик көмегімен Блум таксономиясының таным мен ойлау деңгейлері тұрғысынан жазған да тиімді. Мысалы, тақырып туралы алдымен бір жарым екі минуттай уақытта «Проблеманы сипатта» деген тапсырма бойынша жазып болған соң, ары қарай таксономия өлшемдері бойынша берілген тапсырмаларды жазбаша орындай беруге болады: «Проблеманы салыстыр», «Қалай пайдалануға болады», «Құрамдас бөліктері қандай?», «Проблеманы шешу жолдарын келтіріңіз»,

«Проблема шешудің тиімділігі қандай?» [2, 32 б.].

Оқушыларды өз ойын еркін жазуға дағдыландыру үшін «Биопоэма»əдісін  сабақта қолдануға болады.      Кез келген тақырыпты өткеннен   кейін авторға, кейіпкерлерге биопоэма жаздыруға болады. Биопоэманың қадамдарын сабақ мазмұнына сай өзгертіп отыруға болады.

Биопоэма 

Есіміңіз: Сұлтан

Өзіңізді суреттейтін үш сөз: cабырлы, тиянақты, оқушы

Туыстық қатынаста кім боласыз: аға, немере, бала

Өзіңіздің жақсы көретін үш нəрсеңіз:  ана, кино, балмұздақ

Бүгінгі     күні қандай жетістіктеріңіз    бар: күрестен аудандық сайыстың жеңімпазы, оқу озаты  

Қорқатын үш нəрсеңіз: сатқындық, қараңғылық, алдану

Басыңыздан өткізген үш нəрсеңіз: спорт сыныбында оқу, Бурабайда  демалу, қарындасты болу

Басыңыздан өткізгіңіз келетін үш нəрсеңіз: оқуға түсу, жақсы  жұмысқа тұру, бақытты болу

Мекен жайыңыз: Көктем, 8  

Тегіңіз, əкеңіздің аты  немесе сізді еркелетіп қалай атайды: Сұлташ,  Жайсан Сұлтан Қазбекұлы

9-сыныпқа Асан қайғы шығармашылығын өткеннен кейін биопоэма жазуға тапсырма берілді:  

Жыраудың адамдық қасиетін суреттейтін 4 сын есім / Асан əділ, шешен, батыл, қайсар.

Туыстық қарым-қатынасы / Асан əкесіне бала, баласына əке.

Ең жақсы көретін нəрселері / толғау жазу.

Басынан өткен үш нəрсе / халыққа жайлы қоныс іздеуі, Жəнібек ханға кеңесші болуы, толғаулары ұрпақ есінде.

Неден қорқады / алауыздық, бейғамдық.

Жетістіктері / елінің перзенті

Туған жері (мекенжайы) / Арал өңірі

Тегі, əкесінің есімі / Асан қайғы, Хасан Сəбитұлы

«Егер…, онда…, өйткені…». Өтілген тақырыпты қорытындылауда оқушылардың өзіндік ой-пікірін білу үшін ыңғайлы əдіс. Оқушыны логикалық қорытынды жасауға, шығармашылықпен жұмыстануға жетелейді. Мысалға, Д. Исабековтың  «Қонақтар»  əңгімесін оқығанда «Егер…, онда…, өйткені…» əдісін қолдандым. Оқушы «Егер  мен Сапабектің орнында болсам, онда мен ата-анама қамқор болып,  жандарынан табылар едім, өйткені жарық дүние сыйлаған, ел қатарлы азамат етіп өсірген  ата-анамның алдындағы парызымды ешқашан ұмытпаймын » немесе «Егер мен Тома  болсам, онда  күйеуімнің ата-анасының мейірімді, қамқор ұлы  болуына үлес қосар едім, өйткені өзіміз де ұл тəрбиелеп отырмыз. «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер» деген халық мақалын еш естен шығаруға болмайды». 

Оқушылардың тілін дамытып, қиялын өрбітетін, өз ойларын қағаз бетіне түсіру арқылы эссе жазуға жетелейтін əдістің бірі  РАФТ стратегиясы деуге болады.Өйткені  оқушы бұл тапсырманы орындамас бұрын мəтіннің мазмұнын, кейіпкердің жан дүниесін жетік түсінугетырысады, ой елегінен өткізеді, сезіміне ерік береді, толғанады. Бұл əдістің формасын жарнама, хабарландыру, хат, өтініш, бұйрық түрінде түрлендіре отырып, қазақ əдебиеті сабақтарында жиі қолданамын. С. Жүнісовтің «Ақырғы бəйге» шығармасын өткеннен кейін «Мен қазақтың сері ұлы Ақанның Құлагерімін. Ақандай серінің арқасында өз қатарымнан оза шауып, бəйгелерде үздік атандым. Осындай жетістіктерімді көре алмаған қатыгез адамдар маған қастандық ойлады. Менің жазығым тек бəйгелерде алдыма жүйрік салмай, үздік атанғаным ба? Мен Ақан серінің ғана емес, бүкіл қазақтың мақтанышы едім ғой!» деген сынды Құлагердің атынан монолог жазды.

РАФТ стратегиясы

Роль – Құлагер

Аудитория – Батыраш

Форма–монолог 

Тақырып – Менің жазығым не?

Қазіргі мектеп оқушысы –келешек маман, ол қандай салада болсын өзінің шешімі мен тұжырымын сауатты бере алатын, ауызша да, жазбаша да ойын толғай алатын маман болуы тиіс. Сол себепті оқушылар мектеп қабырғасында өз ойын жазбаша түрде жеткізуге дағдыланып, жазылымның табиғатын түсініп жазуға, түсінгенін сараптай алуға жəне болашақта қай мамандық иесі болса да тұжырым жасай алатын тұлға болып қалыптасуы керек.[4, 38 б.] 

Қорыта келгенде, «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасы оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырады, шығармашылықпен жұмыс жасауға, ойлауға, талдау жасап, өз көзқарастарын қалыптастыруға үйретеді, жалпы, білгенін өмірге пайдалана алатын шəкірт тəрбиелеуде алатын орны ерекше.

 

Пайдаланылған əдебиеттер:

 

1.              Əлімов А. Интербелсенді əдістемені мектепте қолдану. – Алматы, 2015. – 180 б.; 

2.              Əлімов А. Интербелсенді əдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. – Алматы, 2009. – 263 б.;

3.              Нұрғазина Г. Қазақ əдебиетін оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясы. –

Семей, 2012. – 52 б

4.              «Қазақ тілі мен əдебиеті» журналы. №3, 2011.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *