ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ƏДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
А.С. Батыркайрова
Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев: «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы адамзаттың қадір-қасиетін, мəн-мағынасын түсінетін жаны да, тілі де таза, білімді, жан-жақты мəдениетті, патриот-азаматтар болуын тəрбиелеуге міндеттіміз»,– деп айтқан еді. Ол үшін бала оқытуда, алдымен, педагог өзі кəсіби деңгейі жоғары, интеллектуалды, шығармашыл тұлға болуы керек екенін ескере отырып, өз міндетімізді атқарудамыз. Қазіргі таңда оқушылар дүниетанымы жоғары, дарынды, ізденгіш, талапты, талантты тұлға. Мектепте оқу үрдісінде баланың ойлау қабілетін қалыптастыру, шығармашыл таным белсенділігін арттыру қажет. Оқушының жан дүниесін түсіну, оның пікірін сыйлау –үлкен еңбек. Қазақ тілі сабағында баланың сөйлеу мəдениетінің жетік болуына, грамматикалық сауаттылығына,өз пікірін еркін баяндауына назар аударуымыз қажет. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасының Жолдауында да «Болашақта өркениетті елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім керек. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін- білім». Заман талабы – білімді, бəсекеге қабілетті ұрпақ өсіру. «Ұстаз – мектеп жүрегі» деп Ыбырай атамыз айтқандай,бүгінгі мектеп –ұстаздарымыздың қолында.
Бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі мұғалімдерден жаңа əдіс-тəсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Əр мұғалім өз іс-тəжірибесінде көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Сабақтағы басты тұлға, басты кейіпкер оқушы екені мəлім. Оқушыны өз бетімен білім алуға, ол үшін ізденуге, терең ойлауға, зерттеуге дағдыларын қалыптастыру қажет.
Жаңа технологиялардың басты міндеті оқушының оқу-танымдық əрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету болып табылса, педагогикалық технология кəсіптік қызметтің ерекше түрі болып есептеледі. Оқытудың жаңа технологияларын меңгеру мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологияны меңгеріп, инновациялық жетілуіне əкеледі.
Заман талабына сай білім беру оқушылардың адамгершілік, интеллектуалдық дамуының жоғары деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген жəне оқушының қабілеті мен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы əдістеріне көшуді талап етеді. Ондағы негізгі мақсат — оқушыға сапалы білім беру болып табылады. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа кез-келген пəнді ұғындырудың тиімді жолы – жаңа технология негіздері болып табылады.
Қазақ тілі мен əдебиеті пəнін оқытуда жаңа технологияларды пайдалану мұғалім үшін қандай маңызды болса, оқушы үшін одан да маңызды. Жаңа технологиялар оқушылардың білім сапасын арттыруға, өздігінен жұмыс істеу мүмкіндігін молайтуға көп көмегін тигізеді.
Елбасы Н.Ə. Назарбаев айтып көрсеткендей, Қазақстанның болашағы қазақ тілінің дамуына, тағдырына тікелей байланысты. Сондықтан да мемлекеттік тілдің оқытылу жағдайына көп көңіл бөлініп отыр. Осы тұрғыда жаңа технологияларды қазақ тілі мен əдебиеті сабақтарында кеңінен пайдаланамыз.
Соңғы жылдары оқытудың жаңа технологиялары білім беру саласында кеңінен қолданылып келеді. Олардың ішінде отандық əдіскер-ғалымдар жасақтаған «Модульдік оқыту технологиясы» (М. Жанпейісова), «Деңгейлік тапсырмалар» (Ж. Қараев), əсіресе, қазақ тілі мен əдебиеті сабақтарына арналған «Сатылай кешенді талдау» (Н.Оразақынова), т.б. технологиялар қызығушылықты арттырып, оқу үдерістеріне кеңінен енгізілуде. Мұндай əдіс-тəсілдер мен оқытудың жаңа технологиялары туралы арнайы еңбектер мен ғылыми-əдістемелік тұрғыдан баяндайтын құралдар, түрлі курстар мен білім сатысы оқулары арқылы мұғалімдердің əдіскерлік шеберліктерін ұштауларына мүмкіндіктер мол. Сондықтан түпкі нəтижені таңдаудың, оны мақсатқа сай ұйымдастыра білудің маңызы зор. Оқыту əдістерінің кез-келген түрін белсенді əрекетке айналдыру – мұғалімнің əдіскерлік шеберлігі мен шығармашылық ізденісіне байланысты болмақ. Оқыту əрекетінде жеке, топтық, ұжымдық жұмыстарды оқу мазмұны мен мақсатқа сəйкес, үйлесімді түрде жүргізудің қажеттілігі осыдан туындайды.
Бүгінгі оқыту жүйесінде біздің меткебімізде де əртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тəжірибеге еніп,нəтижелер беруде. Мұғалім өзінің əрбір сабақтарында оқытудың тиімді əдіс-тəсілдерін енгізіп жүрсе, білім сапасына елеулі əсер етеді. Кезкелген сабақты қызықты өткізу үшін əрбір ұстаз жаңалыққа ұмтылып, ізденіс үстінде болғаны абзал.
Сабақ барысында бір ғана тəсілмен шектелмей, өз сабақтарымда қазіргі таңдағы инновациялық технологияларды оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты таңдап қолданамын. Мысал үшін, модульдік технология, сын тұрғысынан ойлау, тірексызба, дамыта оқыту, деңгейлеп-саралап оқыту, т.б. оқыту технологияларын атап айтар едім. Мен үшін əрбір сабаққа жаңалықтарды, озық тəжірибелерді пайдалану үлкен жетістіктерге жетелейді. Өзімнің əрбір сабағымда озық технологияларды пайдалану жақсы нəтижелер бергенін көрудемін. Қызығушылықты арттыру арқылы сабақты бастау сол сабақтың аяғына дейін қызық өтуіне себеп. Осы орайдақазақ тілі, əдебиет пəндері бойынша шығармашылық жұмыс түрлерін көбірек ұсыну, ойын түрлерін беру, оны кейін практикалық тұрғыда қолдана білуге үйрету жұмыстары өз нəтижесін беріп келеді.
Əсіресе, оқу сабақтарда модульдік оқыту технологиялары бойынша ұйымдастырылған ойын түрлерін негізгі бөлімде шебер ұйымдастыра білу – оқушыларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа жетелейді.
Жаңа əрі пайдалы ізденістердің бірі қазақ тілі мен əдебиеті сабағында қолданылыпжүрген əдістердің бірі – «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиясы. Бұл технология 18 елдің тəжірибесіне енгізілген. Бұл технология оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады, ойлау белсенділігін, тапқырлығын, өзіне деген сенімділігін, іскерлік дағдысын қалыптастырады. «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы»бойынша сабақ құрылымы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен тұрып, əр кезеңдегі тəрбиелік жəне оқу мақсаттары əр түрлі стратегияларды қолдана отырып, алға мақсат қою, мəселені зерттеу, жауап іздеу, оқушылардың өз ойларын ашық айта білуге тəрбиелейді.Жалпы айтқанда, «Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау» стратегиясы сабақты жоспарлауда өте тиімді. Мұнда оқушының ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады. Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылық қабілетін таныта алады.Бұл жаңашылдық оқушы қабілетін, қызығушылығын арттырады. Қарапайым қарым-қатынас мəдениетіне тəрбиелейді. Оқушы–ізденуші тұлға. Оқушының тілін, ойын дамытып, байланыстырып сөйлеуге машықтандыруда жазу жұмысы басты рөл атқарады. Жазу арқылы оқушы тақырыпты тереңірек түсінеді, қызығушылығы артады, ойын дамытады жəне жазу дағдысын қалыптастырады. Ал жазуға дейін бала мəтінді оқып, тыңдап көңілге тоқып түсінеді. Мəтінді өз бетінше талдай отырып, оның тақырыбы мен мазмұнын игеруде «Түртіп алу стратегиясы», «ДЖИГСО», «ББҮ» əдістерінің маңызы зор. Ой қорыту, жинақтап, бір түйінді пікір жасау үшін «Эссе», «Бес жолды өлең» əдістерін пайдалануда оқушылардың қызығушылығы артып, қисынды ойлап, сабаққа деген белсенділігі де артатындығын байқадым. Адам топ ішінде ғана толығады десек, оқушылардың топтасып жұмыс істеуі өз əсерін береді. Ойды ой жетелейді. Сабақтың байланысып, бір-бірімен сабақтасып жатуына бағдарлама əдістерін пайдалану септігін тигізеді. Қазіргі қолданылып жүрген сын тұрғысынан ойлау бағдарламасын пəн ерекшелігіне қарай қолдана білу, оқыту мақсатына жеткізудің бірден-бір жолы.
Мақсатқа жету оқушылардың өзі арқылы жүзеге асады. Біз оқушыларымыздың таланттарын шыңдай түсуін, шығармашылығын көрсете білуін жəне оны жетілдіре меңгеруін қалаймыз. Ол үшін мектеп, мұғалім оқушының табиғи нышандарының оянуына, оның ақиқатқа айналуына көмектесуі қажет. Осы тұрғыда «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиясын өз уақытында қолға алынған дидактиканың бүгінгі күнгі көкейтесті мəселесін шешуге бағытталған бағдарлама деуге əбден болады.Тіл сабақтарында грамматикалық ойындардың орны ерекше, бұл кезде оқушы сауатты жазуға дағдыланады. Жаңа тақырыпты түсіндіруде, өткенді қайталауда, пысықтау кезінде пайдаланылады. Қандай технология түрлерін алсақ та, оқушыға білім беруде тиімді, төмендегі құзіреттілікті бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастырады. Бұгінгі таңда ҚР білім беру жүйесінде жаңартылған білім беру бағдарламасы енгізіліп, жаңаша білім беру көзделіп отыр. Сондай-ақ, эссе жазуға көбірек көңіл бөлінуде. Бұл баланың пікірін еркін білдіре отырып, өз ойын толық жеткізе білуіне мүмкіндік береді.
Оқушы жүрегіне жол тауып, оның білімге деген құштарлығын арттырып, өзін-өзі тəрбиелеуін ғылыми деңгейде ұйымдастыру үшін, əр оқушының дара ерекшеліктерін ескере, білім алуға қабілетін зерттей отырып, тұлғалық негізінің ашылуына жол ашатын — ұстаз.
Мектептегі білім сапасын көтеретін нақты механизмдер ол – оқыту процесіне жаңа технологияларды кеңінен енгізу. Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, əлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Сондықтан əрбір педагог сапалы білім беру үшін сабақты үнемі қалыптасқан формада өткізуден гөрі, оқытудың жаңа технологиясын, жаңа əдіс-тəсілдерін жəне дəстүрлі емес сабақ түрлерін өткізу тиімді. Бұл бағытта білім берудің əртүрлілігі, нұсқадағы мазмұны, құрылымы ғылымға жəне тəжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сол себепті оқыту үрдісіндегі жаңа əдіс-тəсілдер оқу мазмұны мен оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдап алынудың маңызы зор. Қазіргі таңда оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Сабақта қолданылған жаңа технологиялардың өзі əрбір мұғалімнің шеберлігіне байланысты əрқалай жүзеге асырылатыны сөзсіз.
«Біздің тіл өткірлігімен бой балқытып, тамыр шымырлатып, жан-жүйеңді жадыратып, құлақ құрышын қандырып, ұғымыңа қонымды, жүрегіңе тиімді, қысылтаяң қатал жағдайда қайрап, егеп, «сөз тапқанға қолқа жоқ» дегендей, ерге, елге медет болатын тіл» — деп, батыр атамыз Бауыржан Момышұлы айтқандай, тілімізге деген құрметті жоғалтпай, асыл қазынамызды ғасырлар көкжиегінде тіліміздің рухын асқақтатып, биікке көтеруге міндеттіміз.
Пайдаланылған əдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы 2. «Қазақ тілі» ғылыми-əдістемелік журналы. №3, 2012.
3. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
4. «Қазақ тілі мен əдебиеті орта мектепте» журналы. №1, 2008.
Мұғалім.kz. «Қазақ тілі жəне əдебиеті» журналы. №